Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 410 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      Арыс қаласының Ақдала ауылдық округінен берілетін 500,0 гектар жерді Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округінің шекарасына;

      Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен берілетін 500,0 гектар жерді Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің шекарасына;

      Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінен берілетін 491,0 гектар жерді Арыс қаласының шекарасына қосу жолымен Арыс қаласы мен Ордабасы ауданының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы "Түркістан облысы Арыс қаласы мен Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 227 қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/435-VI шешіміне келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 15 маусымдағы
№ 410 қаулысына
қосымша

Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы

Р/с №

Атауы

Жалпы жердің көлемі, га.

Ауыл-шаруашылығы алқаптарының барлығы

оның ішінде

Құрылыс салынатын жерлер

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

Су қорының жерлері

егістік

шабындық

жайылым

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Арыс қаласының Ақдала ауылдық округінен берілетін, Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округінің шекарасына қосылатын жердің жалпы көлемі

500,0

500,0

-

-

500,0

-

-

-

-

2

Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен берілетін

500,0

402,9

-

-

398,0

4,9

11,1

-

86,0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің шекарасына қосылатын жердің жалпы көлемі










3

Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінен берілетін Арыс қаласының шекарасына қосылатын жердің жалпы көлемі

491,0

143,8

-

-

138,4

5,4

211,2

136,0

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады