Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы қызметінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 31 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының мынадай функциялары айқындалсын:

      1) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып, тауарлар айналымына қатысушылардың тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      3) үшінші тұлғалармен шарттар жасасу, сондай-ақ тауар айналымына қатысушылармен шарттық қатынастар мен есеп айырысуларды шоғырландыру және ТТҚ АЖ-ға, Ұлттық тауарлар каталогына қол жеткізу және тауарларға сәйкестендіру құралдарын қолдану функцияларын еншілес ұйымдарға беру;

      4) ТТҚ АЖ мен Ұлттық тауарлар каталогының жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-техникалық аспектілерін регламенттейтін үлгілік шарттардың, нұсқаулықтардың және өзге де құжаттардың нысандарын бекіту.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады