ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы қаулы:
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 74) тармақшасын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 262-3) және 262-4) тармақшаларын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "жұмылдыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады." деген сөздер "жұмылдыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жобалық басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
"24-1) жобалық басқару;";
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) мұнайдың есептік бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;";
148) және 149) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 262-1), 262-2), 262-3), 262-4), 262-5) және 262-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"262-1) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
262-2) мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту;
262-3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша әзірлеу;
262-4) бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу;
262-5) зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу жөніндегі тәртіпті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
262-6) бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;".
2. Осы қаулының 1-тармағының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын және осы қаулының 1-тармағының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |