"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2021 жылы:
1) "Астана" кәсіби спорт клубы" корпоративтік қорын қаржыландыруды;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |