"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 600-9-жолмен толықтырылсын:
"600-9. "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамы";
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 182-жол алып тасталсын;
2) "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 67.2-жол алып тасталсын;
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 198-1.20-жолмен толықтырылсын:
"198-1.20. "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |