"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық- геофафиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына
1) Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 93 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Шәкәрімнің есімі;
2) "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Баубек Бұлқышевтың есімі;
3) Қарқаралы ауданы әкімдігінің "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Рысбала Молдақашеваның есімі берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pecпубликасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |