"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 93 қаулысына
қосымша

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлану үшін мемлекеттік органдардың өкілдері


Мусин

Бағдат Батырбекұлы


-

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Жұмабеков

Арман Дайырұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы

Ахметов

Ербол Сабыржанұлы


-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Мәдиев

Жасұлан Хасенұлы


-

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады