"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 283 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 18-тараудың 8-параграфының тақырыбымен толықтырылсын:

      "8-параграф. Қамтамасыз ету ақысы";

      мынадай мазмұндағы 338-5-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "338-5-бап. Қамтамасыз ету ақысы";

      2) 91-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамада айқындалады.";

      3) 136-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облигация – облигацияны шығару талаптарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан облигация және облигацияның номиналды құны бойынша ақшамен немесе өзге де мүлiктiк баламамен сыйақы алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.";

      4) 292-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мiндеттеменi орындау заңнамада немесе шартта көзделген айыпақымен, кепiлмен, борышкердің мүлкiн ұстап қалумен, кепілгерлікпен, кепiлдiкпен, кепiлақымен, кепілдік жарнасымен, қамтамасыз ету ақысымен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.";

      5) 18-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:

      "8-параграф. Қамтамасыз ету ақысы

      338-5-бап. Қамтамасыз ету ақысы

      1. Ақшалай міндеттеме, оның ішінде шарт бұзылған жағдайда зиянды өтеу немесе айыпақымен төлеу міндеті тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің басқа тараптың меншігіне белгілі бір ақша сомасын (қамтамасыз ету ақысын) беруімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      Қамтамасыз ету ақысы болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз етуі мүмкін.

      Шартта көзделген мән-жайлар туындаған кезде қамтамасыз ету ақысының сомасы тиісті міндеттемені орындау есебіне есепке жатқызылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар шартта көзделген мерзімде туындамаған немесе қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтатылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысы қайтарылуға тиіс.

      3. Белгілі бір мән-жайлар туындаған кезде тиісті тараптың қамтамасыз ету ақысын қосымша енгізу немесе ішінара қайтару міндеті шартта көзделуі мүмкін.

      4. Егер заңнамалық актіде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысының сомасына сыйақы (мүдде) есептелмейді.

      5. Егер қамтамасыз ету есебіне меншікке бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары және (немесе) шығу белгілерімен айқындалған заттар берілген жағдайларда да, қамтамасыз ету ақысы туралы қағидалар қолданылады.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 25-тараудың 7-параграфының тақырыбымен толықтырылсын:

      "7-параграф. Репо операциясы";

      мынадай мазмұндағы 500-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "500-1-бап. Репо операциясы";

      2) 25-тарау мынадай мазмұндағы 7-параграфпен толықтырылсын:

      "7-параграф. Репо операциясы

      500-1-бап. Репо операциясы

      1. Репо операциясы – екі бөліктен тұратын шарт, оған сәйкес:

      1) бір тарап (репоны сатушы) шартта белгіленген мерзімде басқа тараптың (репоны сатып алушының) меншігіне бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беруге міндеттенеді, ал репоны сатып алушы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге (репоны ашу) міндеттенеді;

      2) репоны сатып алушы шартта белгіленген мерзімде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын сатушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал репоны сатушы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге (репоны жабу) міндеттенеді.

      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, репоны ашу және репоны жабу мәні болып табылатын бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұқсас (бір шығарылымдағы) болуға тиіс.

      3. Егер бұл репо операцияларының мәніне қайшы келмесе, репо операцияларына сатып алу-сату туралы жалпы ережелер қолданылады.

      4. Репо операцияларын жасау жөніндегі ерекшеліктер және (немесе) шектеулер Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамалық актісінде белгіленуі мүмкін.";

      3) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1),
5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, оның банк шоттарындағы осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасына;

      5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаға;

      5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша банк шоттарындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған ақшаға;";

      4) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, оның банк шоттарындағы осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасына;

      5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаға;

      5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша банк шоттарындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған ақшаға;";

      5) 806-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жеке заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Түрлері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жеке заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.";

      6) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістерді (шығыстарды), сондай-ақ осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.";

      7) 830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мақсаттарда;";

      8) 839-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.

      8. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға болады.";

      9) 841-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

      10) 842-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.

      Сақтанушы-жеке тұлға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шартын қоспағанда, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде ол жасалған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегергендегі алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.

      Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебі бойынша қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегергендегі алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.";

      11) 891-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенiп тапсырылған мүлiкке меншiк құқығының ауысуы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтатпайды.";

      12) 892-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының (мүлік иесінің немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті органның) шоты бойынша көрсетiлуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Меншік құқығының сенiмгерлiкпен басқаруға берілген акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға ауысуы, егер сенімгерлікпен басқару шартында және (немесе) акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды басқаға беру шартында өзгеше көзделмесе, осы бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.

      Бағалы қағаздарға меншік құқығы ауысқан жағдайда акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына қатысты белгіленген осы тараудың талаптары сенімгерлікпен басқарудағы акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жаңа меншік иесіне қолданылады.".

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бас қаржылық келісімінің шеңберінде мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.";

      2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдеріне, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй төлемдеріне, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банк шоттарындағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банк шоттарындағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банк шоттарындағы ақшаға, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің оның банк шоттарындағы ақшасына, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуді, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;";

      2) 15-бапта:

      екінші бөліктің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары белгіленетін банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;";

      үшінші бөліктің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдардың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді;";

      3) мынадай мазмұндағы 69-1-баппен толықтырылсын:

      "69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім

      Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімнің шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттармен талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-1-бапта:

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерінің жойылмауы;";

      9) тармақшада "сақтамау негіздер болып табылады." деген сөздер "сақтамау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) осы Заңда банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарды құруына, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуына қойылатын талаптарды банктің, банк холдингінің сақтамауы;

      11) уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша банктің және (немесе) банк холдингінің шоғырландырылған немесе шоғырландырылмаған негіздердегі залал шеккен қызметі негіздер болып табылады.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін банк ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген өтінішті уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беруге өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкке немесе банк холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті орган:

      1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;

      2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "13-1. Уәкілетті орган:

      еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған;

      банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметі қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу нысанында) немесе таратылу жолымен тоқтатылған;

      банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;

      банкте және (немесе) банк холдингінде ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған;

      осы Заңның 17-1-бабы 18-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес банк холдингінің мәртебесін иеленуге уәкілетті орган берген келісімінің күші жойылған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган берген рұқсаттың осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттармен қоса банктің, банк холдингінің өтінішін уәкілетті орган алған күннен кейінгі не берілген рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді уәкілетті орган анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылған болып саналады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті органның банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімінің күші жойылған күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатының күші жойылды деп саналады.

      13-2. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осындай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      2) 17-1-бапта:

      9-тармақта:

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;";

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалар - ірі қатысушылар және банк холдингтері бойынша – уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы;";

      3) 20-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары банктің басшы қызметкерлері болып танылады.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге басшылары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында атқарушы органның басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға лауазымын атқаруға құқылы емес.";

      3-тармақта:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бапта белгіленген:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;

      және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;

      және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету саласында;

      және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу саласында;

      және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында еңбек өтілі жоқ;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін;";

      4) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резидент болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не соттың қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымын тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резидент болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқару органының мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (банк холдингінің) – заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды).

      Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан не соттың қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгізілгеннен не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгізілгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған, осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында банк, сақтандыру холдингінде қызметтік лауазымдарын атқарудан шеттетілген адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған адам да банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (тағайындала (сайлана) алмайды);";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Банкпен ерекше қатынастармен байланысты болып табылатын және (немесе) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымына келісу туралы өтінішхат берген күннің алдындағы үш жыл бойы сондай болып табылған адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымын атқара алмайды (тағайындала (сайлана) алмайды).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде үш жыл;

      2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл;

      3) банктің атқарушы органының мүшелері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл;

      4) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде бір жыл;

      5) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;

      6) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;

      7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы тармақта көзделген, халықаралық сертификаттау орталықтарының бірінің халықаралық сертификатымен расталған кәсіби біліктілігі бар, тізбесін, сондай-ақ лауазымдар тізбесін уәкілетті орган белгілейтін лауазымдарға кандидаттардың еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер көзделеді.

      Банктің қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік ететін атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың
3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, банктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты жұмыс, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.

      Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын мүшесі осы банктің тәуелсіз директоры лауазымын қатарынан он жылдан аса атқаруға құқылы емес.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басқарушы лауазым деп:

      1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің;

      2) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу қызметтері саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының;

      4) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік ететін өзге басшысының лауазымы түсініледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы емес.

      Банктің басқару органының мүшесі ол сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы.

      Заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде банк холдингі мәртебесін алған тұлғаның басшы қызметкерлері тұлға банк холдингі белгілерін иеленген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталған соң және келісуге арналған құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Банктің атқарушы органының басшысы және мүшелері, бас бухгалтері басқа, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалдарында, сондай-ақ банкке қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын ұйымдарда басшы қызметкер лауазымын атқаруға құқылы емес.

      Егер қаржы ұйымдары бір-біріне қатысты бас немесе еншілес ұйым, сондай-ақ банктің үлестес тұлғасы коммерциялық емес ұйым болып табылса, көрсетілген шектеу қолданылмайды.

      Банктің атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару банктің атқарушы органының мүшесіне күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың банктің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған кезде оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды осы тармақтың оныншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлеріне қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде уәкілетті орган осы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін табыс етілген құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы. Осы мерзім уәжді пайымдау жобасы банкке немесе басшы қызметкерге жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдау қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының) басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Уәкілетті орган келіскен басшы қызметкер лауазымына кандидат банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алған сәттен бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуға (сайлануға) құқылы.

      Банктің уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкері уәкілетті орган осы баптың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайларды қоспағанда, басшы қызметкердің өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы немесе өзге банктегі осындай басшы қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін.

      Егер көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін банк осы басшы қызметкерді тағайындау (сайлау) туралы хабарламаны уәкілетті органға табыс етпесе, банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) бұрын берілген келісім жарамсыз деп саналады.";

      8-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басшы қызметкерлердің және басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері үшін), "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестілеудің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кандидатты басшы қызметкер лауазымына сайлау (тағайындау) тәртібінің бұзылуы;";

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы әрекеттерді жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілуі жөнінде талап қойған қаржы ұйымының қызметкері болып табылатыны жөнінде мәліметтердің болуы. Көрсетілген талап уәкілетті орган оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөнінде шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган банктің басқару органының мүшесін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не оның өкілеттіктерін тоқтатқан немесе келісуге арналған құжаттарды уәкілетті органға осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде табыс етпеген жағдайда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның бас тартуын алғаннан, тиісінше оның өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес мерзімде осы банктің басқару органының мүшесі лауазымына қайтадан, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес тағайындала (сайлана) алады.

      Банк банктің тиісті органының басшы қызметкерлерді тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарды қоса бере отырып басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Басшы қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда банк осындай ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалануы үшін негіз болатын жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган банкке басшы қызметкерге қатысты уәжді пайымдауды пайдалану туралы хабарлама жібереді.

      Өзіне қатысты уәжді пайымдау пайдаланылатын адам уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін өзінің міндеттеріне кірісуге құқылы емес.

      Осы баптың 6-тармағында көзделген мерзім уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:

      1) уәкілетті орган басшы қызметкерді осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы адамды келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті органға қайтадан берілуі мүмкін;

      2) банктің басқару органының мүшесі уәкілетті орган басшы қызметкерді осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін банктің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.";

      11-тармақта:

      бірінші бөлікте 5) тармақшадағы "болу негіздері бойынша кері қайтарып алады." деген сөздер "болу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмауы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кандидатты басшы қызметкер лауазымына сайлау (тағайындау) тәртібін бұзу негіздері бойынша кері қайтарып алады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге бұрын өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырсын:

      "Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған банктің директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктері банк және (немесе) банк холдингі осы бас тартуды алған кезден бастап тоқтатылады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Банк холдингінің басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.";

      4) 24-баптың 1-тармағының г-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:

      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;

      уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;";

      5) 26-бапта:

      2-тармақта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Өтініш беруші уәкілетті органның лицензиясын алғаннан кейін және банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекітуге және уәкілетті органға көрсетілген іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды ол банктік қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде табыс етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясын алғаннан кейін және банк қызметін жүзеге асыра бастағанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын орындауға міндетті. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға көрсетілген іс-шаралардың олар банктік қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орындалғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.";

      6) 29-бапта:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту бөлігінде филиал ережеге толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның немесе соттың банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша
үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті талабы болып табылады.";

      8-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген, банк филиалы үй-жайларының саны азайған немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын көбейту, банк филиалы үй-жайларының санын азайту немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жерін өзгерту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені табыс етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген, оның үй-жайларының саны азайған немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын көбейту, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үй-жайларының санын азайту немесе олардың орналасқан жерінің өзгеруі туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмесі бар шешімді табыс етуге міндетті.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілгені туралы хабардар етуге міндетті. Өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркелуге әкелмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияның өтінішті (электрондық хабарламаны) және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы құжаттарды қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты және өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.";

      7) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы 2), 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларының, 47-1-бабының 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 48-1-бабы 1 және 7-тармақтарының, 59-3-бабы 5 және 7-тармақтарының, 61-6-бабы 3-тармағының, 61-8-бабы 4-тармағының, 61-9-бабы 2 және 3-тармақтарының, 61-10-бабы 1-тармағының, 61-11-бабының 13-тармағы 1) тармақшасының, 61-12-бабы 4-тармағының, 61-13-бабы 2-тармағының, 65-бабы 2-тармағының, 73-бабы 1 және 4-1-тармақтарының және 74-3-бабы 5-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

      Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімнің шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және талаптармен талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес ортақ жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";

      8) 40-2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы қызметкері болып табылған адам ұсынылмайды. Бұл талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.";

      9) 45-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға қадағалап ден қою шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны шеттетуге құқылы.

      Атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны шеттету туралы ақпаратты уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаның атына жібереді.

      Уәкілетті органның атқарушы органның бірінші басшысын немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны шеттету туралы шешімін осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға алған кезден бастап алқалы органның шеттетілген тұлғаның қатысуымен шығарған барлық шешімі жарамсыз деп саналады.";

      10) 46-тармақтың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Осы Заңның 20-бабында және уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңның
20-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган қадағалап ден қоюдың осы шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге қадағалап ден қоюдың осы шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;";

      11) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1),
5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, оның банк шоттарындағы осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасына;

      5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаға;

      5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша банк шоттарындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған ақшаға;";

      12) 61-6-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы шешімінде көрсетілген күннен бастап:

      1) банк пайданы бөлу, дивидендтерді төлеу, ірі қатысушылар және (немесе) банк холдингтері алдында кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау туралы, сондай-ақ жалақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдер қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға құқылы емес;

      2) осы Заңға сәйкес алынған ірі қатысушы және (немесе) банк холдингі мәртебесі жоқ акционерлер банк акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беруге қатысуға құқылы емес. Қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу үшін банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесі бар барлық акционерлер (акционерлердің өкілдері) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан жағдайда кворум сақталған болып табылады.";

      13) 61-13-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мына:

      1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;

      2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күніне дейін бір ай ішінде жасалған;

      3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен және оның мүддесімен банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде жасалған;

      4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банктің орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күніне дейін алты ай ішінде жасалған;

      5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) мынадай жағдайлардың бірінде:

      банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;

      банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күніне дейін бір ай ішінде;

      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде;

      банктің орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туралы білген тұлғамен банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күніне дейін алты ай ішінде тараптарды ауыстыру жүзеге асырылған (универсалды құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.

      6. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тану туралы негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына әкеп соқпайды.

      Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз болып танылған жағдайда, одан мәміленің нәтижелерін немесе жарамсыз деп танылған мәмілелерді алып тастау жолымен айқындалған нетто-міндеттеме (нетто-талап) мәміле тарапының қайта есептеуіне жатады.";

      14) 74-1-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Банктің тарату конкурстық массасына бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және талаптармен банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күніне дейін кредиторға берілген қамтамасыз ету ақысы қосылмайды.";

      15) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;".

      6. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды.

      Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мұндай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында осы мәліметтері берілетін тұлғаның "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана беріледі.".

      7. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 13, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 62, 63, 65, 68, 69, 71, 72, 73, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 18, 18-1, 19, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 54-1, 55-2, 56, 72-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.";

      2) 3-бапта:

      1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) актуарийдің кәсіби пайымы – актуарийдің кәсіби дайындығына, біліміне және актуарлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген оның пайымы;

      1-3) актуарийлер бірлестігі – актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;";

      мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-4) андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;";

      18-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы – қатысушылары арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде сақтандырудың жекелеген сыныбы, түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, оның ішінде қолданыс мерзімдері өткен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылар (сақтандырылғандар, пайда алушылар, қайта сақтандырылғандар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша жиынтық міндеттемелері;";

      29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда). Ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларына:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;

      дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.";

      3) 5-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға мынадай жағдайларда:

      1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде осы тұлғалардың уақытша болған кезеңіне ғана;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігінің (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиацияның көрсетілетін қызметтеріне, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосудың және оның фрахтының көрсетілетін қызметтеріне және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;

      3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде жол беріледі.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      4) 6-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды:

      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмiрдi сақтандыруды;

      2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыруды;

      3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмiрдi сақтандыруды;

      4) зейнеткерлік аннуитеттік сақтандыруды қамтиды.";

      3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.

      Жүктелген сақтандыру осы Заңның 6-бабының 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылмайды.

      Жүктелген сақтандырудың үлгілік шарттарына қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды уәкілетті органмен келісім бойынша жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.

      Тараптардың келісімі бойынша үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін.";

      5) 7-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өмiрдi сақтандыру Заңның осы бабының 2-3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

      2. Аннуитеттiк сақтандыру Заңның осы бабының 2-4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрiнде шартта белгіленген мерзім ішінде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-3. Өмірді мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бойынша еңбек қабілетін жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.

      2-4. Зейнеткерлік аннуитеттік сақтандыру "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ауыруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, жазатайым жағдайдан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығын білдіреді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ауырған жағдайда сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын, оның ішінде ауыруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан орын алған қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығын білдіреді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның
6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, залалды өтеуге міндетті сақтанушы барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы – заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға зиян келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.";

      6) 8-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, "өмірді сақтандыру" саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктіріле алмайды.";

      7) 9-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы "жалпы сақтандыру" саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қайта сақтандыру ұйымын қайта сақтандыруға тікелей немесе:

      1) сақтандыру брокерінің;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымын қайта сақтандыруға тікелей немесе:

      1) сақтандыру брокерінің;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы) уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымдарына осы тәуекелдерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің орналастыру талаптары туралы есепті Ұлттық Банкке табыс етеді.

      Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының осы бейрезидент-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке табыс етеді.

      Сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру уәкілетті орган мен қаржылық қызметтерді және "Астана" халықаралық қаржы орталығында оларға байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде жүзеге асырылады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру тәуекелдерін екі және одан көп "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылар болып табылатын сақтандыру брокері не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері қатысқан кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруге тыйым салынады.";

      8) 10-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын білуге емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтиханның тапсырылғанын растайтын құжатты беру;";

      9) 11-бапта:

      2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

      Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      10) 11-1-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерінің және (немесе) оның басшы қызметкерінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.";

      6-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болмауға;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, уәкілетті органның актуарлық қызметке арналған қолданыстағы лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.";

      11) 12-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде өзі дербес басқаруға және (немесе) оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.

      Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді меншікті қаражаттары және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.

      Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарты бойынша оны (оларды) инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.";

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Сақтандыру ұйымының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда да тыйым салуға немесе оларды өндіріп алуға жол берілмейді.

      5-2. Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптармен, әдістеме бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      5-3. Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоса алғанда, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      12) 13-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің атауы;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) қоса сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттіктерді қоса алғанда, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктері;

      6-2) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары арасында қоса сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сондай-ақ жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақылары бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін талаптары бірлескен қызмет туралы шартта белгіленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокерінің арасында келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.

      Сақтандыру брокерінің қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасу кезінде сақтандыру брокері осы бапта белгіленген жетекші сақтандыру ұйымының функцияларын жүзеге асырады.";

      13) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-2-бап. Сақтандыру шартын жасасу және электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, сақтандыру шарттары дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы электрондық нысанда жасалуы мүмкін және олар бойынша сақтандыру жағдайлары реттелуі мүмкін.

      2. Сақтандыру ұйымы және дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйым арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын және (немесе) ақпараттық жүйесін дерекқормен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу сақтандыру ұйымының және тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары арқылы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      3. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      4. Сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып жасалған кезде сақтандыру ұйымы:

      1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептері көрсетіле отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының жасалған сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру жағдайы бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының және сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың электрондық нысанда сақталуын;

      6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      сақтандыру шартын жасасу және өзгерту;

      сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу;

      осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сақтандыру омбудсманына келіспеушіліктердің бар екендігі туралы ақпарат жіберу үшін сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жіберіледі;

      7) дербес деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалған кезде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасасты деп есептеледі.

      6. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалған кезде, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарымен не сақтандырушының сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, сол арқылы ол сақтандыру шартын өзіне ұсынылған талаптармен жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      7. Міндетті сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру агенттерінің қызметіне жол берілмейді.";

      14) 16-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына сақтанушыларды хабардар ету бойынша қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың), сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген тұлғалардың назарына өз қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсы болуға тиіс.";

      2-тармақ 14) тармақшасындағы "ақпарат орналастырылады." деген сөздер "ақпарат;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) сақтандыру агенттерінің сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері туралы сақтандыру ұйымы бекіткен ақпарат орналастырылады.";

      2-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";

      15) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру брокерінің қызметі айрықша қызмет түрі болып табылады және уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

      Сақтандыру брокеріне:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқаруға байланысты қызметті қоспағанда, сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару жөніндегі қызметтер көрсетуді қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері не "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде қайта сақтандыруға тәуекелдерді беруге;

      4) қызметкерлер мен үлестес тұлғаларға бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге;

      5) сақтандыру брокерінің қызметкерлеріне айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек беруге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Сақтандыру брокерінің осы баптың 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруына комиссиялық сыйақы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар төлеуге тиіс.";

      16) 18-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентін қоспағанда, сақтандыру агенті объектісі сақтандыру агентінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер болып табылатын үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты болмай сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      Сақтандыру агентінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың көрсетілген шарты сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға осы сақтандыру агентімен қолданыстағы тапсырма шарты жоқ сақтандыру ұйымымен жасалуға тиіс.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметті бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Сақтандыру агенттерінің мынадай:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру;

      ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтанушылары болып табылатын сақтандыру;

      мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылары болып табылатын сақтандыру;

      "Туристі міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын туристі міндетті сақтандыру;

      Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент-заңды тұлғалары сақтанушылар болып табылатын міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      17) 18-1-бапта:

      1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бұрын уәкілетті органның лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап уәкілетті орган лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі себепті сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, бұрын сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті - заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап сақтандыру брокерінің, сақтандыру агенті - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл бойы қолданылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру агенті оны сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізгеннен кейін үш жылда кемінде бір рет сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігі ұйымдастыратын кәсіби қайта даярлаудан өтеді.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оқытуды ұйымдастыруды оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      5-тармақта:

      бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сақтандыру агентінің соңғы он екі ай ішінде он екіден аспайтын сақтандыру шарты не сақтандыру сыйлықақыларының айлық есептік көрсеткіштің екі жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомасына сақтандыру шартын (шарттарын) жасасуы негіз болып табылады.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда:

      жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентіне ол шығарылған кезден бастап екі жыл бойы;

      заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің қызметкеріне ол шығарылған кезден бастап екі жыл бойы;

      заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентіне ол шығарылған кезден бастап бір жыл бойы қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      18) 18-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;";

      19) 19-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және толықтығына жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Актуарий өзінің кәсіби пайымы негізінде актуарлық есеп айырысулар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.

      4-2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде пайдаланылатын статистикалық деректердің толықтығын және дұрыстығын тексереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығының және төлем қабілетілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне дереу хабарлауға мiндеттi.";

      20) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасында акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мынадай:

      аудиторлық ұйымның, ішкі аудит қызметінің және актуарийдiң аудиторлық есебiнiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабiлеттілігi жөнiндегi заңнама талаптарының бұзылуы;

      актуарийді тағайындау және өкілеттіктерін тоқтату, сондай-ақ актуарийдің лауазымдық жалақысының мөлшерін және сыйақы төлеу талаптарын айқындау мәселелерін қарауға құзыреттi.";

      21) 26-1-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезиденттері-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезиденттері-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;";

      22) 32-баптың 6-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және (немесе) иемдену болжанып отырған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері болып табылмайтын еншілес ұйымының қаржылық орнықтылығын және төлем жасау қабілетін жақсарту бойынша қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;";

      23) 34-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының кем дегенде бір мүшесінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың міндетті бағдарламасының ең қысқа курсының кемінде 50 (елу) пайызынан тыңдағандығы туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.

      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен, не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;";

      8-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген іс-әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган кандидаттың іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган қаржы ұйымының іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган кандидаттың іс-әрекеттері нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не онымен еңбек шартын бұзған, не оның өкілеттіктерін тоқтатқан, не оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, сақтандыру брокеріндегі өзге де лауазымға ауыстырған жағдайда, осы адам осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына уәкілетті органның тиісінше өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуын алғаннан, оның өкілеттіктері тоқтатылғаннан, өзге де лауазымға ауыстырылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;

      3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының
11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;

      4) сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;

      6) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманы белгілеген мерзімде оның шешімін соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамау;

      7) дерекқорға ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық емес және (немесе) уақтылы ұсынбау негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.";

      24) 37-бапта:

      2-тармақта:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бизнес-жоспар сақтандырудың (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша) қосымша сыныбы (сыныптары) ескеріле отырып жасалады және ол:

      1) егер сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш жасаған күніне осы Заңның 27-бабына сәйкес бұрын ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім аяқталғанға дейін екі жылдан аз қалған жағдайда – "жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға;

      2) егер сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім аяқталғанға дейін екі жылдан кешіктірмей өтініш жасаған жағдайда –осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім аяқталғанға дейінгі кезеңге әзірленуге тиіс.

      Осы Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша бизнес-жоспарда мынадай ақпаратты:

      1) мыналардың:

      сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сақтандыру тарифтерінің экономикалық негіздемесі бар есептеуі (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);

      3) пайда, зиян туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандыру қызметі бойынша);

      4) сақтандыру резервтері туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандырудың қосымша сыныбы және сақтандыру портфелі бойынша);

      5) шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);

      6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);

      7) инвестициялық саясат (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша) қамтылуға тиіс.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың тұрған жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастаған кезде лицензия шешім қабылданған күннен бастап бір жүз сексен күн ішінде қайта ресімделуге тиіс.

      5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы баптың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.

      Сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, сақтандыру портфелін басқа да сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;

      2) сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандыру портфелін басқа да сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын осы Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға;

      3) басқа да сақтандыру ұйымында (ұйымдарында) сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға заңнамалық шектеулер болған кезде сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

      "5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте осы баптың 5-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;      

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесін;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақтың талаптары:

      1) уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген жағдайларға қолданылмайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының филиалына қатысты осы баптың 5, 5-1, 5-2 және 6-тармақтарында көзделген шешімдерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқару органы қабылдайды.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарийлік қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;";

      7-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына берілген бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің қолданысын тоқтата тұрады не тоқтатады.";

      8-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар:

      1) өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

      3) сақтандыру брокерінің қатысушылары жалпы жиналысының не акционерлері жалпы жиналысының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің басқару органының) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.

      Осы тармақтың талаптары:

      1) уәкілетті орган брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензия қайта ресімделген жағдайларға қолданылмайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, сақтандыру брокері тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті органның сақтандыру брокерін брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:

      "14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру портфелі болмаған кезде ғана жүргізіледі.

      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтарғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      25) 37-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-1-бап. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру портфелін беру

      1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) міндетті түрде хабарлай отырып, сақтандыру портфелін басқа да сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;

      2) сақтандырудың өзге де сыныптары бойынша сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандыру портфелін басқа да сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін Заңның осы бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға міндетті.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде (қайта сақтандыру ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде) қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа да қайта сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) сақтандыру портфелін беруді қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана ол туралы қайта сақтанушыға (цедентке) міндетті түрде хабарлай отырып, беруге міндетті.

      3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдаған кезде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында алдағы сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Хабарландыруда қарсылықтарды беру тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын мерзімі және сақтанушылар (қайта сақтанушылар) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

      Сақтанушының (қайта сақтанушының) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін осы баптың
1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша беруге келісімі ретінде қарастырылады.

      5. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын филиалына қолданылады.";

      26) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:

      "38-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгертуге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының) акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берген кезде ол ұсынған бизнес-жоспардың мерзімі мен орындалуы аяқталғаннан кейін жол беріледі.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының) акционерлері жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және сақтандыру саласын өзгерту туралы шешімі (мұндай шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);

      2) іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін және осы баптың 3-тармағында көзделген рәсімдер бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, өтінішхат ұсынылады.

      3. Сақтандыру саласын өзгерту мынадай:

      1) осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен қоса атқаруға жатпайтын сақтандыру сыныптары және қызмет түрлері бойынша сақтандыру портфелін беру не осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын мерзімінен бұрын бұзу;

      2) осы Заңның 31-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына не осы Заңның 30-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеге өзгерістер енгізу;

      3) сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтінішті және осы Заңның 37-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсыну рәсімдері сақтала отырып жүзеге асырылады.

      4. Уәкілетті орган сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

      5. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шараларды өткізу кезеңі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру саласын өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-шараларды сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде өзіне байланысты емес себептермен орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңіне қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгертілуін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес қоса атқаруға жатпайтын сақтандырудың сыныптары мен түрлері бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 37-1, 72-1-баптарында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін бергенге дейін не оларды мерзімінен бұрын бұзғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен қоса атқаруға жататын сақтандырудың сыныптары мен қызмет түрлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын міндеттемелерді орындағанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген кезде осы Заңның 26, 32 және 34-баптарында көзделген келісімдерді және (немесе) рұқсаттарды алу осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгергенге дейін тиісті келісімдері және (немесе) рұқсаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін талап етілмейді.

      9. Мынадай:

      1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;

      2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы белгіленген пруденциялық нормативтерді және осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінішхат берілгенге дейінгі алты ай кезеңіне сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оны қарау және іс-шараларды іске асыру кезеңіне сақтамаған;

      5) осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес алынатын сақтандыру сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін ескере отырып пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжанған;

      6) осы Заңның 53-3 және 53-4-баптарында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және осы Заңның 53-5-бабына сәйкес санкциялар болған;

      7) сақтандыру саласының өзгеруі нәтижесінде сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда, сақтандыру саласын өзгертуге жол берілмейді.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия берілген кезден бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын (бар болса) уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      11. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шараларды осы баптың
6-тармағына сәйкес оны ұзарту мерзімдерін ескере отырып орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.";

      27) 43-бапта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерін, сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру топтарын тексерудi жүргізеді;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін айқындайды;";

      41) тармақша алып тасталсын;

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3) және 46-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "46-1) жүктелген сақтандырудың типтік шарттарына қойылатын ең төмен талаптарды айқындайды;

      "46-2) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;

      46-3) сақтандыру омбудсманы лауазымына сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сайлайды;

      46-4) өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш немесе одан көп рет) бұзған жағдайда сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;";

      28) 46-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлеуге мынадай:

      1) егер осындай төлеу:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативтің бұзылуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал еткен фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келген;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған болса, сондай-ақ осы баптың 4-тармағына сәйкес шаралар қабылданбаған;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарының орындалмауына ықпал еткен фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы баптың талаптары акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға етіп ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензияны ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға етіп ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензияны ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттар болған жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.";

      12-тармақтың он үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.";

      29) 48-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) түрінде жасалуы мүмкін.

      Осы Заңның 53-3-бабының 1-тармағы 2), 4), 7), 8) тармақшаларының, 53-4-бабының 2-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының, 53-5-бабының 1-тармағының, 54-1-бабының 5-тармағының, 55-бабының 3-тармағының, 55-1-бабының 1-тармағының, 55-4-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының және 2-тармағы 7) тармақшасының, 69-бабының 2-тармағының және 71-бабы 2-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

      Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды және (немесе) тарату неттингін есепке жатқызуды бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және талаптармен жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды және (немесе) тарату неттингін есепке жатқызу нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.";

      30) 52-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;";

      31) мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:

      "52-4-бап. Сақтандыру шартын жасау кезінде, сақтандырып қорғаудың қолданысы және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңіне терiс пиғылға тыйым салу

      1. Сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырып қорғаудың қолданысы және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңіне сақтандыру шарты тараптарының анық емес ақпарат беруіне және сақтандыру шартының маңызды талаптарының орындалуына әсер ететін ақпаратты жасыруына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырып қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде:

      1) сақтандыру шартын жасау кезінде оның маңызды талаптарына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау;

      2) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырылған мүліктің сақтандыру құнын негізсіз асырып көрсету;

      3) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайлары туралы ақпаратты жасыру және бұрмалау;

      4) оқиғаға қандай да бір жолмен сақтандыру жағдайының көрінісін беру;

      5) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандыру шартын жасасу;

      6) сақтандыру шартында сақтандыру агенті және оның сыйақысы туралы ақпаратты бұрмалау;

      7) сақтандыру төлемдерінің мөлшері нақты шығын мөлшерінен асып кеткен жағдайда сол бір сақтандырылған мүлік үшін бірнеше сақтандырушыға сақтандыру төлемін алуға өтініш жасау терiс пиғылдың белгілері болып табылады.

      3. Сақтандырушы осы баптың 2-тармағында белгіленген теріс пиғылдың белгілерін анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемінің мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

      Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

      Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден дәлелді бас тартуды жіберуге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемінің мерзімінен асқан әрбір күн үшін Ұлттық Банктің сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне қарай есептелетін тұрақсыздық айыбын ескере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

      4. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не уәкілетті орган сақтандырушы тарапынан теріс пиғыл фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандырушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабында көзделген шараларды қолданады.";

      32) 53-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге қадағалап ден қою шараларын қолданады.";

      2-тармақта:

      2), 3), 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына әкелуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;

      4) басшы қызметкердің, лауазымды тұлғаның (басшы қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың) әрекеттері (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және (немесе) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) залал келтіргенін білдіреді деп тану үшін жеткілікті деректер;";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің тексеру жүргізуге белгіленген мерзімдерде оны жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына ықпал ететін кемшіліктерді осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;";

      мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу;

      12) сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесінде белгіленген мерзімде, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеудің уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімдерде төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі;

      13) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы;

      14) дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық және (немесе) уақтылы орындамау;

      15) осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардағы іс-шараларды орындамау немесе уақтылы орындамау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жоймау;

      16) осы Заңның 38-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспардағы іс-шараларды орындамау немесе уақтылы орындамау.";

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде анықталған бұзушылықтарды, тәуекелдерді және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, осындай шаралардың тиімділігі және (немесе) оларды қабылдауға әзірлігі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.";

      33) 53-2-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген органдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның назарына осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) жеткізе отырып, хабарлау;";

      34) 53-3-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бірмезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алады;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) бірмезгілде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, басшы қызметкерді қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым басшы қызметкерді уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін осы басшы қызметкерді қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және (немесе) жағдайларды жою;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі, немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, немесе сақтандыру брокері, немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі, немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, немесе сақтандыру брокері, немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.";

      35) 53-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға:

      1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында, 46-бабының 4-тармағында көзделген;

      2) егер қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;

      3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.";

      36) 53-5-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

      1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгiленген негiздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;

      2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) сақтандыру ұйымына қатысты санкциялар қолдану нәтижесінде теріс әлеуметтік салдарлардың туындауы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы.";

      37) 54-бапта:

      1-тармақта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге де сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы – жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру холдингі, жеке тұлға – ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;";

      2-3) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      13) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде болуы көзделген, сақтандыру ұйымдарын таратқан жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;

      13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған;";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданысы сақтандырудың барлық сыныптары және (немесе) қызметтің барлық түрлері бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары және (немесе) қызметтің түрі бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      1-2-тармақта:

      тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:     

      "3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабының 7-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес қойған талаптарын орындамауы;";

      38) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған жағдайда сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған жағдайда лицензиядан айырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға тиіс.

      Уақытша әкімшіліктің өтінішхаты бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өзінің шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.

      Егер "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бір де біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (қайта сақтандыру) бір де біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемеген жағдайда, сақтандыру портфелін мемлекеттің қатысуымен "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жүзеге асырылады.

      2. Сақтандыру портфелін беру сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінсіз жүзеге асырылады.

      3. Сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдарын тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есебінен жүзеге асырылады.

      4. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (ұйымдарын) таңдау туралы қабылданған шешімді осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға келісуге жібереді, сондай-ақ осындай беру аяқталған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелін берудің аяқталғандығы туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің осы шешімін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болмауы, оның ішінде оны қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындамауы уәкілетті органның уақытша әкімшілік қабылдаған шешімді келісуден бас тартуына негіз болып табылады.

      5. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған жағдайда сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      7. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын филиалына қолданылады.";

      39) 55-бапта:

      1-тармақта:

      2), 4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша, сол сияқты сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызметтің түрі бойынша лицензиясынан айырылуы мүмкін.";

      1-2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 1-тармағының 1), 2-1), 2-2), 2-3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;";

      "5) осы Заңның 72-1-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";

      мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

      "1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылуы мүмкін. Сақтандыру портфелі болмаған жағдайда осындай лицензияны ерікті түрде қайтару жүзеге асырылады.";

      40) 55-1-бап алып тасталсын;

      41) 55-2-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері міндетті түрде қосылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.";

      42) 55-3, 55-4, 55-5 және 55-6-баптар алып тасталсын;

      43) 56-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда:

      1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен береді;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;

      3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) кепілдікті төлемдерді жүзеге асыруы туралы хабарландыруды жариялайды. Кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы осы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.

      Уәкілетті орган сақтандыру портфелі берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.";

      44) 60-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) актуарийдің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап соңғы он екі айдың ішінде актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын қайталап бұзған;

      2-2) актуарийдің сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамауына әкеп соққан Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуы;

      2-3) көрінеу жалған актуарлық қорытынды берілген;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      45) 61-бап алып тасталсын;

      46) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізуге рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысында оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған жағдайда, сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қолданыстағы шарттарының мерзімін ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершілік көлемінің ұлғаюын көздейтін олардың өзгертілуін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде осы Заңның 37-бабы
2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды уәкілетті орган мақұлдағанға дейін қолданылады.";

      47) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ерекшеліктері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін уәкілетті органға жіберуге міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешімі сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қолданыстағы шарттарының мерзімін ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершілік көлемінің ұлғаюын көздейтін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап тыйым салуға әкеп соғады, ол уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;

      2) сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруге міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы бұрын қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және
3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тыйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды уәкілетті орган мақұлдағанға дейін қолданылады.

      3. Ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      6. Уәкілетті органның ерікті түрде таратуға рұқсаты алынғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.";

      48) 69-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелерін уәкілетті орган:

      уәкілетті орган қызметкерлерінің;

      2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда      сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым қызметкерлерінің;

      3) оның акционерлерінің (жалғыз акционерінің) немесе олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалардың арасынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен тағайындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күннен бастап:

      1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлерінің (жалғыз акционері) немесе олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалардың арасынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуларды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе олар уәкілеттік берген тұлғалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқығы жоқ;

      2) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым жүргізетін "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттың шешімдерін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестициялауға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;

      6) басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот уәкілетті органды және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға осындай шешімнің көшірмесін жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:

      "3-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдіктер берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының қолданысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.";

      49) 69-1-бап алып тасталсын;

      50) 70-бапта:

      1-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі лицензиядан айырылғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілесін мынадай негіздер:";

      мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. Осы баптың 1-1-тармағының талаптары мынадай:

      1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;

      2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;

      3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күніне дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне жасалған;

      4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күніне дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;

      5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) мынадай:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күнге дейін бір ай ішінде;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күніне дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жасалған;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күніне дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен мәміле жасалған жағдайлардың бірінде тараптардың ауысуы жүзеге асырылған (әмбебап құқықтық мирасқорлық нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қолданылмайды.

      1-3. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыздығы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тану үшін негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соқпайды.

      Нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындағаннан кейін бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы қайта есептеуге тиіс.";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тізілімін уәкілетті орган бекітеді.

      3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкілетті органға істелген жұмыс туралы есептерді және оның жазбаша сұрау салуы бойынша өз қызметі туралы қосымша мәліметтер мен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректерді табыс етуге міндетті.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.

      Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының конкурстық (тарату) массасына қосылмайды.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      51) 72-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) алтыншы кезекте, кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен басқа сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;".

      52) 72-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы шешімінің не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының осындай рұқсаттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы:

      1) осындай шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы хаттаманы жасаған және оған қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының шешімін не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының осындай рұқсаттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін қоса бере отырып уәкілетті органға жіберуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органға хабарлаған күннен бастап қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және оған сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін өзгерісті қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға тыйым салуға алып келеді, ол уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартылғанға дейін қолданылады;

      2) сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (ұйымдарының) басқа филиалына (филиалдарына) беруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсат беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтандыру портфелін осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен бергеннен кейін, сондай-ақ барлық міндеттемелерді өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы хаттама жасап, оған қол қойған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға беруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген тыйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды уәкілетті орган мақұлдағанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан және лицензияны уәкілетті органға қайтарғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайтарылады.

      Қызметті ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтатуды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе олар (ол) уәкілеттік берген адамдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздер:

      1) осы Заңның 68-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін болжамды ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерін бұзу;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаражатының жеткіліксіздігі бойынша жүргізеді.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айыруына байланысты, оның ішінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.

      Сот Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін уәкілетті органның оны лицензиясынан айыруына байланысты емес негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату кезінде, уәкілетті орган сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған осындай шешімнің көшірмесін жібереді.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айырған күннен бастап уәкілетті орган осы Заңның 55-2-бабында белгіленген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімшілікті тағайындайды және осы баптың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңның 54-1-бабында көзделген тәртіппен және мерзімде сақтандыру портфелін береді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мерзімінен бұрын қолданысын тоқтатады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банк шоттарындағы ақша есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банк шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған кезде, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін аяқтағаннан және сақтандыру шарттары бұзылғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттіктерін тоқтатады және сақтандыру портфелін беруге және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты құжаттарды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) органына және (немесе) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлеріне береді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары филиалдың қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесін, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қанағаттандыруды қоса алғанда, аяқтауға міндетті.

      Уәкілетті орган мен резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.";

      53) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-бап. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесіндегі бақылау өкілеттіктері

      1. Мәжбүрлеп, оның ішінде банкроттық негіз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

      1) тарату комиссиясынан істелген жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған кезде, қосымша ақпаратты да алуға;

      2) тарату комиссиясының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімдерін және кезеңділігін белгілеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметін тексеруді жүргізуге;

      4) тарату комиссиясының қызметінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайды туындатуы мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық анықталған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиясы орындауға міндетті жазбаша ұйғарымдар шығаруға құқылы.

      Жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;

      5) тарату комиссиясы белгіленген мерзімде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;

      6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу қағидаларын орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.

      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      54) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.

      Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.";

      55) 79-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      Ұйым осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің негізінде дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

      Ұйым дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және бекітеді.

      Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:

      "1-4.      Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған мәселелерден басқа ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне мына:

      1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуге жататын жарналар мөлшерлемесін бекіту;

      2) алдағы күнтізбелік жылға арналған дерекқорды дамыту жоспарын бекіту мәселелері жатады.";

      6-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) өзінің интернет-ресурсында сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етпей, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпарат жариялауды қамтамасыз етуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жаңа сақтандыру шарттарын жасаспау мақсатында осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың дерекқорға қол жеткізуін осындай қол жеткізуді шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге шектеуге;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандыру шарттары бойынша ақпараттың, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты түрде қолжетімділік беруге;";

      8) тармақшада "сақтауға міндетті." деген сөздер "сақтауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Ұйым орналасқан елді мекеннің шекарасынан тыс орналасқан бірыңғай сақтандыру дерекқорының субъектілері туралы ақпараттың көшірмелерін сақтау үшін резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      7-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты сақтау үшін сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысанда жүргізу;

      7) электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыру болып табылады;";

      56) 80-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі – қосарлы сақтандыру, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді қамтитын сақтандыру есебі;

      2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі;

      3) жиынтық сақтандыру есебі – сандық түрдегі, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де өлшемдері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын сақтандыру есебі.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарт негізінде сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;

      1-2) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;";

      4-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;

      3-2) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген өзге де тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алуға құқылы;

      2) осы баптың 4-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) шеңберінде ғана алуға құқылы;

      3) осы баптың 4-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ғана алуға құқылы;

      4) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы шектеулі және стандартты қолжетімділігі бар сақтандыру есебін алуға құқылы, сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талабын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі есепті алуға құқылы, пайда алушы жәбірленушінің өз құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі есепті алуға құқылы;

      5) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;

      6) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін алуға құқылы.

      Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 3), 3-1), 3-2), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.";

      57) 81-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде сақтандыру шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сақтандыру шартының мерзімінен бұрын бұзылуы, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) туралы, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беруші осы Заңда, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпарат береді.

      1-2. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңда, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақпарат береді.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

      3. Осы баптың 1, 1-1), 1-2) және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.";

      58) 86-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру омбудсманын уәкілетті орган үш жыл мерзімге сайлайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды уәкілетті орган, оның ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің өтінішхаты бойынша жүзеге асырады.";

      59) 87-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сақтандыру омбудсманы лауазымына кемінде үш кандидат бар кандидаттардың тізімін бекіту;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті орган бекіткен сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесінің, сақтандыру омбудсманының кеңсесіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінің негізінде жылдық бюджетті, сақтандыру омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы есепті бекіту және міндетті жылдық жарнаның мөлшерін айқындау;";

      60) 88-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоғары заңгерлік білімі бар;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын сақтандыру ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында кез келген лауазымды атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.";

      61) 90-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 87-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.";

      62) 91-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган бекіткен сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі және сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының жарналары есебінен қаржыландырылады. Сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру омбудсманының кеңсесіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Міндетті жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда сақтандыру омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      5. Сақтандыру омбудсманының кеңсесі өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің өтініштерімен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және өзге де қызметтерді (мамандарды) қамтуға тиіс.".

      8. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Даму Банкінің қатысуымен бас қаржылық келісім

      Даму Банкінің қатысуымен бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімнің шеңберінде мәміле (мәмілелер) бойынша бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.".

      9. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) акцияларды бөлшектеу – акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын санын ұлғайту;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) тәуелсіз директор – аталған акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары – ұйымның лауазымды адамдарына бағынышты емес және оны директорлар кеңесіне сайлау алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін директорлар кеңесінің мүшесі;";

      2) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға жататын хаттамамен (шешімімен) ресімделеді.";

      3) 13-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамның орналастырылған артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.";

      4-тармақ 1) тармақшасының бесінші бөлігінде "артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады." деген сөздер "артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау;" деген сөздерге ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "артықшылықты акцияларды бөлшектеу туралы мәселелер жатады.";

      4) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мына:

      талапты ұсыну күні қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;

      соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылатын (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);

      орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің өткен кезеңдеріне қатысты (акционер өтініш жасаған күнге дейін үш жылдан астам);

      орындалуы тұлғаның қоғамның акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің өткен кезеңдеріне (тұлға қоғам акцияларын сатып алғанға дейін он екі айдан астам) қатысты ақпаратты (бұл норма қоғамға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан ерте емес қоғамның акционерлері болған адамдарға қолданылады) қоспағанда, қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;";

      5) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге қолданылмайды.";

      6) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызы жиынтығында тиесілі болған тұлға және оның үлестес тұлғалары туралы және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларға сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:

      мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы алты айдағы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа алынған бағасы, нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) тиесілі болды;

      не нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) тиесілі болған мәміле бойынша акциялардың бағасы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:

      бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған акциялардың нарықтық бағасы;

      не нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) тиесілі болған мәміле бойынша акциялардың бағасы пайдаланылады.";

      7) 25-1-бапта:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына алынған талап туралы хабарлайды (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда).

      3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.

      Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлердің талап етуі бойынша оларды акцияларды сату бағасын айқындауды растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.

      Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына осы акцияларға құқық кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату бойынша мәмілелерді, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау бойынша операцияларды қоспағанда, тыйым салынады.

      4. Акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:

      мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы алты айдағы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа алынған бағасы, нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан да көп пайызы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға тиесілі болды;

      не нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан да көп пайызы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға тиесілі болған мәміле бойынша акциялардың бағасы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:

      бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған акциялардың нарықтық бағасы;

      не нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан да көп пайызы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға тиесілі болған мәміле бойынша акциялардың бағасы ретінде айқындалады.";

      5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті.

      Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жаңартылған деректемелері бар осы акционерлердің банк шоттарына аударылады.";

      8) 27-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшасында "берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс" деген сөздер "берсе);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) акционерлердің жалпы жиналысы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде қоғам ұйымдастырылмаған нарықта оларды сатып алған кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талап етуі бойынша жүргізуге тиіс.

      Осы тармақтың 4) тармақшасы акциялардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қолданылмайды.";

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер қоғам ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оларды сатып алған кезде жалпы жиналыс осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған әдістеменің редакциясына сәйкес өзіне тиесілі акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.";

      9) мынадай мазмұндағы 30-2-баппен толықтырылсын:

      "30-2-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларын бөлшектеу

      1. Қоғам акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғам акцияларын бөлшектеуге құқылы.

      Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне әкелмейді.

      2. Қоғам акционерлерi жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешiмiнде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) бөлшектелуге тиіс акциялардың түрі;

      2) бөлшектеу коэффициенті;

      3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;

      4) өзге де мәліметтер.

      Жай акциялар бөлшектелген жағдайда қоғам бөлшектеуді қоғамның артықшылықты акцияларының сондай коэффициенті бойынша жүргізуге міндетті. Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда қоғам бөлшектеуді қоғамның жай акцияларының сондай коэффициенті бойынша жүргізуге міндетті.

      3. Акцияларды бөлшектеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.";

      10) 35-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;";

      11) 36-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-4) орналастырылған акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеудің талаптарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;";

      12) 40-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоғам акционерлері акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан қатысуға құқылы.";

      13) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысанын айқындау;";

      14) 80-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамның өз қызметіне қатысты құжаттарды қоғам өзі қызмет еткен бүкіл мерзім ішінде электрондық нысанда және (немесе) қағаз тасымалдағышта қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған осы баптың
1, 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қоғам осы баптың 3-тармағында көрсетілген акционердің талап етуі қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мына талаптардың кемінде біреуі болса, құжаттардың көшірмесін ұсынудан бас тартуға құқылы:

      1) акционер талап қойған күні сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамада көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;

      2) акционердің оны беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, құжат үш жыл ішінде қайта сұратылған;

      3) орындалуы акционердің талап етумен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің өткен кезеңдеріне (талап етумен жүгінген күніне дейін үш жылдан астам) жатқан;

      4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, құжат қоғам қызметінің өткен кезеңдеріне (тұлғаның қоғам акцияларын сатып алған күніне дейін он екі айдан астам) жатқан (осы норма қоғамға жүгінген күнге дейін он екі айдан ерте емес қоғамның акционері болған тұлғаларға қолданылады).";

      15) 82-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландырулар орналастыруға мiндеттi.";

      16) 83-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізiнде және өткiзу актiсiне сәйкес қосылатын қоғамның бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. Қосылу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс. Өткізу актісіне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органының басшылары және бас бухгалтерлері қол қоюға тиіс.

      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткiзу) бағасына арақатынасына пропорционалды өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткiзу) арқылы оның акцияларын сатып алады.

      Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қосылу туралы шешім өзіне қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.

      Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, өзіне қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.

      5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландырулар орналастыруға мiндеттi.

      Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру туралы ақпарат өткізу актісімен кредиторларды таныстыру уақытын, орнын және тәртібін көрсете отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.";

      17) 84-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi айлық мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру орналастыруға мiндеттi.";

      18) 85-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi айлық мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру орналастыруға мiндеттi.";

      19) 89-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстаудың есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге тиіс ақша орталық депозитарийде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен аударылады.".

      10. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) зиянды өтеу резерві – осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар, қосымша жарналар және қатысушы-сақтандыру ұйымдары бастапқы бiржолғы жарналарды, қосымша жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін айыпақы, сондай-ақ Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының комиссиялық сыйақысын қоса алғанда, оларды инвестициялаумен байланысты шығыстарды және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын шегергенде, оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (залалдар) есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) инвестициялық комитет – Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын Қордың алқалы органы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кредитор – осы Заңға сәйкес кепілдікті төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде жәбірленушіге (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға) өтеген және тиісінше, сақтандыру төлемін алу құқығы ауысқан өзге тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) Қордың меншікті активтері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері қаражатының және зиянды өтеу резерві қаражатының құрамына кіретін активтерді қоспағанда, өзіне меншік құқығына тиесілі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;

      5-2) Қордың меншікті капиталы – Қор активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры міндетті жарналар, қатысушы-сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін айыпақылар, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының комиссиялық сыйақысын қоса алғанда, оларды инвестициялаумен байланысты шығыстарды және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын шегергенде, оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (залалдар), сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалынан алынған және осы Заңның
12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;";

      2) 3-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордың меншікті активтерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзу;";

      3) 4-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) активтерді инвестициялау тәртібін және Қордың меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві қаражатының есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) Қордың меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілейді;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;";

      10-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2) Қордың стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5) және 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың ішкі құжаттарын, сондай-ақ мынадай:

      Қордың меншікті активтерін, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын бөлек есепке алуды жүргізу;

      "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;

      "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;

      инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;

      10-5) Қордың есеп саясатын келіседі;

      10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлерінің жалпы жиналысының отырысына қатысатын уәкілетті орган өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.";

      4) 5-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      3-2. Осы Заңға сәйкес кепілдік беруге жататын сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін иеленбей, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;

      2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;

      3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің қатарынан сайлануға тиіс;

      4) "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қордың директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген ішкі құжатқа сәйкес Қор:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      зиянды өтеу резервінің қаражатын;

      Қордың меншікті активтерін бөлек есепке алуды жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      зиянды өтеу резервінің қаражатын;

      Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банк шоттарын ашады.

      Кастодиан "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      Қорға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

      Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қорда:

      1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;

      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;

      3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;

      4) Қор органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.

      Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      5) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;

      4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;";

      6) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-бап. Консультативтік комитет

      1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.

      Консультативтік комитеттің негізгі міндеті Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру болып табылады.

      2. Консультативтік комитет Қордың директорлар кеңесі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен ол туралы ереженің негізінде әрекет етеді.

      3. Консультативтік комитет туралы ереже:

      1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыретін;

      2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібін;

      3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігін;

      4) консультативтік комитеттің отырыстарына шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беруі тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс істеу тәртібін;

      5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібін;

      6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелерді айқындауға тиіс.

      4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысатын оның мүшелерінің кез келген саны немесе оның мүшелерінің сырттай дауыс беруі жағдайында шешімдер қабылдауға құқылы.

      5. Консультативтік комитеттің құрамына:

      1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына оған бұрын берілген барлық лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір өкілден;

      2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.

      Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

      6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.

      7. Консультативтік комитеттің жұмысына қатысқаны үшін оның мүшелеріне сыйақылар есептелмейді және төленбейді.

      8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына немесе оның мүшелерінің сырттай дауыс беруіне қатысатын консультативтік комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      9. Консультативтік комитеттің отырыстарына уәкілетті органның өкілдері дауыс беруге қатысу құқығынсыз қатысуға құқылы.";

      7) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:

      "6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар

      1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында (әрқайсысының) кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) ғана жүзеге асырады.

      Қордың өзге де органдарының және (немесе) басшы қызметкерлерінің осы Заңда Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.

      3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы оларды басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.

      Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы кіреді.

      4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.

      5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.

      6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функциялардың орындалуын өзге адамдарға беруге құқылы емес.

      7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері олардың мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты Қордың атқарушы органның назарына жеткізуге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.

      8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамалар жасалады, оларға отырысқа қатысқан инвестициялық комитеттің төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі болады.

      Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бөлігі болып табылады.

      9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.

      10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган осындай шешімдерді қабылдау үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.

      Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осы хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей оны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.

      11. Уәкілетті органның адамды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган осындай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл ішінде оның құрамына сайлана алмайды.

      12. Инвестициялық комитетті қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның негізгі міндеттері мен құзыреті Қордың директорлар кеңесі уәкілетті органмен келісім бойынша бекітетін Қордың ішкі құжатымен белгіленеді.";

      8) 7-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:

      1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу;

      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмаған жағдайда, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      2-1 және 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына):

      1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;

      2) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өмірді сақтандыру;

      3) зейнетақы аннуитеттік сақтандыру;

      4) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру жатады.

      2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:

      уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылығын;

      заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) жағдайда қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу не ұзартумен (қайта куәландырумен) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қор:

      1) Қордың осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;

      2) кредиторларға олардың сақтандыру шарттарына қатысты Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданысы аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.";

      9) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы

      1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы өндіріп алады.

      2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:

      1) қаржы жылында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;

      2) қаржы жылында "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан жоғары емес шегінде белгіленеді.

      3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.

      4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмейді.

      5. Қордың комиссиялық сыйақысын өндіріп алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";

      10) 12-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 7-бабы 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтап сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.

      Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру ұйымы есепке жатқан сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.

      3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.

      Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Қор уәкілетті органмен келісу бойынша меншікті капиталын пайдаланады.

      Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналар тартады.

      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын "өмірді сақтандыру" саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға және керісінше, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын "жалпы сақтандыру" саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен, пайдаланылған соманың орнын толтыруды ескере отырып, оның ішінде кепілдіктің сақтандырудың қай саласы бойынша берілуіне байланысты "жалпы сақтандыру" саласы не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тарту есебінен пайдалануға жол беріледі.

      4. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтап сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі қатысушы-сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

      Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

      5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналар және Қордың меншікті капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жататын қарыз беруге құқылы.";

      11) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтап сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.";

      12) 15-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері және тәртібі";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредитордың Қорға кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша талап ету құқығы уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.

      Кредиторлардың:

      1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде басталған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша;

      2) уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.

      2. Кредиторда осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерде Қорға талап ету құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейінгі кезеңде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейін берілген (қабылданған) жағдайда, кредитор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтініш береді.

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда кредитор таратылатын сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігіне немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Қорға немесе таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талаппен тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

      Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес кредитордың талабын алғаннан кейін Қор не қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кепілдік төлемнің ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.

      7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбы және осы баптың 5-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, өзге де шығыстар, оның ішінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған шығыстар кепілдік төлеммен өтелмейді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап Қорға жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы ауысады.

      Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі – тарату комиссиясы) немесе сот уәкілетті органның осы қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қояды.

      10. Қор уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап басталған сақтандыру жағдайлары бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарды қазақ және орыс тілдерінде:

      1) Қордың интернет-ресурсында екі жұмыс күні;

      2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында он жұмыс күні ішінде жариялайды.";

      13) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі

      1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.

      2. Кредиторлардың:

      1) уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде қолданыста болатын "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;

      2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.

      Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын
қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор кепілдік төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптарда сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      3. Қор уақытша әкімшіліктен сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдердің үздіксіздігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

      Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.

      Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға тиіс.

      4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.

      5. Кредиторларға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында көрсетілген кепілдік төлемді тікелей Қор немесе банк-агент арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

      6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап Қорға жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы ауысады.

      Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату қомиссиясына немесе сот уәкілетті органның осы қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қояды.

      7. Қор уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.";

      14) 17-2-бапта:

      9-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартады.";

      15) 18-бапта:

      1-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;";

      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) қатысушы-сақтандыру ұйымынан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша оның міндеттемелері жөнінде мәліметтерді Қордың директорлар кеңесі айқындайтын мерзімде және көлемде сұратуға және алуға;

      9) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      10) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.";

      2-тармақта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін, сондай-ақ сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жарналарын инвестициялаудан түскен кірістерді (шығыстарды) есепке алуды "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша бөлек жүргізуге;";

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды Қордың меншікті активтерінен бөлек жүргізуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жыл сайын жариялауға;";

      16) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде делдалдық көрсетілетін қызметтерді реттеу

      1. Егер кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемді алуға өтініш пен құжаттар Қорға осындай төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның қатысуымен ұсынылған жағдайда мұндай құжаттарға қосымша Қорға осындай адамның комиссиялық сыйақысы мөлшерін көрсете отырып, делдалдық қызметтерді көрсету туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуға тиіс.

      2. Кепілдік төлемді және зиянды өтеу бойынша төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның комиссиялық сыйақысының мөлшері:

      1) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша осындай төлем сомасынан он пайыздан;

      2) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша осындай төлем сомасынан бір пайыздан аспауға тиіс.".

      11. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының жасалған жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтауды;

      6) сақтанушыға (пайда алушыға):

      жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу;

      жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу;

      осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.

      5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      3) 13-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысуға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.";

      2-тармақ 7) тармақшасында "сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi." деген сөздер "сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттердi жасауы салдарынан үшiншi адамдардың мүліктік мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы сақтанушы нотариаттық қызметтер көрсеткен адамды хабардар етуге мiндеттi.";

      4) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны дереу тіркеуге және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтер беруге;";

      5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы не үшiншi адам сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.

      Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.";

      6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):

      талаптарын көрсете отырып және оның талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".

      12. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1 бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының жасалған аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтауды;

      6) сақтанушыға (пайда алушыға):

      аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;

      аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу;

      осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.

      5. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      3) 13-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысуға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.";

      2-тармақ 7) тармақшасында "сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi." деген сөздер "сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы сақтанушы аудиторлық қызметтер көрсеткен адамды хабардар етуге міндетті.";

      4) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2-тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны дереу тіркеуге және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтер беруге;";

      5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы не аудиттелетін субъект сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.

      Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.";

      6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):

      талаптарын көрсете отырып және оның талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не

      аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".

      13. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпараттық өзара іс-қимыл түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      2) 10-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына құқылы емес.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      3) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының жасалған тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтауды;

      6) сақтанушыға (пайда алушыға):

      тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;

      тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу;

      осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.

      5. Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      4) 11-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.";

      5) 13-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;

      5) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.";

      6) 14-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны дереу тіркеуге және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтер беруге;";

      7) 16-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай өзге тәсілдермен жасасу кезінде жеңілдіктер беруге жол берілмейді.";

      8) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге адам, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.

      Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.";

      9) 24-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):

      талаптарын көрсете отырып және оның талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не

      тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".

      14. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) анықтық факторы – сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу үшін қажетті сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын коэффициент;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "бонус-малус" жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде тиісті сыныпты бере отырып, оның кінәсінен сақтанушыда (сақтандырылушыда) сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген адам;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) таргеттелетін шығындылық – сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша шығындылықтың нысаналы көрсеткішін сипаттайтын коэффициент;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпараттық өзара іс-қимыл түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу жолымен жүзеге асырылады.

      5. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган мен сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жүзеге асырылады.

      Пайда алушыны айқындау және өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын мәліметтерге қол жеткізуді ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай ақпараты бар базаны иелену, пайдалану және басқару құқығын іске асыратын мемлекеттік органның дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.

      Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты осы көлік оқиғасына қатысушымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға жібереді.";

      3) 10-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш берген және көлік оқиғасын жасау туралы хабарлаған, келтірілген зиянның мөлшерін айқындау және мұндай шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өтініш берген кезде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды электрондық нысанда пайдалану талап етілмейді.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтауды;

      6) сақтанушыға (пайда алушыға):

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу;

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу;

      осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтанушы-заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.

      5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талап сақталмаған кезде, сақтандырушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде ұстап қалуға құқығы бар:


Р/с

 
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзімнен пайызбен)
 
Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен)
1 2 3

1

4-ке дейін (4-ті қоспағанда)

15

2

4-тен 8-ге дейін (8-ді қоспағанда)

20

3

8-ден 17-ге дейін (17-ні қоспағанда)

30

4

17-ден 25-ке дейін (25-ті қоспағанда)

40

5

25-тен 33-ке дейін (33-ті қоспағанда)

50

6

33-тен 42-ге дейін (42-ні қоспағанда)

60

7

42-ден 50-ге дейін (50-ді қоспағанда)

70

8

50-ден 58-ге дейін (58-ді қоспағанда)

75

9

58-ден 67-ге дейін (67-ні қоспағанда)

80

10

67-ден 75-ке дейін (75-ті қоспағанда)

85

11

75-тен 83-ке дейін (83-ті қоспағанда)

90

12

83-тен 92-ге дейін (92-ні қоспағанда)

95

13

92 және одан жоғары

100

      ";

      6) 16-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері)";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы (сақтандырылушы):

      1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

      2) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және ол бойынша сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) туралы мәліметтердің бар екендігі туралы ақпаратты сұратуға құқылы (сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) бойынша мәліметтерді сұрату бөлігіндегі осы құқық пайда алушыға да қолданылады);

      3) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандырушы, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырған сақтандыру төлемінің нәтижелерімен танысуға;

      4) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);

      5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;

      7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.";

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілетін әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәліметтерді және өтінішке енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген тәртіппен ұсынуға;

      3) көлік оқиғасының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап кідіріссіз, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыны жазбаша нысанда (қолма-қол не электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы) хабардар етуге міндетті. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған іс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;

      4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген мiндеттерi көлiк оқиғасы болған сәтте көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.";

      7) 17-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес осындай шартқа енгiзу үшiн қажетті мәлiметтердi ұсынуды талап етуге;

      2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiн негізге ала отырып, сақтандыру жағдайының басталу (көлік оқиғасының болу) фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;";

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданыс кезеңінде болған көлік оқиғасы туралы хабардар ету кезінде оны кідіріссіз тіркеуге және осы көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;";

      7-1) және 7-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен жазбаша нысанда өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянды өтеуге;

      7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындаған дауды қарауға өтініш алған кезде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып бес жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге;";

      мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-4) осы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты алған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайын реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;";

      8) 19-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін уәкілетті орган бекіткен түзету коэффициенттері қосымша қолданылады.

      Түзету коэффициенттерін есептеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылық көрсеткіштерін, таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторын ескере отырып, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жүргізеді.

      Таргеттелетін шығындылықты, анықтық факторын және түзету коэффициенттерін уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Сақтандырушы түзету коэффициенттерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен мәндердің он пайызынан асырмай ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін
0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.";

      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандырушы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей дерекқорда сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпараттың жоқтығы туралы хабардар етуге міндетті.";

      9) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      10) 22-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы жүргізеді.

      Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша зиян мөлшерін айқындау туралы өтінішті берген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бүлінген мүлікті қарап-тексеру күнін, уақытын және өткізу орнын келіседі. Бұл ретте бүлінген мүлікті қарап-тексеру көрсетілген өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргізілуге тиіс.

      Егер бүлінген мүлікті қарап-тексеру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) кінәсінен немесе тараптардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты жүргізілмеген болса, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушыға зиянның мөлшерін анықтау туралы өтінішпен қайтадан жүгінеді.

      Мүлікке келтірілген зиян мөлшерін айқындауды сақтандырушы бүлінген мүлікті қарап-тексерген және қарап-тексеру актісін жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.";

      3-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандырушы осы бапқа сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сақтандыру оқиғасын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.";

      11) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерін (қажет болған кезде), сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы ұсынады.

      Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға беруге міндетті.";

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің қайтыс болуын тіркеу фактісін растайтын құжат (мәліметтер);";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден қосымша басқа құжаттарды және (немесе) ақпараттық жүйелер мен сервистер арқылы қолжетімді құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.";

      12) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға өтініш жасауға құқылы.";

      13) 28-бапта:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) егер бұл факт зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге байланысты болған жағдайды қоспағанда, көлік құралын жүргізуші адам өзі қатысушысы болған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға осы Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адам кiнәлi болып табылса, сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) керi талап қоюға құқығы бар.";

      14) 29-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:

      талаптарын көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) өтініш жіберуге не

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.".

      15. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге тұлғалардың ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына орныққан бағадан (бағамнан) жоғары немесе төмен баға (бағам) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралдарымен сауда көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) бас қаржылық келісім – талаптарымен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, репо операциялары және (немесе) объектісі бағалы қағаздар, валюта және (немесе) өзге де қаржы құралдары болып табылатын мәмілелер жасалатын, үлгілік талаптарын кәсіптік ұйым немесе осы Заңда белгіленген жағдайларда шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген келісім;";

      мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "64-1) нетто-міндеттеме (нетто-талап) – бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттармен тарату неттингін жүзеге асыру (қолдану) нәтижесінде туындайтын (есептелетін) ақшалай міндеттеме (ақшалай талап);";

      69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "69) облигацияның номиналды құны – шығарылым шарттарымен айқындалған облигация құнының ақшалай мәні;";

      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "76-1) қор биржасының тізімі – қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;";

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) тарату неттингі – бас қаржылық келісімнің ережесі, оның негізінде бас қаржылық келісімде айқындалған оқиға басталған кезде барлық ақшалай міндеттеме (ақшалай талаптар), сондай-ақ қамтамасыз ету ақысын ұсынуды (енгізуді) қоса алғанда, мүлікті беру бойынша барлық міндеттеме (талаптар) көрсетілген міндеттемелер (талаптар) осындай оқиға басталған кезде орындалуға тиіс екеніне қарамастан, жаңарту, тоқтату арқылы немесе бас қаржылық келісімде айқындалған өзгеше тәсілмен орындалу мерзімі басталған болып есептелетін бір нетто-міндеттемеге (нетто-талапқа) ауыстырылады (автоматты түрде немесе тараптардың біреуінің таңдауы бойынша);";

      85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "85) туынды бағалы қағаздар – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздар туынды қаржы құралы болып табылмайды, бірақ туынды қаржы құралының базалық активі бола алады);";

      мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-1) шетелдік кәсіптік ұйым – халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енетін шетелдік ұйым;";

      2) 3-баптың 2-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуын және айналысын тоқтата тұрады және жаңартады, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жояды;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талаптарындағы және облигациялардың жеке меморандумдарындағы акцияларды орналастыру, акциялар шығарылымын жою қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы ақпаратты ашып көрсетеді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) пруденциялық нормативтердің түрлерiн және лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының өзге де сақталуға міндетті нормалары мен лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдiстемесiн, оның ішінде лицензиат өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде белгілейді;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметiн реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-2) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;";

      мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде айқындайды;";

      3) 3-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының бұзылуын анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе оның лауазымды адамдарының (болған кезде) заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) беру қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының қайта бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығының субъектісі өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.";

      6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқама мен жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.

      7. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына қарамастан санкциялар қолдануға құқылы.

      9. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      10. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану түрінде санкциялар қолдануға құқылы.";

      4) 3-3-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) уәкілетті органға осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген және (немесе) уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймау.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың
4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.";

      5) 3-4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, оның қаржылық жағдайына қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) жеткізе отырып, хабардар ету;";

      6) 3-5-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:";

      тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) жою;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнама талаптарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.

      4. Уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін көрсетілген тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.

      5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.";

      7) 3-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгiленген негiздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.";

      8) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторларға қызметтер көрсетеді.";

      9) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі шығарылымы шетелдік заңнамаға немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген бағалы қағаздарға қолданылмайды.";

      10) 8-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен және тәртiппен жүзеге асыратын, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу болып табылады.

      2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу:

      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарауды;

      2) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық идентификаттау нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтерді қоса алғанда, эмитент және оның бағалы қағаздары туралы мәлiметтер енгiзуді;

      3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы мемлекеттік тіркелген кезде эмитенттің кабинетіне электрондық нысанда мыналарды:

      мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

      бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын жіберуді;

      4) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген кезде эмитенттің кабинетіне электрондық нысанда мыналарды:

      мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы және орналасқан жері өзгерген немесе жарияланған облигациялар саны азайған кезде);

      өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, шығарылым шарттарын жіберуді қамтиды.";

      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшін құжаттарды эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.";

      11) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмитент шығарылымды мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.";

      12) 11-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу";

      4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар:

      1) эмитенттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бере отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы хаттамасының (дауыс беретiн барлық акцияны иеленетін акционер шешiмiнiң) көшiрмесi;

      3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнің көшірмесі;

      4) акциялар шығарылымы проспектісі;

      5) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенiн растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және акциялар шығарылымының проспектісін электрондық нысанда акционерлік қоғамның кабинетіне жібереді.

      6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды:

      1) эмитенттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бере отырып, еркін нысанда жазылған өтінішті;

      2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісін;

      3) шешімнің (хаттаманың) көшірмесін немесе акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған акционерлік қоғам органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені;

      4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесін (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салық берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда) ұсынады.

      7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамның кабинетіне электрондық нысанда:

      1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген, акционерлік қоғамның орналасқан жері өзгерген кезде);

      2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген проспектіні жібереді.

      8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.

      9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      13) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеуі";

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды:

      1) эмитенттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бере отырып, еркін нысанда жазылған өтінішті;";

      6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) эмитенттің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (эмитенттің еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептердің көшірмелерін (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда);";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті уәкілетті органға электрондық нысанда қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитенттің кабинетіне облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) электрондық нысанда жібереді.

      6. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды:

      1) эмитенттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бере отырып, еркін нысанда жазылған өтінішті;

      2) электрондық түрдегі өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген, мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектiсін);

      3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған орган отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесін немесе хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынады.

      7. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган эмитенттің кабинетіне электрондық нысанда:

      1) мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде);

      2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген облигациялық бағдарлама проспектісін) жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      14) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

      15) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитент осы тармақта көзделген шарттарды бұзған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттарды өзгертуге келісімі болған жағдайларды қоспағанда, эмитент жинақталған сыйақыны ескере отырып, облигацияларды ұстаушылардың талап етуі бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті.";

      16) 18-2-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмитенттің осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (бұл облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Барлық орналастырылған облигация бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда, ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді осындай ұстаушы жеке-дара қабылдайды және ол жазбаша түрде ресімделуге тиіс.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысының шешімі қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Эмитент көрсетілген мерзімде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді де хабардар етеді.

      6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген облигациялардың шығарылымы проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында облигацияларды ұстаушылардың (облигацияларды ұстаушының) жалпы жиналысында қабылданған шешім жарияланған күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.

      Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыру және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.

      Эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда орталық депозитарий мен қор биржасын (облигациялар қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру туралы хабардар етеді.";

      17) 18-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:

      жиналған, бірақ төленбеген сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;

      қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған мемлекеттік емес облигациялардың нарықтық бағасымен (осындай баға болған кезде);

      Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған бағамен (егер эмитенттің облигациялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа түспесе) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.";

      18) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың талаптары жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге және өтеуге қолданылмайды.";

      19) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитент уәкілетті орган белгілеген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін барлық әрекетті қолдануға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта бастау анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі шығарылған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті орган қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.";

      20) 30-бапта:

      1-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) беру актісіне қол қойған (осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қосылатын акционерлік қоғамды қоспағанда, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам үшін);";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қосу арқылы қайта ұйымдастыру жағдайында қаржы ұйымы болып табылатын, қосылатын акционерлік қоғам уәкілетті органның лицензияның қолданысын тоқтату туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға жүгінуге міндетті.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Акциялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган эмитентке жібереді.";

      21) 31-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу. Төлем агенті. Облигацияларды өтеу";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді (облигацияларды өтеу кезінде төленетін облигациялар бойынша соңғы купондық сыйақыны қоспағанда) эмитент дербес немесе төлем агенті көрсететін қызметтерді пайдалана отырып жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар эмитенттерді қоспағанда, эмитент соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған ақшаны облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) соманы есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімде әрбір облигация ұстаушыға төленуге тиіс сома туралы ақпаратты қамтитын облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып аударады.

      Орталық депозитарий облигацияларды өтеуге арналған ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы облигацияларды ұстаушылардың банктік шоттарына аударуды жүзеге асырады.

      Банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар эмитенттер төлем агентінің функцияларын олардың орындауы шеңберінде облигацияларды ұстаушыларға осы эмитенттер шығарған облигацияларды өтеуге арналған ақшаны төлеуді дербес жүзеге асыруға құқылы.

      Өз облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар эмитенттер әрбір облигация ұстаушыға төлем сомасының мөлшері туралы ақпаратты қамтитын облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып облигацияларды ұстаушыларға облигацияларды өтеуге арналған ақшаны төлеу туралы хабарламаны орталық депозитарийге беруге міндетті.

      Идентификатталмаған ("жоғалған") облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда, банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар эмитенті осы ұстаушыларға тиесілі төлем сомасын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімде орталық депозитарийге аударуды жүзеге асырады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.

      6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:

      1) төлем агентiнiң толық атауы;

      2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалының орналасқан жерi, деректемелері қамтылуға тиiс.";

      22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету

      Орталық депозитарий эмитенттің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік емес облигацияларды өтеуі туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";

      23) 33-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Репо операциялары, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер"

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларын және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау тәртібі мен шарттары қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларын және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау тәртібі мен шарттарын тараптар тиісті шартта айқындайды.

      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарт бас қаржылық келісім түрінде жасалуы мүмкін.

      Резиденттер арасында жасалатын бас қаржылық келісімді кәсіптік ұйым әзірлейді. Егер шетелдік тұлға бас қаржылық келісімнің тарапы болып табылса, бас қаржылық келісімді шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеуі мүмкін.

      Бас қаржылық келісімде бұдан басқа тарату неттингін қолдану тәртібі мен шарттары айқындалады.

      Тараптар бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттарына, оның ішінде тарату неттингін қолдану тәртібіне және (немесе) шарттарына қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.";

      24) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды орталық депозитарий жүзеге асырады.

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және орналастыру тәртібі, шарттары орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.";

      25) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.";

      26) 45-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарында белгiленедi.";

      27) 47-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.";

      28) 48-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақтандыру ұйымына бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қолданылмайды.";

      29) 49-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін қолдау бойынша шараларды қабылдауға міндетті.

      Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның талап етуі бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";

      30) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның 53-2-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуді;";

      31) мынадай мазмұндағы 53-2-баппен толықтырылсын:

      "53-2-бап. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері

      1. Инвестициялық консультация беру деп дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөнінде инвестициялық ұсынымдар (бұдан әрі – инвестициялық ұсыным) беру бойынша көрсетілетін қызметтер түсініледі.

      Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.

      2. Инвестициялық ұсыным дара инвесторға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беріледі.

      3. Инвестициялық ұсынымды бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және лицензиаттың ішкі құжаттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкері ғана беруге құқылы.

      4. Инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсету кезінде брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері адал, тиісті сақтықпен және клиенттің мүдделері үшін ғана іс-қимыл жасауға міндетті.

      Мүдделер қақтығысы туындаған және (немесе) болған жағдайда брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып іс-қимыл жасауға міндетті.

      5. Брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы:

      1) инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтер ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу;

      2) жаңылыстыратын ақпарат немесе әдейі жалған ақпарат беру;

      3) егер клиент осы ұсынымды алған кезде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндіктері мен фактілері туралы тиісінше хабардар етілмеген жағдайда, мүдделер қақтығысы болған кезде қаржы құралымен мәміле жасасуға ұсыным беру нәтижесінде клиент шеккен залалдар үшін жауаптылықта болады.";

      32) 54-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан бұрын аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы басшысы немесе орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;";

      7-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап атап көрсетілген оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған әрекеттер жасағаны үшін уәкілетті орган оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап атап көрсетілген оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган лицензиаттың басшы қызметкеріне тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не онымен еңбек шарты бұзылған не оның өкілеттігі тоқтатылған не ол осы лицензиаттағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам уәкілетті органның осы лицензиаттың басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуын алғаннан, өзімен еңбек шарты бұзылғаннан, өкілеттігі тоқтатылғаннан, өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін тиісінше, күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.";

      33) 56-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағалы қағаздар нарығында:

      1) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;

      2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында анық емес мәліметтер таратуға;

      3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасауға;

      4) инсайдерлік ақпаратты тарату және (немесе) оны пайдалана отырып мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.

      Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған сараптама комитетінің (осы бапта бұдан әрі – сараптама комитеті) қорытындысын қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сараптама комитеті туралы ереже уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

      5. Бағалы қағаздар бағаларын сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға және (немесе) бағалы қағаздар сұранысына және (немесе) ұсынысына және (немесе) бағасына қатысты анық емес және (немесе) жаңылыстыратын ұсыныс қалыптастыруға және (немесе) бағалы қағазбен сауда көрінісін:

      1) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатып алуға және (немесе) сатуға мәміле жасау және (немесе) өтінім жариялау;

      2) бағалы қағаздар, олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар эмитенті туралы, ол жүзеге асыратын қызмет туралы анық емес және (немесе) жаңылыстыратын ақпаратты кез келген тәсілмен тарату арқылы жасауға бағытталған бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің әрекеттері бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау фактілерін анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жатады.

      Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың өзге қаржы құралдарына қатысты әрекеттері айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жататын шарттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.

      6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      34) 63-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда өзінің клиенттеріне электрондық қызметтер, оның ішінде жеке шот ашу бойынша, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша, сондай-ақ ақпараттық операциялар жасау бойынша қызметтер ұсынуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өз клиенттеріне ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) шетелдік валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық, ақпараттық қызметтер және (немесе) клиенттердің есебінен және мүддесінде осы нарықтарда мәмілелер жасау бойынша қызметтер ұсынуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында брокерлер және (немесе) дилерлер ғана көрсетуге құқылы.";

      35) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бұйрығына сәйкес және (немесе) клиент бұрын жасаған маржалық мәмілелер шеңберінде көзделген талаптар негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде және брокердің және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарында белгiленедi.";

      36) 72-1-бапта:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспары;";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      37) 72-2-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ірі қатысушысы-жеке тұлға не ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";

      38) 79-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның өкілі уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің құрамына енгізіледі және оны сайлау (қайта сайлау) туралы мәселе орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысында қарауға жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Орталық депозитарий консультативтік кеңестің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      4. Консультативтік кеңес депоненттер мен орталық депозитарий клиенттерінің мүдделерін қозғайтын мәселелерді қарайды.

      5. Орталық депозитарийдің қызметкерлері консультативтік кеңестің мүшелері бола алмайды. Осы кеңес мүшелерінің кемінде төрттен үшін орталық депозитарий депоненттерінің өкілдері құрауға тиіс.

      6. Консультативтік кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады және орталық депозитарийдің директорлар кеңесі депоненттер мен орталық депозитарий клиенттерінің мүдделерін қозғайтын мәселелерді қарау кезінде ескереді.

      7. Орталық депозитарийдің консультативтік кеңесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібіне қойылатын шарттар мен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      39) мынадай мазмұндағы 80-1-баппен толықтырылсын:

      "80-1-бап. Талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепте тұрған активтерді басқару тәртібі

      1. Орталық депозитарийдегі және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотта есепке алынған активтерді сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен орталық депозитарий арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты негізінде жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынған активтерді басқарудан түскен инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындайды.";

      40) 81-баптың 2-тармағында:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;";

      41) 84-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі және уәкілетті органның өкілі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның жазбаша хабарламалары негізінде директорлар кеңесінің құрамына енгізіледі және оларды сайлау (қайта сайлау) туралы мәселе сауда-саттықты ұйымдастырушы акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына жатпайды.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің талаптары орталық депозитарийге қолданылмайды.

      5. Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары листинг, делистинг, жеңілдетілген рәсім бойынша бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерiне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы оның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен қабылдайды.

      Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.

      Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:

      1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына немесе алаңына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi – мүдделi эмитент);

      2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;

      3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың;

      4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;

      5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;

      6) осы бөліктің 1), 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.

      Төртінші бөліктің талаптары листинг комиссиясының мүшесі - уәкілетті органның өкіліне қолданылмайды.";

      42) 85-бапта:

      5-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      6) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзу, оларды осы тiзiмнен алып тастау және тiзiм санатын алмастыру бойынша шарттар мен талаптарды;

      6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын;";

      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      7) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша);

      8) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарға рұқсат беруге бастамашының ашып көрсетуге жататын ақпараттың тізбесін, мерзімін және оларға қойылатын талаптарды;

      9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу шарттары мен әдістерін;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;";

      19), 20), 21), 21-1) және 21-2) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.";

      43) 86-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары қор биржасының мүшелерi бола алады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және тізбесі мен беру мерзімдері қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты беруге міндетті.";

      44) 88-бапта:

      2-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) барлық бағалы қағазы жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерді қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуін мониторингтеуді жүзеге асыру;";

      18-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2) егер осындай жүйенің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер осындай жүйенің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, қор биржасы өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.";

      45) 89-баптың 1, 1-1, 1-2 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар мен шарттар оның қағидаларында белгіленеді.

      Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тiзiмiнiң жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасының ресми тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының қағидаларында белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтердің көрсетілуіне шарт жасасуға міндетті.

      Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.

      2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етуге бастамашы болғандар осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және эмитенттiң қызметi және қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi қор биржасының қағидаларында белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.";

      46) 102-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:

      1) осы баптың 5-тармағының 3), 5) 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, орталық депозитарий ашып көрсететін эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;

      2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;

      3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді;

      4) эмитенттiң қатысу үлестерiнің он және одан көп пайызын иеленетiн қатысушылардың құрамын;

      5) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының (үлестерiнің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетiн ұйымдардың тiзiмiн;

      6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін ("Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер аудиторлық есептерді жария етуді жүзеге асырады);

      7) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды.

      Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.";

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан көп пайызын иеленетiн акционерлердің құрамындағы өзгерістер;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) эмитенттiң қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетiн қатысушылардың құрамындағы өзгерістер;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған:

      акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру;

      орналастыру (өткізу), оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы;

      егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;

      облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару;

      ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күні құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешімдер;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) орналастырылған акцияларды бөлшектеу";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күні құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Бағалы қағаздарды шығару талаптарында қамтылған ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті органның акцияларды орналастыру және бағалы қағаздарды жою қорытындылары туралы есепті бекітуі туралы ақпаратты уәкілетті орган ашып көрсетуге тиіс.";

      47) 103-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу және (немесе) оған инвестициялық консультация беру бойынша қызмет көрсету процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы хабардар етуге;";

      48) 110-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу тәртібі жөніндегі шарттарды сақтауы;".

      16. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;

      орталық депозитарийдің;

      мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;

      өзара сақтандыру қоғамдарының;

      сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;";

      2) 6-5-баптың екінші бөлігінде:

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-2) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылық, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерін бекітеді;";

      3) 9-бапта:

      1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды, қаржы технологиялары саласындағы бағалаушылар мен мамандарды тарта отырып:";

      5) тармақшадағы "алдын алу мақсатында тексеру жүргізуге құқылы." деген сөздер "алдын алу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) қаржылық операцияларды жасау кезінде ақпараттық технологияларға тән тәуекелдерді анықтау және (немесе) алдын алу;

      7) қаржы құралдарының құнын анықтаудың объективтілігін бағалау мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.";

      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда өз өкілінің (бұдан әрі – өкіл) болуына құқылы.";

      4) 12-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;

      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды және бекітеді;

      акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бағалы қағаздар, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудiң, оларды орналастыру немесе исламдық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды өтеу, сондай-ақ оларды жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi;";

      5) 13-3-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің (көрсетілетін қызметтің, өнімнің), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнайы шарттары, қатысушылар тізбесі, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.";

      6) 13-5-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган:

      1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына;

      2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.";

      2-тармақта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (беруден бас тарту) кезінде, банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлердің тағайындалғаны (сайланғаны), банк немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың берілгені туралы хабардар еткен кезде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлерінің олар өз міндеттемелерін жүзеге асыру кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданыс кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;";

      4) тармақшадағы "бағалау жағдайларында пайдалануға құқылы." деген сөздер "бағалау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері болып табылатын (бірлесе отырып) тұлғаларды айқындау жағдайларында пайдалануға құқылы.";

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпаратқа және жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.";

      7) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті, банк секторының, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.";

      8) 15-6-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру;";

      9) 15-9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға өз өкілін жібереді, оны уәкілетті орган өз қызметкерлері арасынан тағайындайды.";

      10) 15-13-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Егер уәкілетті органда өзінің қызметтік өкілеттіктерін атқару кезеңінде жұмысы тоқтатылғанға дейінгі бір жыл ішінде көрсетілген адам өзінің қызметтік өкілеттіктеріне байланысты осы коммерциялық ұйымды тексеру нысанындағы бақылау функцияларын тікелей жүзеге асырса немесе осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес уәкілетті органның көрсетілген лауазымды адаммен тікелей байланысты болса, уәкілетті органда жұмысы тоқтатылғаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органның лауазымды адамы коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.".

      17. "Туристі мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес";

      2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Сақтандыру ұйымдарының туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның сақтанушыға, сақтандырылушыға электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептері көрсетілген) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жасалған туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, туристі міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың электрондық нысанда сақталуын;

      6) сақтанушыға, сақтандырылушыға:

      туристі міндетті сақтандыру шартын жасау;

      туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәртібі мен хабарламалардың мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде, егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап жасасты деп есептеледі.

      5. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы туристі міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.";

      3) 12-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге);";

      2-тармақ 4) тармақшасында "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) сақтанушы туроператор шығу туризмі саласында қалыптастырған туристік өнімді сатқан тұлғаны сақтандырушымен осы тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасау туралы хабардар етуге міндетті.";

      2-1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;";

      4) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынуға;";

      5) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандырылушы не сақтандырылушыға ассистанс берілген кезде ассистанс компания сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қояды.

      Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.";

      6) 20-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не

      туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.".

      18. "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Объектілер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептері көрсетілген) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабарлама түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының электрондық нысанда және ол бойынша сақтандыру жағдайы бойынша ақпараттың сақталуын;

      6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау;

      объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін бағалауды айқындау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау;

      объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, реттеу және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламалардың мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      4. Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде, егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасасты деп есептеледі.

      5. Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      3) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен мiндеттерi";

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалаудың нәтижелерiмен әрi сақтандырушы (оның ішінде сақтанушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есептерiмен танысуға;

      5) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға міндетті (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы жіберуге);

      7) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелін азайтуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерi), объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертудi талап етуге міндетті (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);

      8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру төлемiн алуға міндетті.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа құқықтары да көзделуi мүмкiн.";

      4) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде туындаған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны тез арада тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынуға;";

      5) 14-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) келтiрiлген, зиянның мөлшерiн бағалау нәтижелерiмен және сақтандырушы және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есептерiмен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысуға;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;";

      6) 19-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға мынадай құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынады:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші мемлекеттік органдардың дерекқорында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде сақтандырушыға қолжетімді электрондық нысандағы құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.";

      7) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.".

      19. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 20-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, эмитенттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мәліметтерді пайдалануға келісім бере отырып, еркін нысанда жасалған өтініш;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен инвестициялық пай қорының қағидалары;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары негiзiнде жүзеге асырады.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. Инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу пайлар шығарылымын тіркеуге, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені болып табылады.

      1-3. Инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу:

      1) инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қарауды;

      2) халықаралық идентификаттау нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметті қоса алғанда, инвестициялық пай қоры туралы, бағалы қағаздар туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді;

      3) басқарушы компанияның кабинетіне электрондық құжат түрінде:

      инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және қор қағидаларын;

      өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидалары және инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде) жіберуді қамтиды.

      1-4. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу үшін басқарушы компания уәкілетті органға электрондық нысанда мына құжаттарды:

      1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған, уәкілетті тұлғаның цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті;

      2) өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қордың қағидаларын;

      3) оның негізінде қордың қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген орган отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесін немесе хаттамадан үзіндіні ұсынады.";

      4-тармақ 2) тармақшасындағы "iшкi құжаттарын келiседi." деген сөздер "iшкi құжаттарын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияның кабинетіне электрондық нысанда:

      пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу кезінде);

      өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидаларын (өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде);

      инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде) жібереді.";

      2) 23-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Пайды кейiннен орналастыру бағасы, өтiнiм болған кезде, ақша түскен күннің алдындағы күннiң соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтiнiм ақша түскеннен кейiн түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтiнiм түскен күннің алдындағы күннiң соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың қағидаларында көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкiн.";

      3) 28-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық пай қорының қағидасына өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi орган оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қарайды.

      6. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган қор қағидаларына өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда басқарушы компанияның кабинетіне жібереді.

      Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қорының қағидасына өзгерiстермен және толықтырулармен келiсуден бас тарту туралы шешiмi:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) келiсуге ұсынылған қағидаға өзгерiстер мен толықтыруларда қайшылықты немесе жаңылыстыруға әкеп соғатын мәлiметтер болған жағдайларда қабылданады.";

      4) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда осы Заңның және қор қағидасының талаптарына сәйкес қор активтерiн өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндеттi.

      Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді.";

      5) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының активтерiн өткізу нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының активтері есебiнен өтеледi.";

      6) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен уәкiлеттi органға электрондық нысанда тіркеуге ұсынылады.

      Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен тіркелгенi туралы көрсетiле отырып, осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.";

      7) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 43-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кастодиан инвестициялық қордың басқарушы компаниясының және кастодиан шарты жасалған акционерлік инвестициялық қордың үлестес тұлғасы бола алмайды.";

      9) 45-бапта:

      2-тармақ 3) тармақшасындағы "ескерту болуға тиіс." деген сөздер "ескерту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және инвестициялық пай қорының пай кірістілігі туралы ақпарат болуға тиіс.";

      3-тармақ 5) тармақшасындағы "мәлімдеулер болмауға тиіс." деген сөздер "мәлімдеулер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) инвестициялық қордың бір жылдан аз кезеңдегі инвестициялық қызметінің кірістілігі туралы ақпарат болмауға тиіс.

      Инвестициялық қор туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген мәліметті, бұл ақпарат сондай-ақ инвестициялық қордың бір жыл ішіндегі және (немесе) бір жылдан астам кезеңдегі инвестициялық қызметінің кірістілігі туралы мәліметтен тұрған жағдайда қамти алады.";

      10) 46-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инвестициялық қордың басқарушы компаниясына және кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерiн басқаруы, есепке алуы және сақтауы жөнiндегi қызметiне байланысты қолданылған санкциялар, қадағалап ден қою шаралары, әкімшілік жазалар және өзге де ықпал ету шаралары туралы мәлiметтердi;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпаратты инвестициялық қор немесе басқарушы компания уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша тәртіппен және мерзімде ұсынады.".

      20. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқығы бар.";

      2) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны тез арада тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынуға;";

      3) 10-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8)  өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы арқылы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқығы бар.";

      4) 11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.

      Сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы "сериясын;" деген сөз "сериясын қамтуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 11) және 12) тармақшалары алып тасталсын;

      5) 24-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.".

      21. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш беру не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      2) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайларын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде тез арада жөнелтілуін;

      2) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептері көрсетілген) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері жайында сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабарлама түрінде хабардар етуді;

      3) сақтанушының мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша жасалған ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;

      5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;

      6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау;

      мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін бағалауды айқындау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту;

      міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламалардың мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      4. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасасты деп есептеледі.

      5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      3) 11-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері";

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;

      5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;";

      4) 12-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлаған кезде оны тез арада тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес ұсынуға;

      5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшеріне сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есебін көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін жәбірленушіге (пайда алушыға) беруге;";

      5) 13-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;";

      6) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы немесе жәбірленуші (пайда алушы) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қояды.

      Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші дерекқорда және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде сақтандырушыға қолжетімді электрондық нысандағы құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.";

      7) 22-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не

      міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.".

      22. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оригинаторда соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есеп болуға тиіс.";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Оригинатордың соңғы жылдағы аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясының арасында жасасқан осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы кәсіпорнының облигациялар шығару проспектісіне қоса беріледі.".

      23. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің оның банк шоттарындағы ақшасына;

      6-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғалары номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшасына;";

      2) 65-бапта:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) эмитенттің (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кiрiстердi төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау, алмастыру немесе орналастырылған акциялардың санын ұлғайту есебінен жарияланған акциялардың санын ұлғайту жөнiндегi әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (инвестициялық пай қорының қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергi келтiрмейдi. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттердің жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды;";

      2) тармақшадағы "аяқтауға) кедергі келтірмейді." деген сөздер "аяқтауға);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) орталық депозитарийдің айналыс мерзімі аяқталған және олар бойынша эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) есептен шығару бойынша және эмитенттің осы эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың осы жеке шоттарына (қосалқы шоттарына) есепке жатқызу бойынша операциялар жүргізуіне;

      4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-1-бабының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан да көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуына кедергi келтiрмейдi.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлға акционерлік қоғамның тыйым салынған дауыс беретін акцияларын төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийде ашылған қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционердің шотына есептейді.

      Осы тармақтың 1) және 4) тармақшаларының талаптары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетілген операцияларды тіркеген кезде орталық депозитарийіне қолданылады. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасау туралы, орталық депозитарий сот орындаушысына оларды жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген операциялар нәтижесiнде алынған қаржы құралдары, ақша немесе талап ету құқықтары егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салу туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар сияқты дәл сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледi. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған берешектiң мөлшерiн ескере отырып, айырбастау, алмастыру немесе қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау нәтижесiнде алынған қаржы құралдарына тыйым салу туралы қаулы шығаруға мiндеттi.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер атқарушылық құжатта борышкердің бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға және (немесе) борышкерге тиесілі, тыйым салынған бағалы қағаздарды өтеген кезде ақша сомасын алуға құқықтарын шектеу белгіленсе, онда осы бағалы қағаздар бойынша барлық кірістер аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының деректемелері тиісті атқарушылық құжатта көрсетілген өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына есептелуге тиіс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған не номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны өз еркімен қайтару туралы номиналды ұстаушы шешім қабылдаған жағдайда бағалы қағаздарды аударуды қоспағанда, тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздар алып қойылмайды және құқықтарды есепке алу үшін басқа номиналды ұстаушыға берілмейді.

      Номиналды ұстаушы және (немесе) кастодиандық қызмет ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған не номиналды ұстаушының нақтылы ұстаушы және (немесе) кастодиандық қызмет ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда тыйым салынған бағалы қағаздар орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі ұстаушының жеке шотына (қосалқы шотына) аударылады.";

      12-тармақ алып тасталсын.

      24. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      126-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер мемлекеттік заңды тұлға өз қызметінің мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде) белгіленген нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келсе, мемлекеттік заңды тұлға бас қаржы келісімі шеңберінде мәмілелер жасасуға құқылы.

      Бас қаржы келісімінің тараптары бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке алуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржы келісімінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржы келісімінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке алу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.".

      25. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру жинақтауды сақтандыру – сақтандыру жағдайы туындау нәтижесінде, оның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең аяқталғаннан кейін, қайсысы бірінші болуына байланысты, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін білім беру қызметіне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтап сақтандыру;

      2) білім беру жинақтауды сақтандыру шарттарының бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есептейтін сақтандыру шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

      3) білім беру жинақтауды сақтандыру шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) – өмірді жинақтап сақтандыру шарты, соған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайы туындау нәтижесінде есептелген инвестициялық кірісті де негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;

      4) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;

      5) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;

      6) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

      7) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызметі;

      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      9) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;

      10) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті;

      11) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

      12) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;

      13) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;

      14) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

      15) қатысушы сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасау және оларды орындау қызметін жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласында ынтымақтастық туралы келісім жасасқан заңды тұлға;

      16) мемлекет сыйлықақысы – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде және сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу сомасына төленетін ақша;

      17) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;

      18) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;

      19) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;

      20) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы – сақтандыру шарты бойынша сыйлықақыны (жарналарды), инвестициялық кірісті, өткен кезеңдердегі есептелген мемлекет сыйлықақыларын ескере отырып сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резервін негізге ала отырып, айқындалатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін мемлекет сыйақысын есептеу үшін қабылданатын сома;

      22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – пайдасына сақтандыру шарты жасалған тұлғаның (пайда алушының) білім алу қызметіне сақтандыру жағдайы туындаған не сақтандыру шартында айқындалған мерзім келген кезде қатысушы сақтандыру ұйымы ақы төлеу үшін төлейтін сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қоса алғанда, сақтандыру шартында көзделген ақша сомасы;

      23) сақтанушы – пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (осы Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);

      24) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      25) сатып алу сомасы – сақтанушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сақтандыру шартының қолданыс мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқылы ақша сомасы.";

      2) 3-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру жинақтау салымының және сақтандыру шартының нысаналы мақсаты;

      4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылу еріктілігі;";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздері

      1. Осы Заңның 11-бабының 7-тармағында және 11-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға қолданылады.

      2. Салымшы, пайда алушы, қатысушы банк, қатысушы сақтандыру ұйымы, енгізуші, сақтанушы, оператор, білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар болып табылады.";

      4) 6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатысушы банкпен, қатысушы сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қатысушы банктен, қатысушы сақтандыру ұйымынан, білім беру ұйымынан, салымшыдан, сақтанушыдан және пайда алушыдан салым шартын, сақтандыру шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратады;

      4) жасалған салым шарттарын, сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) тиісінше салымшыда немесе пайда алушыда операторда тіркелген салым шартының немесе сақтандыру шартының, сондай-ақ пайда алушы және салымшы бір тұлға болып табылатын сақтандыру шартының немесе салым шартының болуына тексеруді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) сақтандыру шартын білім беру жинақтауды сақтандыру шарттарының бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша қатысушы сақтандыру ұйымынан пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына қабылданғаны туралы растау құжаттарын алғаннан кейін және сақтандыру шарты бойынша шетелдік білім беру ұйымына сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін мемлекеттік сыйлықақыны есептеуді тоқтатады;";

      6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің, қатысушы сақтандыру ұйымының орындауы туралы мәліметтерді жылына екі рет жариялайды;

      7) білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына есепке жатқызылуға тиіс мемлекет сыйлықақысы сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке немесе қатысушы сақтандыру ұйымына ұсынады;

      8) қатысушы банктің және қатысушы сақтандыру ұйымының білім беру жинақтау салымдарына және сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақылары сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

      9) осы Заңның 14 және 14-1-баптарында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді;

      10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке, сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы сақтандыру ұйымына немесе білім беру ұйымына береді;

      11) қатысушы банктің, қатысушы сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақысы сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;

      12) салымшының, сақтанушының, қатысушы банктің, қатысушы сақтандыру ұйымының, білім беру ұйымының осы Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзуы анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қолданады;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) қатысушы сақтандыру ұйымы осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ сатып алу сомасын және сақтандыру шарты бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысы сомасын сақтанушының таңдауымен басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аударуды талап етеді;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) салымшының немесе пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын бұзу немесе сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті немесе қатысушы сақтандыру ұйымын хабардар етеді.";

      5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Салым шарты және сақтандыру шарты";

      6) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, қатысушы банк ұсынған салым шарттары тіркелуге жатады. Салымшының операторда тіркелген салым шарты немесе пайда алушы болып табылатын салымшының операторда тіркелген сақтандыру шарты болған кезде, салым шарты тіркелуге жатпайды.";

      7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Сақтандыру шарты және сақтандыру шартына билік ету

      1. Сақтандыру шарты қатысушы сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында білім саласындағы уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.

      2. Сақтандыру шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

      3. Сақтандыру шартында мына мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) шарттың нысанасы;

      2) сақтанушы туралы мәліметтер;

      3) шарт бойынша пайда алушы туралы мәліметтер;

      4) сақтандыру жағдайын көрсету;

      5) сақтандыру сомасының мөлшері;

      6) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімі;

      7) төлем талаптары мен сатып алу сомасының мөлшері;

      8) шарттың қолданыс мерзімі;

      9) сақтандырып қорғаудың қолданыс мерзімі;

      10) осы Заңда белгіленген мемлекет сыйлықақысының мөлшері;

      11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      12) сақтанушының, пайда алушының (заңды өкілінің) сақтандыру құпиясын операторға ашуға жазбаша келісімі;

      13) тараптардың жауапкершілігі;

      14) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

      15) шартты бұзу талаптары;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де ережелер.

      4. Оператор қатысушы сақтандыру ұйымы ұсынған осы Заң талаптарына сәйкес келетін сақтандыру шарттарын білім беру жинақтауды сақтандыру шарттарының бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуді жүзеге асырады. Сақтандыру шарты операторда пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шарты немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылса, операторда тіркелген салым шарты болған кезде тіркеуге жатпайды.

      5. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады.

      6. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.

      7. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы бір рет төленеді немесе сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру жарнасы ретінде бөліп төленеді.

      8. Осы Заңға сәйкес мыналар:

      1) сақтандырылушының сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін тірі болуы;

      2) сақтандырылушыға сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде І немесе ІІ топтағы мүгедектіктің белгіленуі;

      3) сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде сақтандырылушының қайтыс болуы сақтандыру жағдайлары болып табылады.

      9. Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына түсу жағдайларын қоспағанда, пайда алушы шарт негізінде білім беру ұйымына түскен кезде сақтандыру төлемі білім беру ұйымына жүзеге асырылады.

      10. Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін шарт негізінде қатысушы сақтандыру ұйымы пайда алушының атына "эскроу-шот" режиміндегі банк шотын осы тұлғаның банк шоты бойынша шығыс операцияларын жасауға құқығын шектей отырып, тек шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметіне ақы төлеу үшін ашады және сақтандыру төлемі сомасын осы шотқа аударады.

      Қатысушы сақтандыру ұйымы "эскроу-шот" режиміндегі банк шотына сақтандыру төлемі аударылған сәттен бастап мемлекет сыйлықақысын есептеу тоқтатылады.

      11. Білім беру ұйымына шарт негізінде оқуға түскен кезде сақтандыру төлемі сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда білім беру ұйымына кезең-кезеңімен төлемдермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы) немесе бір рет толық көлемде (оқудың бүкіл мерзіміне) ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      12. Пайда алушыға білім гранты тағайындалған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:

      1) есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға;

      2) сақтандыру шартының қолданыс мерзімін ұзартуға және сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметіне ақы төлеуге жұмсауға;

      3) сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, жасалған (жасалатын) сақтандыру шартына ақы төлеуге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына аударуға құқылы.

      13. Сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың бүкіл кезеңіндегі білім беру қызметіне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін асып кеткен сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі пайда алушыға не оның заңды өкіліне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда төленуге жатады.

      14. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не пайда алушыны қайтыс болды немесе денсаулығына байланысты оқуын жалғастыруға әрекетсіз деп жариялаған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері:

      1) сақтандыру шартында көрсетілген пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;

      2) сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып алуға құқылы.

      15. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып сатып алу сомасын бір қатысушы сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы сақтандыру ұйымына, алайда сақтандыру шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін аударуға құқылы.

      16. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың есебі мен тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару

      1.      Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.

      2. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу жыл сайын сақтандыру шарты бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген сомаға жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданыс кезеңі ішінде есептеледі.

      3. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына қосылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

      4. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салым шарты үшін осы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі.

      5. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;

      2) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда;

      3) пайда алушы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

      6. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:

      1) сатып алу сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;

      2) пайда алушының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;

      3) пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      4) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.

      7. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды қатысушы сақтандыру ұйымы оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмесі бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, толық көлемде;

      2) осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне жұмсалмаған сома бөлігінде;

      3) осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша, мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылған сомасын қайтаруды жүзеге асырады.";

      9) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың өзара іс-қимылы

      1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы сақтандыру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

      Қатысушы сақтандыру ұйымдарына:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларының болуы;

      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптары қойылады.

      3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы сақтандыру ұйымы пайда алушының осы Заңның талаптарына сәйкес келуін, сондай-ақ пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының және пайда алушы мен салымшы бір тұлға болып табылатын салым шартының болмауын тексереді.

      4. Әрбір сақтандыру шарты бойынша қатысушы сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімде және тәртіппен операторға пайда алушы туралы, сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу сомасының мөлшері, сатып алу сомасы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен сомасы туралы, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтер ұсынады.

      5. Оператор пайда алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады.

      6. Оператор қатысушы сақтандыру ұйымдары сақтандыру шарттары бойынша ұсынған мәліметтер негізінде осы Заңның 17-бабының 2, 3, 4 және 6-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімде мемлекет сыйлықақысын есептеуді, есепке жазуды және қосымша есепке жазуды жүзеге асырады.

      7. Қатысушы сақтандыру ұйымы пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шарттарына оператордан мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекет сыйлықақысын есепке жазады.

      8. Сақтандыру шарты арқылы білім беру қызметіне ақы төлеу сақтанушының немесе пайда алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметін көрсету шартының көшірмесін берген кезде қатысушы сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде білім беру мекемесінің банк шотына сақтандыру төлемін аударады.

      9. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде пайда алушы немесе сақтанушы үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы сақтандыру ұйымына және операторға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      10. Білім беру ұйымы:

      1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;

      2) сақтанушының, пайда алушының немесе қатысушы сақтандыру ұйымының сұрау салуы бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді;

      3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;

      4) пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде операторды үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      11. Білім беру ұйымы пайда алушының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығы болып табылады.

      12. Пайда алушы білім беру ұйымынан оқудан шығарылған жағдайда, білім беру қызметіне пайдаланылмаған соманы білім беру ұйымы қатысушы сақтандыру ұйымының банк шотына оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.";

      10) 19-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын өмірді сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне жатады.".

      26. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) зейнетақы аннуитетi шарты – бір тарап (сақтанушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын (сатып алу сомасын) беруге мiндеттенетін, ал екінші тарап (сақтандыру ұйымы) сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;";

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын коммерциялық емес ұйым";";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушы қайта жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударуды жүзеге асыру үшін пайдалануға немесе егер сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шығу фактісін растайтын құжатты ұсынған шетелдік немесе тұрғылықты тұруға Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққан азаматтығы жоқ адам болса, сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;";

      2) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудару қағидаларын әзірлейді және оларды бекітеді;";

      3) 34-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-2) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға;";

      4) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:

      "50-1-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржы келісімі

      Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының, 58-бабы 2, 4-тармақтарының және 8-тармағы 2) тармақшасының ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәмілелер бойынша талаптарды есепке алуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

      Бас қаржы келісімінің тараптары бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке алуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржы келісімінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).

      Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша бас келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке алу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";

      5) 59-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.

      Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.

      2. Сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есесінен) кем болмауға тиіс.

      Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтанушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.";

      6) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      1. Зейнетақы аннуитетi шартының үлгiлік нысанын және жасау тәртібін уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

      2. Зейнетақы аннуитетi шарты осы Заңның талаптарымен айқындалған мерзiмге жасалады.

      3. Зейнетақы аннуитеті шартының тарабы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар және бір мезгілде сақтандырушылар болып табылатын екі сақтанушы (сақтандырылушы) бола алады.

      4. Зейнетақы аннуитеті шартын жасайтын тұлға сақтандыру ұйымын ерікті түрде таңдайды.

      5. Зейнетақы аннуитетi шарты жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтанушының (салымшының) сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) идентификаттау үшін қажетті деректер қамтылған өтініші зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болып табылады.

      Өтінішке сақтанушы (сақтанушылар) немесе салымшы (салымшылар) қол қояды.

      Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушының (салымшының) қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш арқылы не сақтанушы (салымшы) мен сақтандырушы арасында ақпаратты сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

      Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабында белгіленеді.

      6. Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған және бұзған кезде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасындағы, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасындағы қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер енгізген кезде ақпарат алмасу сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді осы Заң және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

      9. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда, бірақ оны жасасқан күннен кемінде екі жыл өткен соң, зейнетақы аннуитетi шарты тек сақтанушының (сақтандырылушының – зейнетақы аннуитеті екі тұлғамен жасалған жағдайда) бастамасымен ғана не шығу фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған шетелдік не азаматтығы жоқ адам болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) тұрғылықты тұруға Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққан жағдайда бұзылуы мүмкін.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда, сақтандыру төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын бұзу, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі осы баптың 3-тармағына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шартында белгіленеді.

      Зейнетақы аннуитеті шартын бұзған кезде:

      1) онда көзделген өтеу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен және сақтандыру ұйымының істі жүргізуге кеткен шығындарын шегергендегі сақтандыру төлемдерінің мөлшерінен кем болмауға тиіс;

      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем болмауы керек.

      10. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшы (алушы) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін қайта қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар;

      11. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:

      1) сақтандыру төлемдерінің мерзімділігі осы баптың 13-тармағына сәйкес айқындалады;

      2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.

      12. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге жұмсайтын шығыстарының жол берілген деңгейі, сондай-ақ сақтандыру төлемі индексациясының мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.

      13. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:

      ерлер – 55 жасқа;

      әйелдер:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;

      осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.

      14. Сатып алу сомасын зейнетақы аннуитеті шартын жасауға байланысты бір сақтандыру ұйымынан екінші сақтандыру ұйымына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      7) 61-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;";

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру ұйымы:

      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

      2) зейнетақы аннуитетi шартын осы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресiмдеуге;

      3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары туралы деректер алмасуды жүзеге асыруға;

      4) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға немесе құқықтары бұзылған сақтандырылушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы, бірақ төленбей қалған соманың 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;

      6) сақтанушы және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған бір жолғы төлем түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.";

      8) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.".

      27. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) кепiлдi кредитор – талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін борышкердің мүлкiн кепілге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;";

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Осы баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшаларының ережелері мынадай жағдайларды қоспағанда:

      1) бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалса;

      2) бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайтарып алған күнге дейін бір ай ішінде жасалса;

      3) бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкердің үлестес тұлғасымен немесе оның мүддесі үшін оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде жасалған;

      4) бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейін немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға берілген лицензияны борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуі тиіс) тұлғамен қайтарып алған күнге дейін алты ай ішінде жасалса;

      5) бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде (универсалды құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың өзгеруін қоспағанда):

      оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;

      борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайтарып алған күнге дейін бір ай ішінде;

      борышкердің үлестес тұлғасымен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде;

      оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге немесе қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға арналған лицензияны борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен қайтарып алған күнге дейін алты ай ішінде тараптардың ауысуы жүзеге асырылса, бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.

      9. Бас қаржы келісімі шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыздығы, егер бас қаржы келісіміне және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тану үшін негіздеме болмаса, бас қаржы келісімінің өзінің және бас қаржы келісімі шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соқпайды.

      Нетто-міндеттеме (нетто-талап) айқындалғаннан кейін бас қаржы келісімі шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәмілелер жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттемеден (нетто-талаптан) жарамсыз деп танылған мәміле немесе мәмілелер нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттеме (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарабы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) қайта есептеуге тиіс.";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы Заңның осы бабы 1, 2, 3 және 4-тармақтарының, 28-2-бабының, 50-бабы 1-тармағының, 51-бабының, 68-бабы 1-тармағының, 76-бабы 4) тармақшасының, 87-бабының, 94-бабы 6) тармақшасының, 101-бабы 3-тармағының, 117-бабының және 122-бабы 1-тармағының ережелері бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке алуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

      Бас қаржы келісімінің тараптары бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке алуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржы келісімінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржы келісімінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке алу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.";

      4) 96-баптың 4-тармағы 10) тармақшасындағы "лизинг нысанасы енгізілмейді." деген сөздер "лизинг нысанасы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге дейін немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға арналған лицензияны кері қайтарып алған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына байланысты, бас қаржы келісімі шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемі енгізілмейді.";

      5) 100-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кепілді кредиторлар талаптары, банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары қанағаттандырылады.";

      6) 103-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілді кредитор талабының сомасын айқындау кезінде кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.

      2. Кепілді кредитордың талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.".

      28. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 33-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бір немесе одан көп банк операциялары лицензияланатын қызмет түрінен алып тасталған жағдайда, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, сақтандыру нарығындағы қызметті қоспағанда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі және (немесе) кіші түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.";

      2) 1-қосымшада:

      53-жолдың 3-бағанында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтары салымшыларының салымдарын қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу және оларға тұрғын үй қарыздарын беру;";

      59, 59-1 және 65-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59.

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия

1. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының
3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру.
2. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру.
3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру.
4. Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру.

Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның
25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып

59-1.

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия

1. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының
3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру.
2. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру.
3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру.
4. Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру.

Иеліктен шығарылмайтын; конкурстың рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы бірінші бөлігінің және
26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып

65.

Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия


Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның
25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып

      ";

      3) 2-қосымшада:

      242-жолда:

      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру";

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) қаулысы".

      29. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      27-бапта:

      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің оның банк шоттарындағы ақшасына;

      5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшасына;

      5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банк шоттарындағы ақшаға;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банк шоттары бойынша, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банк шоттарындағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банк шоттарындағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банк шоттарындағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банк шоттарындағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банк шоттарындағы активтеріне, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің оның банк шоттарындағы ақшасына, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаға, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банк шоттарындағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.".

      30. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 17-тармағы 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:     

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 62) тармақшасының жетінші абзацын, 10-тармағы 4) тармақшасының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын, 26-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын;

      2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 26-тармағының 3) тармақшасын, 6) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарын;

      3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 8) тармақшасын, 17) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 27) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 10-тармағы 4) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма бесінші абзацтарын, 14-тармағы 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 16-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын;

      4) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын, 7-тармағы 13) тармақшасының жиырма алтыншы абзацын, 17) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын, 61) тармақшасын, 11-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 12-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 13-тармағы 3) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 14-тармағы 4) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 18-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 21-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацын;

      5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 16) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 23) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру портфелін "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруі сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінің болмауынсыз, сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) осындай берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті хабардар ете отырып, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

      "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру портфелін берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лицензиялық алымды төлемей лицензияны қайта ресімдеу үшін оны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялық алымды төлемей лицензияны қайта ресімдеу үшін оны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      4. Осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 17) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған сақтандыру агенттеріне қатысты қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады