Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 36 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 4000000000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – GAZPROM Schweiz AG арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына 2020 жыл ішінде жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3987 ресей рублі болып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады