"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 418 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) мазмұнында:

      80-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері";

      мынадай мазмұндағы 81-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "81-1-бап. Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттары және (немесе) талаптар";

      82-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-бап. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері";

      мынадай мазмұндағы 83-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі";

      112-2 және 112-3-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      130, 131 және 132-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

      131-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер

      132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар";

      137-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "137-бап. Мемлекеттік бақылау нысандары";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";

      141 және 144-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі

      144-бап. Тексерулер, ұйымдастыру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 144-1, 144-2, 144-3, 144-4, 145, 146, 147, 148, 149-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "144-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      144-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

      144-3-бап. Бақылау мақсатында сатып алу

      144-4-бап. Тергеп-тексеру

      145-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      146-бап. Тағайындау туралы актіні, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу

      147-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының іс-қимылы

      148-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мерзімдері

      149-бап. Өнім үлгілерін іріктеу тәртібі";

      150-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      151, 152-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "151-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезіндегі шектеулер

      152-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі";

      152-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      153, 154, 155 және 156-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қолданатын шаралар

      154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      155-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік реттеу шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптар тұтынушылар, мемлекет үшін пайда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға байланысты шығындардан басым болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.";

      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі

      Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне:

      1) осы Кодексте белгіленген реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін енгізу;

      2) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімді арттыру;

      3) реттеушілік саясатты қалыптастыруға жобалық тәсілді енгізуге, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бұрын қабылданған шешімдерінің сабақтастығы мен ескерілуіне негізделген мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі;

      4) жаңа талаптарды енгізу нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері үшін ақталмаған кедергілер жасамау арқылы қол жеткізіледі.";

      4) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Өзін-өзі реттеу

      Мемлекет кәсіпкерлік және кәсіптік қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін мемлекеттік реттеу саласын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де ынталандыру шараларын ондағы ең төменгі қажеттілікке сүйене отырып қысқарту арқылы жағдай жасайды.";

      5) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сараптама кеңестерінің құрамына Ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

      Сараптама кеңестерінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";

      6) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері

      1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ел экономикасының өсуін ынталандыратын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      2. Мемлекеттік реттеудің міндеттері:

      1) халықтың өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды;

      2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызмет үшін қолайлы экожүйені қалыптастыруды;

      3) экономикада адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауды;

      4) кәсіпкерлер беделінің құндылығына негізделген бизнестің адал, әдепті жүргізілуін ынталандыруды;

      5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесуді;

      6) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтиды.

      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу реттегіш құралдар арқылы жүзеге асырылады және:

      1) Қазақстан Республикасының заңдары;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

      4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері;

      6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар деңгейінде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуіне негізделген.

      4. Осы Кодекстің 7-тарауы қаржы заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуге, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.";

      7) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "81-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары

      1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу:

      1) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;

      2) техникалық реттеу;

      3) бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      5) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу нысанында;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

      2. Кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету құралдары мынадай реттегіш құралдар:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін белгілеу;

      4) ақпараттық құралдар;

      5) өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу болып табылады.";

      8) мынадай мазмұндағы 81-1-баппен толықтырылсын:

      "81-1-бап. Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттары және (немесе) талаптар

      1. Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар мынадай шарттар:

      1) негізділік;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;

      3) ашықтық және болжамдылық;

      4) орындаушылық;

      5) айқындық;

      6) мөлшерлестік;

      7) тұрақтылық;

      8) ұтымдылық негізінде қалыптастырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың мынадай анықтамалары бар:

      1) негізділік деп реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында ғана енгізілетіні түсініледі;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі деп жекелеген нарық субъектілері үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялар субъектілері үшін әртүрлі құқықтық режимдер мен талаптарды белгілеуге жол бермеу түсініледі;

      3) ашықтық және болжамдылық деп реттегіш құралды енгізу уәждерінің және (немесе) талаптың түсініктілігі және кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметін реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға сәйкес келтіру үшін жеткілікті уақыт беру түсініледі;

      4) орындаушылық деп енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың ұтымдылығы және оларды кәсіпкерлік субъектілерінің орындау мүмкіндігі түсініледі;

      5) айқындық деп реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды регламенттейтін нормаларды екі жақты түсіндіруге немесе белгісіздікке жол бермейтін нысанда түсінікті, қолжетімді баяндау түсініледі;

      6) мөлшерлестік деп нақты салалардағы мемлекеттік реттеу қатаңдығы деңгейінің Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңнамалық актілерімен қорғалатын құндылықтар үшін қолайсыз оқиғалардың басталу тәуекелі деңгейіне сәйкестігі түсініледі;

      7) тұрақтылық деп жаңа және (немесе) өзгертілетін реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі түсініледі;

      8) ұтымдылық деп реттегіш құралдардың және (немесе) реттелетін құқықтық қатынастар субъектілері үшін ыңғайлылық пен ауыртпалық талаптарының сәйкестігі түсініледі.

      3. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгерту осы бапта белгіленген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мақсаттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің осы Кодекстің 3-бабында белгіленген өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.

      4. Енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың шарттарына сәйкестікті бағалау реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіпке сай реттеушілік әсерге талдау жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.";

      9) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-бап. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған болса, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

      Реттеуді қатаңдату реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені басқаша арттыру болып табылады.

      2. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай қатер төндіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында және (немесе) талаптарда айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің нақ сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздеуге тиіс.

      Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті құқықтық қатынастарды реттеу алғаш рет енгізілетін жағдайларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      3. Реттеушілік әсерді талдауға реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының заңнамалық бастамалары, депутаттардың Қазақстан Республикасының Парламентінде қараудағы заң жобаларына түзетулері, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары жатады.

      Бұл ретте реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін және (немесе) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеу қатаңдатылғанға дейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап:

      1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарларын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;

      2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;

      3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;

      4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнайы валюталық режимді енгізуге;

      5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;

      6) тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;

      7) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеуге;

      8) қарсы барлау және барлау қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;

      9) жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;

      10) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу мәселелерін реттеуге;

      11) соғыс жағдайын енгізуге және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге қолданылмайды.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына да қолданылмайды.

      4. Жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылатын, негізгі функциялары:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;

      2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;

      3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылатын кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

      3) кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;

      4) коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

      5) сараптама топтарын құруға, олардың ережесін бекітуге және осындай сараптама топтарын қалыптастыру мен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге құқығы бар.

      Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамаларында және Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларында реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, осы тармақтың талаптары өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      Өңірлік маңызы бар актілер деп мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.

      5. Реттеушілік әсерді талдаудан басқа, әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты енгізу немесе қолданыстағы әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығын қатаңдату жағына қарай қайта қарау мыналарды көздеуге тиіс:

      1) заңгерлік жауапкершілік шараларының жазалаушы сипатына жол бермеу;

      2) бір құқық бұзушылық үшін заңгерлік жауапкершіліктің бірнеше түрі енгізілген жағдайда, заңгерлік жауапкершілік мөлшерінің қисынды арақатынасы;

      3) бұзылуы заңгерлік жауапкершілікке әкеп соғатын талаптарды нақтылау.";

      10) 83-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.

      Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, оның ішінде бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар және (немесе) талаптар бойынша жүргізіледі.

      Енгізілген реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың, сондай-ақ қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдау реттеуші мемлекеттік органдар жыл сайын бекітетін қайта қарау жоспарларына сәйкес, оның ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, Ұлттық палатаның негізделген ұсыныстары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Осы Кодекстің 80-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қатысты қайта қарау жоспары жыл сайын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.

      Мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарларын орындамауы туралы ақпарат кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша енгізілген кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде реттегіш құралдың немесе талаптың күші жойылуы немесе қайта қаралуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.";

      6-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе нормативтік техникалық құжаттың, нормативтік құқықтық акт жобасының, заң жобасы тұжырымдамасының, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе нормативтік техникалық құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1, 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.";

      11) мынадай мазмұндағы 83-1 және 83-2-баптармен толықтырылсын:

      "83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі

      1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – Талаптар тізілімі) деп кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісінде реттегіш актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры түсініледі.

      Осы баптың мақсаттары үшін реттегіш актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар түсініледі.

      Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:

      1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметін жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету.

      2. Реттеушілік актілер талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3. Реттеушілік актілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға берілетін, кәсіпкерлік қызметті реттеу кезінде оларды қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша талаптар тізіліміне енгізіледі.

      Ұсынымда реттеуші органдар тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің айқындалған мақсаттарын және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестілігін анықтау мақсатында өздері ұсынатын реттеушілік актілеріне талдау жүргізу мерзімдерін көрсетеді.

      4. Реттеушілік актілер талаптар тізіліміне мынадай түрде енгізіледі:

      1) заңдар әр бабымен;

      2) өзге де нормативтік құқықтық актілер және осы актілердің немесе құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, олардың атаулары бойынша өзге де құжаттар.

      5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган реттеушілік актілерге талдау жүргізудің реттеуші мемлекеттік органдар ұсынғаннан өзге мерзімдерін ұсынуға құқылы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобының қарауына қоса берілген материалдармен бірге реттеуші органдардан келіп түскен барлық ұсыныстарды жібереді.

      Реттеуші мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобы арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, реттеушілік актілеріне талдау жүргізу мерзімдері бойынша түпкілікті шешімді Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайды.

      Реттеушілік актілерге талдау жүргізу реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Егер реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіні бұл үшін талаптар тізілімінде көзделген мерзімдерде талдауды жүзеге асырмаған болса, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік реттеуші органның бірінші басшысының атына талдау жүргізу және кәсіпкерлік қызметті реттеудің тиісті саласына жауап беретін бірінші басшының орынбасарын жауаптылыққа тарту туралы талаппен ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте реттеуші мемлекеттік органға жол берілген бұзушылықты жою үшін мерзім беріледі.

      Реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіге талдау жүргізу мерзімін қайтадан бұзған жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы мәселені Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады.

      Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жол берілген бұзушылықтың себептері туралы реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысын тыңдайды, оның нәтижелері бойынша заңның тиісті баптарына, нормативтік құқықтық актіге, өзге де құжатқа немесе олардың міндетті талаптары бар жекелеген құрылымдық элементтеріне белсенді емес мәртебе беру туралы ұсынымдар шығаруы мүмкін.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде заңның тиісті баптарына, нормативтік құқықтық актіге, өзге де құжатқа немесе олардың міндетті талаптарды қамтитын жекелеген құрылымдық элементтеріне белсенді емес мәртебе беру туралы шешім қабылдайды.

      Заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің, өзге де құжаттардың тиісті баптарының белсенді емес мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың жарамсыздығына, күшін жоюға немесе өзге де құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      7. Осы баптың 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген шешім қабылданған жағдайда талаптар тізілімінде тиісті белгі жасалады.

      8. Талаптар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесі базасында жүзеге асырады.";

      12) 84-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      1-3) реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау;";

      13) 85-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;";

      14) 112-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-1-бап. Ақпараттық құралдар

      1. Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға заңнамалық актілерде белгіленген, бір мезгілде төмендегі барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін ақпаратты беру талаптары түсініледі:

      1) ақпарат беру міндетті болып табылады;

      2) ақпаратты бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады;

      3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.

      2. Ақпараттық құралдарды енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган ақпараттық құралдардың тізбесіне, сондай-ақ Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізіліміне толықтырулар енгізуге бастама жасауға тиіс.

      3. Ақпараттық құралдарды ұсыну ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.

      Бұл ретте ақпараттық құралдарды беруді талап етуге тыйым салынады, олар бойынша олардың берілуін автоматтандыру енгізілмейді және қамтамасыз етіледі.

      4. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.

      Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылар, коллекторлық агенттіктер, қаржы ұйымдарына ірі қатысушылар, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері, кредиттік бюролар, банк конгломераттарына және сақтандыру топтарының құрамына кіретін тұлғалар, төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығының субъектілері қызметімен, валюталық құқықтық қатынастарды реттеумен, қаржы қызметтерін көрсетумен, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуымен, айналысымен, өтелуімен және жойылуымен байланысты қатынастар жиынтығы қаржы саясаты деп түсініледі.";

      15) 112-2 және 112-3-баптар алып тасталсын;

      16) 129-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар

      1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

      2. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу, осы баптың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесі мен қызмет түрлеріне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Осы Кодексте мыналар белгіленеді:

      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу тәртібі;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      3) бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;

      4) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері.

      4. Осы Кодекстің осы бабын, 130-бабын, 131-бабының 1-4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарының сақталуына;

      2) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына;

      3) "Ішкі су көлігі туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылау мен қадағалауға;

      4) бірыңғай технологиялық циклде тірі жануарларды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда тірі жануарларды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты өткізетін сауда базарларында ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры аумағында, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің рұқсатсыз алынуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына;

      6) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      балық шаруашылығы су айдындарында балықтардың белгіленген кәсіпшілік мөлшері, балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, қосымша аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;

      аңшылық шаруашылығы аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі және түрі, олардың жыныс-жас құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына;

      7) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;

      8) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздігіне;

      9) жолаушылар поездарында жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;

      10) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс сауда-саттыққа;

      11) халықтың көші-қоны саласындағы бақылауға;

      12) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін, темекі
өнімін сатуды, балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына байланысты бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін), оны жүргізу уақытын, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) орналасқан жерін алдын ала айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      5. Осы Кодекстің осы бабын, 130-бабын, 131-бабының 1 – 4-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      6. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1 – 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы:

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар талаптарын орындауын бақылау;

      2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің сақталуын бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

      7. Осы Кодекстің 13-тарауы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.

      8. Осы Кодекстің 131-бабының 1 – 4-тармақтарын, 131-1-бабын қоспағанда, 13-тарау кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

      9. Осы бапты (ветеринариялық, фитосанитариялық бақылау және қадағалау бөлігінде), осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1 – 4-тармақтарын, 131-1-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде өсімдіктер карантині, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      10. Осы бапты, 130-баптың 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156-баптарды қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы орындалуын бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      11. Осы Кодекстің осы бабын, 130-бабын, 131-бабының 1 – 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауының күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      12. Осы Кодекстің 13-тарауы:

      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

      2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау және қадағалау;

      3) сот төрелігі;

      4) жедел-іздестіру қызметі;

      5) қарсы барлау қызметі;

      6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау;

      9) субъектілері мемлекеттік органдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

      Осы баптың 12-тармағының 8) және 9) тармақшаларында айқындалған салаларға осы Кодекстің 130-бабының, 131-бабының 1 – 4-тармақтарының, 131-1-бабының, 154-бабының 2 және 3-тармақтарының, 157-бабының ережелері қолданылады.

      13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 13-тарауы:

      1) ішкі істер органдары:

      Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;

      жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;

      осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуы;

      3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуы;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;

      5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

      Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.

      14. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 5 (ішкі аудит қызметтерін тексеруді қоспағанда) және 10-тармақтарында (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда), 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.

      Бұл ретте осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларында (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласында) көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.

      Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді ұсынады.

      15. Осы баптың 4, 5, 6, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілермен регламенттеледі.

      16. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы қолданылады.

      17. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 9, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаған жағдайларда бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібінің регламенттелуі болмаған жағдайларда бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

      18. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.

      19. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

      20. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.";

      17) 130-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

      1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, бақылау және қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мақсаты болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 4-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға тыйым салынады.

      3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:

      1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;

      2) адал бақылау және қадағалау субъектілерін ынталандыру;

      3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.";

      18) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "131-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер

      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекет мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.

      4. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу, бақылау мен қадағалауды құқық бұзушыларға шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.

      6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік тіркеген күннен бастап үш жыл ішінде (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуге тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.";

      19) 132-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.";

      20) 134-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау және қадағалау органының бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – бақылау) болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және байқау бойынша бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.";

      21) 135-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "135-бап. Мемлекеттік қадағалау

      1. Бақылау және қадағалау органының бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) болып табылады.

      2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануы болып табылады.

      3. Қадағалау:

      1) мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

      2) бақылау және қадағалау органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.";

      22) 136-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "136-бап. Жедел ден қою шаралары

      1. Қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауының алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жедел ден қою шаралары болып табылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін регламенттеу болмаған жағдайларда, оларды қолдануға тыйым салынады.

      2. Егер бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, көрсетілетін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін регламенттеу:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға арналған негіздерді;

      2) жедел ден қою шараларының түрлерін және оларды талаптардың нақты бұзылуына қолдану шарттарын;

      3) жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдеу тәртібін қамтиды.

      Осы Кодекстің 143-бабына сәйкес тексеру парағына енгізілген және бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      4. Жедел ден қою шараларын бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 139-бабында айқындалған салаларда қолданады.";

      23) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "137-бап. Мемлекеттік бақылау нысандары

      1. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін мемлекеттік бақылау:

      1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын
алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;

      2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;

      3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге:

      1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;

      3) бақылау мақсатында сатып алу болып бөлінеді.

      3. Тексерулер мынадай түрлерге:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар бойынша талаптар жөніндегі біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігіне тексеру);

      2) жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.

      4. Мемлекеттік бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдарының іс-қимыл кешенін білдіреді.

      5. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:

      1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;

      2) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұратуы;

      3) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды олардың сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісін шақырту арқылы жүргізеді.

      6. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасы бақылау және қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.

      7. Осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде қолданылуы мүмкін.

      Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылау немесе тексеру жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын тексеру парағының талаптарын бұзу фактісі анықталған кезде жедел ден қою шарасын қолдану туралы тиісті нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.";

      24) 138-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) атом энергиясын пайдалану саласында;";

      25) 139-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) атом энергиясын пайдалану саласында;";

      26) 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";

      27) 140-бап алып тасталсын;

      28) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі

      1. Бақылау және қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.

      Тәуекелдерді бағалау деп бақылау және қадағалау органдарының зиян келтіру ықтималдығын өлшеу жөніндегі қызметі түсініледі.

      Бақылау және қадағалау және тексерулер субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.

      2. Тәуекелдерді басқару деп тиісті қызмет саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгерту және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін мемлекеттік бақылау мен қадағалаудан босату арқылы тәуекелдерді бағалау негізінде профилактикалық бақылауды жүзеге асыру түсініледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға ықпал ететін, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін факторлармен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары болып табылады.

      3. Бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      4. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен асырмай айқындалады.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау және қадағалау объектілеріне қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен асырмай айқындалады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен асырмай айқындалады.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен бірақ үш жылда бір реттен асырмай айқындалады.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      5. Талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау және (немесе) тексерулер субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      6. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары негізінде әзірленеді.

      7. Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау және басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау және қадағалау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылу дәрежесін айқындау үшін негіз болып табылады және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің нысанасы болып табылады.

      Талаптардың бұзылуы ауырлығына қарай өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.

      Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуын өрескел, елеулі немесе елеусіз бұзушылықтарға жатқызу реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      9. Бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау және қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаған;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату немесе тексерулер жүргізу жағдайлары айқындалған;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылған жағдайларда ауыстырылады.

      10. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесіне (қатысушысына) мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, жеңілдететін индикатор ретінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін ескереді.

      Осы тармақтың, сондай-ақ осы баптың 9-тармағы 3) тармақшасының ережелері ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету салаларына қолданылмайды.

      11. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау нысандарын айқындауды реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалаудың әрбір саласы үшін жүзеге асырады.";

      29) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-бап. Тексеру парақтары

      1. Реттеуші мемлекеттік орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бірлескен актімен бекітеді.

      Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      2. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, сақтамалмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін міндетті талаптардың тізбесін қамтиды.

      Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.

      Біртекті топтар деп нақ сол талаптар қойылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.

      3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.

      Тексеру парағына енгізілетін талаптар бір мезгілде мынадай:

      1) экономикалық қауіпсіздікті, мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкін қорғауға, қоршаған орта үшін қауіпсіздікке, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей (тура) әсер ететін қызметпен (процеспен, әрекетпен) байланысты болу;

      2) талаптардың сақталуын көзбен шолу, зертханалық зерттеу, қарап тексеру және тексеріп қарау, растайтын құжаттардың бар-жоғын тексеру арқылы тексеру мүмкіндігі;

      3) талаптар жалпы сипатқа ие бола алмайтыны және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамти алмайтыны;

      4) бірнеше бақылаушы органдардың талапты қайталауына жол берілмеуі өлшемшарттарының бәріне сәйкес келуге тиіс.";

      30) 144-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "144-бап. Тексерулер, ұйымдастыру тәртібі

      1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын қолдана отырып жүзеге асырылады.

      Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      2. Реттеуші мемлекеттік орган бекіткен кесте талаптарға сәйкестігін тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Кесте бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, өздеріне қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру тағайындалған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.

      Бақылау және қадағалау органы талаптарға сәйкестігін тексеру кестесін және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде нақ сол бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.

      3. Бақылау және қадағалау органы талаптардың сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті тұлғасын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталған күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабарлама талап етілмейді.

      4. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

      Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы кемінде бір тәулік бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.

      5. Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге:

      1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      2) егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      3) заңнама талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары;

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

      6) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);

      7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

      8) салық төлеушінің өтініштері, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер негіз болып табылады.

      6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.

      7. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсіпкерлік субъектілеріне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жатады.

      8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қаупі төнген жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір алыс орналасқан объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып жүзеге асырылады.

      Тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі.

      10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I-II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүргізіледі.

      11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркелмей жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.

      12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданылуын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.";

      31) мынадай мазмұндағы 144-1, 144-2, 144-3 және 144-4-баптармен толықтырылсын:

      "144-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      1. Бақылау және қадағалау органдары бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бақылау және қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырады.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі, жүргізудің мақсаттары, құралдары, тәсілдері, субъектілердің тізбесі, жүргізу жиілігі, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) байқауын есепке алу тәсілі міндетті түрде көрсетіле отырып айқындалады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады:

      1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу және бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін негіз болып табылады.

      144-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бұл бақылау және қадағалау органдары оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілері талаптарды анықтаған бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғамай нұсқама шығаратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданатын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін мемлекеттік бақылау.

      Нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау осы бақылаудың алдындағы жылы осы бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына және 144-1-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізілген жағдайда жүргізіледі.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың еселігін бақылау және қадағалау органдары тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен асырмай жүзеге асырады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар қауіпсіздік режимін қамтамасыз ете отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және өзге де цифрлық платформаларда орналастырылады.

      4. Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жылдың
10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.

      Бақылау және қадағалау органы жартыжылдық тізім негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару күнін көрсете отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол табыс етіледі, тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайы бойынша немесе өзге де қолжетімді тәсілмен тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында жіберіледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталуы туралы хабарламаны алғанда, бірақ тексеру кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткенде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталуы туралы қайта хабарлау талап етілмейді.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша осы Кодекстің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартпай жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

      6. Осы баптың ережелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

      144-3-бап. Бақылау мақсатында сатып алу

      1. Бақылау мақсатында сатып алу – бұл бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы.

      Бақылау мақсатымен сатып алу профилактикалық бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы бапта белгіленеді.

      2. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде немесе нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Бақылау мақсатындағы сатып алу сатып алынған өнімнің тізбесі мен бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен расталады.

      4. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары бойынша сатып алынған өнімнің нормативтік құқықтық актілерде немесе нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін зерттеуді осы Кодекстің 153-бабына сәйкес кейіннен шаралар қолдану мүмкіндігімен жүзеге асырады.

      5. Бақылау мақсатында сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында профилактикалық бақылаудың осындай түрін жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.

      6. Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға және сатып алынған өнімді зерттеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      144-4-бап. Тергеп-тексеру

      1. Тергеп-тексеру жүзеге асырылуы осы бапта айқындалған мемлекеттік бақылаудың дербес нысаны болып табылады.

      2. Тергеп-тексеру мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін айқындау болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша осындай факт адамдардың кең ауқымына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау және қадағалау субъектісін анықтау талап етілетін жағдайдағы өтініштері;

      2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуы туралы ақпарат (шұғыл хабарлама);

      3) індеттің, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабарлама);

      4) жұмыскерлердің еңбек қызметіне байланысты олардың денсаулығының зақымдану және еңбекке жарамсыздыққа не өлімге әкеп соққан жағдайлары;

      5) олардың алдындағы мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу сипатын анықтау қажеттігі туындайтын, электр энергетикасы саласындағы авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе тосын оқиғалар, аварияның технологиялық бұзылуы немесе тосын оқиға салдарынан болатын материалдық залалды жою және болғызбау жөніндегі іс-шараларды айқындау;

      6) адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретін нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, өнімді бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша қоса берілетін зерттеу нәтижелері тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздер болып табылады.

      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      5. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету мерзімдерін;

      4) тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;

      5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын құрудың шарттары мен тәртібін;

      6) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

      6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және олар күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.

      7. Тергеп-тексеру жүргізу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісін (субъектілерін) айқындайды.

      Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолданылады.

      Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тексеру қорытындыларын бақылау органы интернет-ресурста жариялайды.";

      32) 145, 146, 147, 148 және 149-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру бақылау және қадағалау органының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі;

      6) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тағайындалған профилактикалық бақылаудың нысанасы;

      7) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімі;

      8) негізгі талаптары бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

      9) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезеңі;

      10) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі;

      12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

      146-бап. Тағайындау туралы актіні, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулерді қоспағанда, тағайындау туралы акт, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.

      Тағайындау туралы акт, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.

      Мемлекеттік кіріс органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген үстеме салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы органдарды хабардар етеді.

      Тағайындау туралы актіні, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.

      2. Бақылау және қадағалау органы тағайындау туралы актіні, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда оларды, оның ішінде электрондық нысанда, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсыну арқылы тіркейді.

      Осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3) 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы, жоспардан тыс тексеру басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркеледі.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді, олардың бас тартуы мен күшін жою, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы белгілейді.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қажеттілігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалдан туындаған жағдайда, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта (түнгі сағаттар, демалыс немесе мереке күндері) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне, немесе мереке күндері бұзушылықтарды тікелей жасаған кезде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттігіне қарай, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы.

      147-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының іс-қимылы

      1. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:

      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;

      3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісін бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парағымен таныстыру күні бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      3. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіні қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан, сондай-ақ бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын органның лауазымды адамының бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес хаттама жасалады.

      Хаттамаға бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.

      Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні алудан бас тарту бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана жүргізе алады.

      Бұл ретте бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган ауыстыру себептерін көрсете отырып, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдарды тексеруге қатысу басталғанға дейін хабардар етіледі.

      4. Профилактикалық бақылау шеңберінде бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бір мезгілде жүргізу және (немесе) бір бақылау және қадағалау органының мәселелердің бір тобы бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектілеріне тексеру жүргізу қажет болған кезде, осы орган:

      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      2) бақылау-касса машиналарының немесе үшқұрамдауышты интеграцияланған жүйенің болуы;

      3) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      5) лицензияның болуы;

      6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдары бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;

      8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлар құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелері бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді қоспағанда, әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

      148-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мерзімдері

      1. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) тексеру мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол мыналардан аспауға тиіс:

      1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілері үшін:

      бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде - 15 жұмыс күнінен аспайтын және 15 жұмыс күнінен асырмай ұзартылатын;

      жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзім болуға тиіс.

      2. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мерзімдерін бақылау органының басшысы (не оның міндетін атқарушы адам):

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін тұлғаның орналасқан жерін анықтау;

      3) зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана, осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерде бір рет қана ұзарта алады.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдері ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді.

      Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдері ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны бақылау және қадағалау органы ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер мұндай мекенжайды субъект бұрын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайы бойынша немесе өзге де қолжетімді тәсілмен тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында жібереді.

      149-бап. Өнім үлгілерін іріктеу тәртібі

      1. Өнім үлгілерін іріктеу бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау кезінде жүргізіледі.

      Іріктеп алынатын үлгілердің саны нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының өнімге және өнімді сынау әдістеріне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Өнім үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау және қадағалау субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізеді және өнім үлгілерін іріктеу актісімен куәландырылады.

      Іріктеп алынған өнім үлгілері жинақталған, буып-түйілген және пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс.

      3. Өнім үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық даналарына өнім үлгілерін іріктеп алған лауазымды адам және бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы не өкілі қол қояды.

      Іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.

      Өнім үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы бақылау және қадағалау субъектісінде қалады.

      Өнім үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.

      Өнім үлгілерін іріктеу актісінде:

      1) жасалған орны мен күні;

      2) өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған бақылау және қадағалау органының басшысы шешімінің нөмірі мен күні;

      3) өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) өнім үлгілерін іріктеу жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектісінің атауы және орналасқан жері;

      5) бақылау және қадағалау субъектісінің уәкілетті адамының лауазымы мен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      6) өндірушіні, өндірілген күнін, партия сериясын (нөмірін), үлгілердің жалпы құнын көрсете отырып, іріктеп алынған өнім үлгілерінің тізбесі мен саны;

      7) қаптама түрі және мөр (пломба) нөмірі көрсетіледі.";

      33) 150-бап алып тасталсын;

      34) 151-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "151-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезіндегі шектеулер

      Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу кезінде:

      1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;

      2) егер құжаттарды, ақпаратты, өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларын бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру объектілері болып табылмаса немесе бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

      3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеулер жүргізу үшін көрсетілген үлгілерді, сынамаларды белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енген күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормалардан асатын көлемде іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдеместен, оларды іріктеп алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      5) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;

      6) осы Кодекстің 144-бабының 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәл сол кезең ішінде дәл сол мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік органы өзіне қатысты бұрын бақылау және қадағалау немесе тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізген, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тексеру жүргізуге;

      7) мемлекеттік бақылау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.";

      35) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-бап. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша:

      1) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт;

      2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      2. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде:

      1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізуге негіз болған бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

      6) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу күні, орны және кезеңі;

      7) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;

      9) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) өкілдерінің, сондай-ақ бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      10) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.

      3. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге:

      1) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

      2) өнімнің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау туралы актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері – бар болса қоса беріледі.

      4. Жүргізу барысында тексеру парақтарының талаптарын бұзушылықтар анықталған бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.

      5. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:

      1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

      5) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу күні, орны және кезеңі;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

      7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар мен нұсқаулар;

      8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау кезінде қатысқан адамдардың нұсқамасымен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      9) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.

      7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:

      1) бақылау және қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің болуы;

      2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

      3) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.

      Қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы оған тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру жүргізген мемлекеттік органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Бақылау және қадағалау субъектісі өтініште бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген мемлекеттік орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе дәлелді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.

      Бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда беріледі, үшіншісі бақылау және қадағалау органында қалады.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама "Электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, электрондық нысанда қалыптастырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      9. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

      10. Бухгалтерлік және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.

      Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      11. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.

      12. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімінің аяқталуы бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіде көрсетілген бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні тапсырған күн болып есептеледі.

      13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.

      14. Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және/ немесе жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылауды қоспағанда, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

      15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін растайтын материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.

      Бұл жағдайда 144-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.";

      36) 152-1-бап алып тасталсын;

      37) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қолданатын шаралар

      Егер мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болғызбау жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдау кезінде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда және тәртіппен прокурорды хабардар етеді.";

      38) 154, 155, 156 және 157-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде:

      1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде бақылау және қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіге немесе бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      3) аудио -, фото - және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп белгілеу аспаптарының, фото -, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;

      5) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      2. Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге тыйым салынады.

      3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

      3) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      5) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      6) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беруге;

      7) бақылау және қадағалау субъектісіне бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама олар аяқталған күні не "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруге;

      8) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      155-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға мынадай:

      бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне жүргізілуі еселігін сақтамалған;

      бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін асып кеткен не өтіп кеткен;

      осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органының сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік органы өзіне қатысты бұрын бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тексеру тағайындаған;

      егер бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылауда бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

      осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

      жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған;

      бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу оған тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;

      осы Кодекстің 147-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы бір актіде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге тартылатын бірнеше бақылау және қадағалау субъектілерін көрсетілген;

      бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін осы Кодексте белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

      осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда, жібермеуге;

      2) егер мәліметтер бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;

      3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіге, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері туралы актіге, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін заңда негізделмеген тыйым салулардан орындамауға;

      5) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау шеңберінде жүргізетін жекелеген іс-әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;

      6) өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

      2. Бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау органдары бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде:

      1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

      3) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;

      4) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актінің екінші данасына бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні белгі соғуға;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына белгі союға;

      6) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      7) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) объектіге тексеру арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік ықпал ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      8) хабарлама алған жағдайда бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылаудың белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі орналасқан жерде болуға міндетті.

      156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы

      1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды осы Кодексте белгіленген бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.

      Жарамсыз деп танылған бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау актісі және бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бақылау және қадағалау субъектілерінің бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.

      Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік, оның ішінде алқалы органның немесе соттың бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау деректері актісінің бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісінің бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою, бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін қарауы; өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау және қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.

      2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзуға:

      1) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) хабарламаның болмауы, сол сияқты бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау туралы хабарламаның мерзімдерін сақтамау;

      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;

      5) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігін бұзу;

      6) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;

      7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауы;

      8) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;

      9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімдерін бұзу;

      10) осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, алдын ала профилактикалық бақылаусыз, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жатады.

      157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      1. Бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      39) 309-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің шағымы бойынша қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың күшін жою немесе қайта қарау жөнінде ұсынымдар енгізеді;".

      2. 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) мазмұнында:

      33 және 40-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      42, 44 және 45-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау

      44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау

      45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау түрлері";

      2) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылауды тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 30-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      4) 33-бап алып тасталсын;

      5) 36-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру, профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру және қадағалау нысанында жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6) 40-бап алып тасталсын;

      7) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      8) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау

      1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың мақсаттары:

      1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес өзі жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;

      2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;

      3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсер етуі туралы анық ақпаратты алу;

      4) уланулардың және инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануы пайда болуының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;

      7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;

      8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы ақпарат беру болып табылады.

      3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

      5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мына тәсілдердің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;

      2) оның өкіліне және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) лауазымды адамына қолын қойғызып табыс етіледі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.

      6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.

      7. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау үшін іріктеп алуға негіз болып табылады.

      9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнайы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленген, тігілген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бейіемделген болуға тиіс.";

      9) 45-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың түрлері".

      3. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 76-1-баппен толықтырылсын:

      "76-1-бап. Корпоративтік басқару кодексі және корпоративтік басқарудың өзге стандарттары бойынша декларация

      1. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде кредиторларды, жұртшылықты және акционерлерді хабардар ету мақсатында Қоғамның атқарушы органы мен Директорлар кеңесі жыл сайын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында есепті жылға сәйкестік (сәйкессіздік) декларациясын және алдағы жылы қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық Кеңес қабылдаған корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарының ұсынымдарына сәйкес келу (сәйкес келмеу) ниеті туралы жариялайды.

      2. Есепті жылдағы ұсынымдарға сәйкессіздік туралы және (немесе) алдағы жылы ұсынымдарға сәйкес келмеу ниеті туралы ақпарат себептері түсіндіріле отырып және қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарының нақты ережелері бөлінісінде ұсынылады.

      3. Декларация акционерлерге және өзге де мүдделі тұлғаларға танысу үшін тұрақты негізде қолжетімді болуға тиіс.".

      4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 6-тармағында:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы қамтылуға тиіс.".

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:

      "26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес

      1. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы алқалы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      Ұлттық кеңес өз қызметінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының органдарына тәуелсіз болады.

      2. Ұлттық кеңестің құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық холдингтердің, қор биржаларының, бейінді халықаралық институттардың, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардан қалыптастырылады.

      3. Ұлттық кеңестің төрағасы мен мүшелері Ұлттық палата Төралқасының шешімімен қайта сайлану мүмкіндігімен төрт жылдық мерзімге сайланады.

      4. Ұлттық Кеңестің шешімдері Ұлттық кеңестің күндізгі немесе сырттай отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы дауыс санының үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауыспен қабылданады.

      Ұлттық кеңестің күндізгі немесе сырттай отырыстарын өткізуге арналған кворум сайланған мүшелердің жалпы санының үштен екісін құрайды.

      5. Ұлттық кеңес:

      1) Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлейді;

      2) Үкіметтің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мақұлдауы бойынша қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың ұсынымдық сипаттағы өзге де стандарттарын әзірлейді және қабылдайды;

      3) ұлттық кеңес уәкілетті органдармен жасасатын және кодексті және өзге де стандарттарды мақұлдауды және іс жүзінде іске асыру шараларын көздейтін келісімдер негізінде, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тетіктері арқылы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар нысанындағы қаржы ұйымдарына ұсынымдар арқылы корпоративтік басқару деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;

      4) қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына жыл сайынғы шолуды дайындайды;

      5) жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;

      6) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті жариялайды;

      7) Ұлттық кеңес жұмысының қажетті қағидалары мен рәсімдерін айқындайды.

      6. Ұлттық кеңес қабылдаған корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарын қоса алғанда, оның қызметі туралы ақпарат Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жалпыға қолжетімді режимде орналастырылуға тиіс.".

      6. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 38-бапта:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықтаған жағдайда бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

      Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау аяқталатын күні бақылау субъектісіне тапсырылады.

      Субъектілер өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жүргізеді.

      5. Тәуекел дәрежесі төмен объектілер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.

      6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде, осы объект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңде бақылау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады.";

      2) 39-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталады.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау:";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.".

      7. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) заңдылық.";

      2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Заңдылық

      Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары рұқсат беру және хабарламаны қабылдау кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.";

      3) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша, жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша,;";

      4) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау

      1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажет болған жағдайда жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келетіні немесе сай келмейтіні туралы қорытынды жасалады.

      3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

      4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес өзі тексереді.".

      8. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу бұл салада ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан басқа, кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің міндетті түрде мүшелігі бар өзге де коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеген жағдайда ғана енгізіледі.";

      2) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өзін-өзі реттеу субъектілерінің мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) адал бәсекелестік.";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді);";

      4) 7-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасады;

      4-3) өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде уәкілетті органның, Ұлттық палатаның негізделген ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;";

      5) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзін-өзі реттеу ұйымының құрылтай құжаттары жарғы және (немесе) құрылтай шарты болып табылады.";

      6) 12-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзін-өзі реттеу ұйымының басқару органдарының басшылары мен мүшелерін сайлау мерзімдері мен тәртібін өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";

      7) 13-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) және мамандандырылған органдардың есептерін өзін-өзі реттеу ұйымының жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімділікпен бекіту;";

      8) 14-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзін-өзі реттеу ұйымы мүшесінің (қатысушысының) дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымның басқа мүшесіне (қатысушысына) беруге тек заңды өкілге ғана жол беріледі.";

      9) 15-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 18-бапта:

      бірінші бөлігінде:

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін заң жобаларының тұжырымдамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысу;

      14) өзін-өзі реттеу нысанына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды реттеуші мемлекеттік органдардың қарауына енгізу.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының әзірленіп жатқан қағидалары мен стандарттарын реттеуші мемлекеттік органмен келісуге құқығы бар.";

      11) 19-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) үшін міндетті қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге және бекітуге;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге);";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы өз міндеттемелері мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жауап береді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымы осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы өз міндеттемелері мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жауап береді.";

      12) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидалары мен стандарттары

      1. Өзін-өзі реттеу ұйымы оның барлық мүшелері (қатысушылары) орындауға міндетті, мынадай мақсаттарды:

      1) мүшелерге (қатысушыларға) қойылатын талаптарды айқындауды;

      2) оның мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды;

      3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алуды;

      4) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды;

      5) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды;

      6) мүшелердің (қатысушылардың) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалар мен стандарттарды әзірлейді және бекітеді.

      2. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.

      Өзін-өзі реттеу ұйымдарының қағидалары мен стандарттарын қабылдау мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      3. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының қағидалары мен стандарттары олар бекітілгенге дейін қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының қағидалары мен стандарттарын олардың мазмұнының осы Заңның 24 – 26-баптарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Қағидалар мен стандарттарға қорытынды ұсыну үшін мерзім олар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қорытынды белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қорытынды алынды деп есептеледі.

      Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісуді не келісуден бас тартуды реттеуші мемлекеттік органдар олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Реттеуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарын қағидалары мен стандарттары келісілген болып есептеледі.

      4. Қағидалар мен стандарттар өзін-өзі реттеу ұйымының интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялануға тиіс.

      Заңмен қорғалатын құпияны қамтитындарды қоспағанда, қағидалар мен стандарттарды толық мазмұндамай жариялауға жол берілмейді.";

      13) мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-баптармен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидаларына қойылатын талаптар

      Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидаларында мыналар:

      1) жалпы ереже (өзін-өзі реттеу ұйымының атауы, терминдер мен анықтамалар);

      2) өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын жалпы талаптар, мүшелердің (қатысушылардың) кәсіби мінез-құлық қағидалары;

      3) өзін-өзі реттеу ұйымының және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібі;

      4) өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

      5) өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің (қатысушыларының) жауаптылығы және оған тарту тәртібі;

      6) өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне (қатысушыларына) жаза қолдану, оларды алып тастау және шағымдану тәртібі;

      7) мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар;

      8) өзін-өзі реттеу ұйымының атына келіп түскен оның мүшелеріне (қатысушыларына) шағымдар туралы реттеуші мемлекеттік органды хабардар ету тәртібі;

      9) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету шараларын пайдалану тәртібі;

      10) дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі;

      11) қорытынды ереже (қағидаларды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделуге тиіс.

      2. Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидалары іскерлік әдеп қағидаларының талаптарына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жою немесе азайтуға тиіс.

      3. Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидалары жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өзге де адамдарға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не
өзін-өзі реттеу ұйымының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге кедергі келтіретін талаптарды белгілеуге тиіс.

      4. Өзін-өзі реттеу ұйымының қағидаларында өзін-өзі реттеу ұйымы дербес айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.

      20-2-бап. Өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттарына қойылатын талаптар

      1. Өзін-өзі реттеу ұйымының стандартында:

      1) жалпы ереже (мақсаты мен қолданылу саласы, нормативтік сілтемелер, терминдер мен анықтамалар (бар болса), жалпы мақсаттар мен қағидаттар, өнімге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар);

      2) өнімнің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сипаттамалары, процестерді орындау, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру, өнімді өндіру және өткізу тәртібі;

      3) қорытынды ережелер (стандарттарды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделеді.

      2. Өзін-өзі реттеу ұйымының стандарты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      3. Өзін-өзі реттеу ұйымының стандартында өзін-өзі реттеу ұйымы дербес айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.";

      14) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі өзін-өзі реттеу ұйымының реттеуші мемлекеттік органмен келісілген қағидаларында белгіленеді.";

      15) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен екінші деңгейдегі банктерде ақшаны орналастырудан алынған кірістер;";

      16) 28-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзін-өзі реттеу ұйымы мүліктік жауаптылықты, оның ішінде өзінің және өз мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де адамдар алдындағы мүліктік жауаптылықты қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін:";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар және өзге де адамдар алдындағы мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету жөніндегі төлемдерден басқа, өтемақы қорынан кез келген төлемді жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      17) 29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге өтуге ынталандыруды реттеуші мемлекеттік органдар:

      1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген және тиісті кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызмет түрі субъектілерінің көпшілігін біріктіретін өзін-өзі реттеу ұйымдарының кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында жұмыс істеуі кезінде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу тұрғысынан реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу;

      2) өз мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру бойынша ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымы қызметінің нәтижелерін осындай қызметтің нәтижелерін тану туралы келісімнің негізінде тану;

      3) өзін-өзі реттеу нысанасына байланысты мәселелер бойынша өзін-өзі реттеу ұйымдарын норма шығаруға қатысуға тарту арқылы жүзеге асырады.";

      18) мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:

      "29-2 бап. Өзін-өзі реттеу ұйымдардың реттеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

      1. Өз мүшелерінің кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру бойынша ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымы қызметінің нәтижелерін ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесін (қатысушысын) мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары реттеуші мемлекеттік органмен ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымы жасасатын өзін-өзі реттеу ұйымының осындай қызметінің нәтижелерін тану туралы келісімнің (бұдан әрі – қызмет нәтижелерін тану туралы келісім) негізінде тануы мүмкін.

      2. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған жағдайда мемлекеттік бақылау және қадағалау тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары ескеріле отырып, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген
өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне қатысты жүзеге асырылады.

      3. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім қағидалары мен стандарттары реттеуші мемлекеттік органмен келісілген ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымымен жасалуы мүмкін.

      4. Егер өзін-өзі реттеу ұйымының өз мүшелерінің кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауы тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын бақылау мен қадағалауға сәйкес келген жағдайда, қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға жол беріледі.

      5. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді жасасу және оның қолданысын тоқтату тәртібін, сондай-ақ оның елеулі шарттарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      6. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім елеулі шарттар сақталған жағдайда ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген және реттеуші мемлекеттік органға жүгінген өзін-өзі реттейтін ұйыммен жасалады.".

      9. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

      1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Атом энергиясын пайдалану саласында лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне (талаптарға сәйкестігін тексеру) жүргізіледі.

      Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне бару арқылы талапқа сәйкестігін тексеру, профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүргізіледі.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.

      3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:

      1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен есептілікті;

      2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде алынған ақпараттың бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен кезде осындай ақпаратты;

      3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау жолымен жүргізіледі.

      4. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

      6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным:

      1) қолма-қол – алғаны туралы белгісі бар;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатты жіберу арқылы;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау және қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті органның жіберуі арқылы жіберілген жағдайларда тапсырылды деп есептеледі.

      7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау үшін мерзім ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін жартыжылдық тізімге енгізуге әкеп соғады.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі қажеттілігіне қарай, бірақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілікті беру кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.";

      2) 7-1-бап алып тасталсын.

      10. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес өзге де мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қатысты нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер беруге міндетті.

      Мұндай түсіндірмелер:

      1) өтініште қойылған мәселелер шегінде түпкілікті сипатта болуға;

      2) дербес деректерді қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында ұқсас өтініштерді жалпылау арқылы жалпыға қолжетімді режимде жариялануға тиіс.

      Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және ұсынымдық сипатта болады.

      Өтінішті жіберген және мемлекеттік органнан өзіне қатысты немесе нақты жағдайға қатысты түсіндірме алған нақты субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының міндетті талаптары түсіндіруге сәйкес жүзеге асырылатын қызметі, оның ішінде мемлекеттік орган кейіннен тиісті түсіндіруі күшін жойған, өзгерткен және (немесе) толықтырған жағдайда тиісті міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.";

      2) мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:

      "62-1-бап. Міндетті талаптарды сақтау рәсімдері туралы ақпарат беру

      1. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес өзге де мемлекеттік органдар міндетті талаптарды сақтауға міндетті адамдардың кең ауқымын міндетті талаптарды сақтау рәсімі, бақыланатын адамдардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері, міндетті талаптарды тиісінше сақтаудың өзге де мәселелері туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

      2. Бақыланатын адамдарды хабардар ету, оның ішінде міндетті талаптарды сақтау жөніндегі нұсқаулар шығару арқылы жүзеге асырылады.

      Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі нұсқауға міндетті талаптарды сақтау тәсілдеріне қатысты түсіндірмелер, міндетті талаптарды сақтау мысалдары, бақыланатын адамдардың міндетті талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдар енгізіледі.

      Көрсетілген нұсқаулықта жаңа міндетті талаптар қамтылмайды.

      3. Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі нұсқауларды тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді және олар мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жалпыға қолжетімді режимде жарияланады.

      4. Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі нұсқауды бақыланатын адамдар ерікті негізде қолданады және ұсынымдық сипатта болады.

      5. Міндетті талаптардың бұзылуы үлгілік немесе жаппай болып табылатын осындай талаптарды сақтау жөніндегі нұсқаулар міндетті түрде әзірленуге тиіс.

      6. Бақыланатын адамдардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің міндетті талаптарды сақтау жөніндегі нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылатын қызметі міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.".

      2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы, он бірінші – отыз жетінші абзацтарын және 11) тармақшасының сегізінші – он алтыншы абзацтарын, 14) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 16) – 38) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады