"Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 379 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне:

      "Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар):" деген 1-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 58) тармақшамен толықтырылсын:

      "58) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы.";

      "Мынадай су шаруашылығы құрылыстары:" деген 2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 30), 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30) Сырдария өзеніндегі Көксарай су реттеуіші;

      31) Астана қаласының Есіл өзенін тасқын су басудан қорғау бөгеті;

      32) "Батыс" коллекторы бар Қызылқұм магистральды каналы.";

      "Мынадай қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар):" деген 3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Нұр-Сұлтан".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады