Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі А. Мамин |
Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей:
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы № Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Ұлттық жобалар тізбесі
1. "Еңбек" нәтижелі еңбекпен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы.
2. "Саламатты ұлт" ұлттық жобасы.
3. "Білімді ұлт" ұлттық жобасы.
4. Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі "Адалдық алаңы" ұлттық жобасы.
5. "Көзі ашық ұлт" ұлттық жобасы.
6. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы.
7. Су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба.
8. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
9. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
10. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
11. "Бәсекеге қабілетті экономика" ұлттық жобасы.
12. "Digital Era Lifestyle (DigitEL)" ұлттық жобасы.
13. Сауданы дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
14. Аумақтық даму жөніндегі ұлттық жоба.
15. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.
16. Ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
17. "Тәуелсіздік ұрпағы" ұлттық жобасы.
18. Геологиялық барлау саласын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
19. Электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
20. Мұнай-газ-химия саласын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.