Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 10000 (он мың) тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұны броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету бойынша шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |