Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 227 қаулысы.
2. "Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысы.
3. "Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысы.
4. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 322 қаулысы.
5. "Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 399 қаулысы.