Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 303 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 49 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің;

      2) Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 31 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдарының атаулары өзгертілсін:

      1) "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Алакөл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Шарын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Үлкен Дихан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Заманбек Батталханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады