Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 285 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      бір жүз қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;";

      бір жүз елу екінші, бір жүз жетпіс сегізінші, екі жүз қырық бірінші және екі жүз қырық екінші абзацтар алып тасталсын;

      екі жүз жетпіс алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс жетінші, екі жүз жетпіс сегізінші және екі жүз жетпіс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз ету;

      қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту;";

      2) тармақшада:

      бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;

      бір жүз сексенінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы бір жүз сексен бірінші және бір жүз сексен екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады