"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 108 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әсксри нышандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары болып табылады деп белгіленсін:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің эмблемасы;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің туы;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалауы;

      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің эмблемасы;

      5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байрағы;

      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының жалауы (корабльде);

      7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жалауы (корабльде);

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз жалауы.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары бекітілсін.

      3. Мынадай деп белгіленсін:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын жасау, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді;

      2) Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің әскери нышандарын, сондай-ақ оларды жасау, орналастыру (бейнелеу, орнату), пайдалану, жөндеу (қалпына келтіру), ауыстыру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің өтуін ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңімен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі № 3068 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады