"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 322 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 830 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 мамырдағы
№ 322 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 284 қаулысымен
бекітілген

Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Сараптаманы қаржыландыру пайдаланушы ұйымның қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі

      3. Сараптаманы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің осы түрін жүзеге асыруға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттелген ұйымдар (бұдан әрі – аккредиттелген ұйым) жүргізеді.

      4. Сараптама:

      1) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасына;

      2) ядролық қондырғылардың, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасына;

      3) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасына;

      4) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасына жүргізілуге тиіс.

      5. Сараптама ядролық және радиациялық қондырғылардың жүйелерінде, жабдығында, жобалау және пайдалану құжаттамасында ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер болған кезде қайта жүргізіледі.

      Пайдаланушы ұйым бір мезгілде уәкілетті органды және бұрын ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сараптама ұйымын ядролық және радиациялық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасын ұсына отырып, жоспарланатын өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді

      6. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын пайдаланушы ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) аккредиттелген ұйымға сараптама жүргізуге арналған өтінім жібереді.

      7. Жобалау және пайдалану құжаттамасы қағаз және электронды жеткізгіштерде беріледі.

      8. Сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың басшылары:

      1) сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын айқындайды, қажет болған жағдайда отандық және шетелдік мамандарды тартады, бұл ретте Заңның 24-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар сарапшылар ретінде әрекет етпейді;

      2) сараптама қорытындысына қол қояды.

      9. Сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап үш айдан аспайды.

      10. Аккредиттелген ұйымдар сараптама жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисап әдістемелерін қолданады.

      11. Аккредиттелген ұйым сараптама жүргізу нәтижелері бойынша жүргізілген сараптаманың нысанасы мен объектісі туралы ақпаратты, өтініш беруші көздеп отырған немесе жүргізіп жатқан қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды, сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы тұжырымды қамтитын қорытынды береді.

      12. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы қорытынды беріледі.

      13. Сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда өтініш беруші ескертулерді жояды және жобалау мен пайдалану құжаттамасын сараптама жүргізу үшін қайта жібереді. Аккредиттелген ұйым қайта сараптаманы бастапқы (бұрын жобалау мен пайдалану құжаттамасының сараптамасын жүзеге асырған) құрамда жүргізеді. Қайта сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап бір айдан аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады