"Қазақстан Республикасының Гавана қаласындағы (Куба Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 162 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Гавана қаласындағы (Куба Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

Қазақстан Республикасының Гавана қаласындағы (Куба Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Гавана қаласындағы (Куба Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады