"Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн бен Талал көшелерінің шаршысында саябақ салу" объектісін салу жөніндегі жұмыстарды сатып алу үшін "Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" акционерлік қоғамының "Астана" филиалын өнім беруші деп айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 138 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн бен Талал көшелерінің шаршысында саябақ салу" объектісін абаттандыру (салу) жөніндегі жұмыстарды сатып алу үшін "Sembol Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан "Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" акционерлік қоғамының "Астана" филиалы өнім беруші болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады