Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1182 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша):

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. "Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 17 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Іс-қимыл жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2022 № 245 қаулысымен.

Р/с № Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар Қаржыландыру көздері және болжамды шығыстар
(мың теңге)


1

2

3

4

5

6

1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру

1.     

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы

2021 жыл

Еңбекмині

талап етілмейді

2.     

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге ықпал ететін ішкі салалық іс-шараларды өткізу

 

әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысының хаттамасы

2021 – 2025 жылдар

Еңбекмині, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

3.     

Жұмыскерлер еңбек міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

РҮК
отырысының хаттамасы

2022 жылғы қаңтар

Еңбекмині, ҚНРДА, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
ҚҚҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

4.     

Халықаралық еңбек ұйымының "Ауыл шаруашылығындағы еңбек қауiпсiздiгi және  гигиенасы туралы" № 184 конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ қолданыстағы еңбек заңнамасына ілеспе өзгерiстер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін қарау

РҮК
отырысының хаттамасы

2022 жылғы мамыр

Еңбекмині, АШМ,
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

4-1.

Экономиканың әртүрлі салаларындағы өндіріс ерекшелігіне байланысты жұмыс орнындағы өндірістік факторлардың әсерін ескере отырып, еңбек жағдайларын жіктеу және бағалау әдіснамасын өзектілендіру

әдістемелік ұсынымдар

2023 жылғы 1- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

4-2.

"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

2023 жылғы 1- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

4-3.

Кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуді ескере отырып, жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін өзектілендіру

бұйрық

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

2. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және қабылдау

5.     

"Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

2021 жылғы қараша

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

6.     

Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімін бекіту

бұйрық

2021 жылғы желтоқсан

ДСМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

7.     

Мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
"Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 340 бұйрығы;
"Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы
11 қыркүйектегі № 363 бұйрығы;
"Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы

бұйрық

2022 жылғы 1-тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

8.     

"Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
 

бұйрық

2022 жылғы қаңтар

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

9.     

"Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына сәйкес уәкілетті органдар қабылдауы қажет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді анықтау үшін заңнаманы талдау

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы наурыз

Еңбекмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

10.     

Еңбек кодексіне:
Еңбек кодексінде міндетті норма ретінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құру туралы ережені бекіту;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілік ережені әзірлеу;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау тәртібін әзірлеу жөніндегі құзыретін айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені РҮК-тің қарауына шығару

РҮК
отырысының хаттамасы

2022 жылғы наурыз

Еңбекмині, ДСМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

11.     

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жұмыскердің жауапкершілігі үлесінің ең жоғары шекті мәнін енгізу туралы мәселені РҮК-тің қарауына шығару

РҮК
отырысының хаттамасы

2022 жылғы маусым

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

12.     

"Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысына толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

12-1.

Мына:
өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс уақыты, еңбекақының жоғары мөлшері, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу түрінде кепілдік берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу;
шағын және микро кәсіпорындар үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесінің үлгілік ережесін әзірлеу бөлігінде "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

тұжырымдама

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

талап етілмейді

3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру

13.     

Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектілерді технологиялық қайта жарақтандыру жолымен олардың авариялылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

жыл сайын

ТЖМ,
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

14.     

Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыру

Еңбекминіне ақпарат

2021 – 2025 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жергілікті бюджет
қаражаты есебінен

15.     

Кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын енгізу

Еңбекминіне ақпарат

2021 – 2025 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

16.     

Республика кәсіпорындарында шарттық қатынастар шеңберінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек және тұру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды енгізу

 

Еңбекминіне ақпарат

2021 – 2025 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

17.     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы заңдарымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының "Өндіріс пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы" № 81, "Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы" № 129 конвенцияларына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау функцияларын тиімді орындауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

2021 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

талап етілмейді

18.     

Экономиканың анағұрлым қауiптi салалары бойынша (тау-кен-металлургия, құрылыс, мұнай-газ және басқалары) өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту

жол карталары

2022 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

19.     

"Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар жөнінде есепті қалыптастыру бойынша "Еңбек қызметі және кәсіптік аурулармен байланысты жарақаттар туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын жүргізуді (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) қамтитын жаңа функционалын әзірлеу

енгізу хаттамасы

2022 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ДСМ, СЖРА ҰСБ

талап етілмейді

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми және талдамалық зерттеулер, олардың нәтижелерін енгізу

20.     

Шығындарды бюджеттеуде, жеке қорғаныш құралдарын беруде, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуда тәуекелге негізделген бірыңғай тәсілді енгізу арқылы кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекті экономикалық ынталандыруды жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін еңбек заңнамасына енгізу бойынша ұсыныстар

2021 – 2023 жылдар

Еңбекмині,
ЕҚРҒЗИ
 

034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 230 000 мың теңге
(конкурстық рәсімдерден тыс)

21.     

Қазақстанда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын іске асыруды, еңбекті қорғаудың дамуын, еңбек жағдайларын жақсартуға және кәсіби тәуекелдерді төмендетуге жәрдемдесуді қамтамасыз етудің ғылыми теориясы мен әдіснамасын жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін еңбек заңнамасына енгізу бойынша ұсыныстар

2022 – 2024 жылдар

Еңбекмині

034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 482 500 мың теңге
(конкурстық рәсімдер шеңберінде)

22.     

Жұмыскерлерге кәсіптік тәуекелге қарай зиянды еңбек жағдайларына байланысты сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік- профилактикалық тағам беру бөлігінде Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу

еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

001 "Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 15 000 мың теңге

22-1.

Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбектің тәуекелге бағдарланған экономикасының институционалдық инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу (өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігі)

еңбек заңнамасына ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу жөніндегі ұсыныстар

2022 –2024 жылдар

Еңбекмині, ЕҚРҒЗИ

(келісу бойынша)

034 "Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 359 536 мың теңге мөлшерінде (конкурстық рәсімдер шеңберінде)

5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестікті жандандыру

23.     

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында қарау

әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялар отырыстарының хаттамалары

2021 – 2025 жылдары, жарты жылда бір рет

Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар
бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

24.     

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқытуды жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

2021 – 2025 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері
(келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат есебінен

25.     

Мынадай:
"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын";
"Жылдың үздік мемлекеттік инспекторы";
"Жылдың үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы" конкурстарын ұйымдастыру

 

конкурстар

2021 – 2025 жылдар

Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

26.     

Республика кәсіпорындарының Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының "Vizion Zero" (жарақаттануға төзбеушілік) бағдарламасына қосылуы жөнінде ақпараттық науқан өткізу

Еңбекминіне ақпарат

2021 – 2025 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері
(келісу бойынша)

талап етілмейді

27.     

"Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік" атты жыл сайынғы KIOSH қазақстандық халықаралық конференциясын және көрмесін өткізу

конференция және көрме

2021 – 2025 жылдар

Еңбекмині,
"ITECA" ЖШС
(келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат есебінен

28.     

"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқанын өткізу

Үкіметке ақпарат

2022 – 2025 жылдар

Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
(келісу бойынша),
республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері
(келісу бойынша)

001 "Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 85 000 мың теңге

28-1.

"Электрондық еңбек биржасы" (enbek.kz) ақпараттық порталында ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің енгізілуі мен жұмыс істеуін ақпараттық-анықтамалық сүйемелдеу үшін мынадай жаңа функционалдарды әзірлеу:
өзекті нормативтік және әдістемелік база;
еңбекті қорғауға арналған шығындарды жоспарлау және бюджетті құру;
еңбек консультанты

енгізу хаттамасы

2023 жылғы 2- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      "ITECA" ЖШС – "ITECA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар 

      агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      РҮК – Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия

      ҚҚҚ – Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы

      ЕҚРҒЗИ – Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты

Об утверждении Плана действий по обеспечению безопасного труда в Республике Казахстан до 2025 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2021 года № 419. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2023 года № 1182.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.12.2023 № 1182.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План действий по обеспечению безопасного труда в Республике Казахстан до 2025 года (далее – План действий).

      2. Центральным государственным органам, акиматам областей, городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента и республиканским объединениям работодателей (по согласованию), республиканским объединениям профессиональных союзов (по согласованию), ответственным за исполнение Плана действий:

      1) принять необходимые меры по реализации Плана действий;

      2) ежегодно, до 10 января представлять информацию о ходе реализации Плана действий в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан ежегодно, до 1 февраля представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию о ходе реализации Плана действий.

      4. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 441 "Об утверждении Дорожной карты по снижению производственного травматизма и рабочих мест с вредными условиями труда в Республике Казахстан на 2019 – 2023 годы".

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 17 июня 2021 года № 419

План действий по обеспечению безопасного труда в Республике Казахстан до 2025 года

      Сноска. План с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 25.04.2022 № 245.


п/п
Наименование мероприятия Форма завершения Срок исполнения Ответственные за исполнение Источник финансирования и предполагаемые расходы (тыс. тенге)
1 2 3 4 5 6
1. Совершенствование системы управления охраной труда на предприятиях Республики Казахстан

1.
 

Разработка Концепции безопасного труда в Республике Казахстан до 2030 года

Концепция безопасного труда в Республике Казахстан до 2030 года

2021 год

МТСЗН

не требуются

2.
 

Проведение внутриотраслевых мероприятий, способствующих внедрению системы управления охраной труда в соответствии с требованиями международных стандартов

протоколы заседаний отраслевых комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений

2021 – 2025 годы

МТСЗН, МЭ, МСХ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

3.
 

Выработка предложений в рамках совершенствования законодательства об обязательном страховании работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых обязанностей

протокол заседания РТК

январь
2022 года

МТСЗН, АРРФН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию), АФК (по согласованию)

не требуются

4.
 

Рассмотрение вопроса о ратификации Конвенции Международной организации труда № 184 "О безопасности и гигиене труда в сельском хозяйстве", а также необходимости внесения сопутствующих изменений и дополнений в действующее трудовое законодательство

протокол заседания РТК

май
2022 года

МТСЗН, МСХ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

4-1.

Актуализация методологии классификации и оценки условий труда с учетом воздействия производственных факторов на рабочем месте, в зависимости от специфики производства различных отраслей экономики

методические рекомендации

1- квартал

2023 года

МТСЗН,
республиканские объединения работодателей
(по согласованию),
республиканские объединения профессиональных союзов

(по согласованию)

не требуются

4-2.

Внесение изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1054 "Об утверждении Правил выдачи работникам молока или равноценных пищевых продуктов и (или) специализированных продуктов для диетического (лечебного и профилактического) питания, специальной одежды и других средств индивидуальной защиты, обеспечения их средствами коллективной защиты, санитарно-бытовыми помещениями и устройствами за счет средств работодателя"

приказ

1- квартал

2023 года

МТСЗН,
республиканские объединения работодателей
(по согласованию),
республиканские объединения профессиональных союзов

(по согласованию)

не требуются

4-3.

Актуализация порядка декларирования деятельности работодателя с учетом внедрения системы управления охраной труда на основе управления профессиональными рисками

приказ

декабрь

2023 года

МТСЗН,
республиканские объединения работодателей
(по согласованию),
республиканские объединения профессиональных союзов

(по согласованию)

не требуются

2. Разработка и принятие нормативных правовых актов Республики Казахстан и нормативно-технической документации в области безопасности и охраны труда

5.
 

Внесение изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 "Об утверждении Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников"

приказ

ноябрь
2021 года

МТСЗН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

6.

Утверждение списка профессий, требующих предсменного медицинского освидетельствования

приказ

декабрь
2021 года

МЗ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

7.
 

Внесение изменений и дополнений в следующие нормативные правовые акты:
приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 августа 2020 года № 340 "Об утверждении Типового положения о системе управления охраной труда";
приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 363 "Об утверждении Правил управления профессиональными рисками";
приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1053 "Об утверждении Списка производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и повышенный размер оплаты труда, а также правил их предоставления"

приказ

1 квартал
2022 года

МТСЗН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

8.

Внесение изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 сентября 2020 года № 349 "Об утверждении Межотраслевых типовых нормативов численности работников служб охраны труда"

приказ

январь
2022 года

МТСЗН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

9.

Анализ законодательства на выявление нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда, принятие которых необходимо уполномоченными органами в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1182 "Об утверждении Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами"

информация в Правительство

март
2022 года

МТСЗН, заинтересованные государственные органы

не требуются

10.

Вынесение на рассмотрение РТК вопроса о внесении изменений и дополнений в Трудовой кодекс Республики Казахстан в части:
закрепления в Трудовом кодексе положения о создании производственного совета по безопасности и охране труда в качестве обязательной нормы;
разработки типового положения о производственном совете по безопасности и охране труда;
разработки типового положения о техническом инспекторе по охране труда;
определения компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения по разработке порядка определения степени тяжести производственной травмы

протокол заседания РТК

март
2022 года

МТСЗН, МЗ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

11.

Вынесение на рассмотрение РТК вопроса о введении максимального порогового значения доли ответственности работника по результатам расследования несчастного случая, связанного с трудовой деятельностью

протокол заседания РТК

июнь
2022 года

МТСЗН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

12.

Внесение дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1562 "Об утверждении перечня производств, работ, профессий работников, занятых на работах с вредными условиями труда, в пользу которых агентами по уплате обязательных профессиональных пенсионных взносов за счет собственных средств осуществляются обязательные профессиональные пенсионные взносы"

проект постановления Правительства Республики Казахстан

декабрь 2022 года

МТСЗН, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

12-1.

Разработка концепции проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Трудовой кодекс Республики Казахстан" в части:
совершенствования механизмов предупреждения производственного травматизма;
внедрения риск-ориентированного механизма предоставления гарантий в виде дополнительного отпуска, сокращенного рабочего времени, повышенного размера оплаты труда, уплаты обязательных профессиональных пенсионных взносов работникам, занятым на тяжелых работах, работах с вредными и (или) опасными условиями труда;
разработки типового положения системы управления охраной труда для малых и микропредприятий.

концепция

декабрь 2023 года

МТСЗН

не требуются

3. Повышение эффективности государственного и внутреннего контроля за соблюдением законодательства о безопасности и охране труда

13.

Проведение работы по снижению уровня аварийности на опасных производственных объектах путем их технологического перевооружения совместно с организациями, имеющими опасные производственные объекты

информация в МТСЗН

ежегодно

МЧС, республиканские объединения работодателей (по согласованию)

не требуются

14.

Повышение квалификации государственных инспекторов труда с использованием современных информационных технологий

информация в МТСЗН

2021 – 2025 годы

акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента

за счет средств местного бюджета

15.

Внедрение на предприятиях современных стандартов охраны и безопасности труда

информация в МТСЗН

2021 – 2025 годы

акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

16.

Внедрение на предприятиях республики вертикального контроля от заказчика до подрядчика по обеспечению безопасных условий труда и проживания работников в рамках договорных отношений

информация в МТСЗН

2021 – 2025 годы

акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

17.

Выработка предложений по эффективному выполнению контрольных функций государственными инспекторами труда в соответствии с конвенциями Международной организации труда № 81 "Об инспекции труда в промышленности и торговле", № 129 "Об инспекции труда в сельском хозяйстве", ратифицированными законами Республики Казахстан от 7 мая 2001 года

информация в Правительство

декабрь 2021 года

МТСЗН

не требуются

18.

Разработка и утверждение дорожных карт по снижению производственного травматизма и рабочих мест с вредными и опасными условиями труда по наиболее рискованным отраслям экономики (горно-металлургическая, строительная, нефтегазовая и другие)

дорожные карты

декабрь
2022 года

МТСЗН, МИИР, МЭ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

19.

Разработка нового функционала автоматизированной информационной системы "Охрана труда и безопасность" по формированию отчета по производственному травматизму и профессиональным заболеваниям, включающей ведение статистической формы общегосударственного статистического наблюдения "Отчет о травматизме, связанном с трудовой деятельностью, и профессиональных заболеваниях" (индекс 7-ТПЗ, периодичность годовая)

протокол ввода

декабрь
2022 года

МТСЗН, МЗ,
БНС АСПР

не требуются

4. Научные и аналитические исследования в области безопасности и охраны труда, внедрение их результатов

20.

Проведение научно-исследовательских работ, направленных на совершенствование экономического стимулирования безопасного труда на предприятиях посредством внедрения унифицированного риск-ориентированного подхода в бюджетировании затрат, выдаче средств индивидуальной защиты, развитии профессиональных компетенций

предложения по внедрению результатов научно-исследовательских работ в трудовое законодательство

2021 – 2023 годы

МТСЗН,
РНИИОТ
 

в рамках бюджетной программы 034 "Прикладные научные исследования в области охраны труда" в размере 230 000 тыс. тенге (вне конкурсных процедур)

21.

Проведение научно-исследовательских работ, направленных на совершенствование научной теории и методологии обеспечения реализации прав работников на безопасный труд, развитие охраны труда, содействие улучшению условий труда и снижению профессиональных рисков в Казахстане

предложения по внедрению результатов научно-исследовательских работ в трудовое законодательство

2022 – 2024 годы

МТСЗН
 

в рамках бюджетной программы 034 "Прикладные научные исследования в области охраны труда" в размере 482 500 тыс. тенге (в рамках конкурсных процедур)

22.

Проведение аналитических исследований по совершенствованию трудового законодательства в Республике Казахстан в части предоставления работникам молока или равноценных пищевых продуктов, лечебно-профилактического питания в связи с вредными условиями труда в зависимости от профессионального риска

предложения по совершенствованию трудового законодательства

декабрь
2022 года

МТСЗН
 

в рамках бюджетной программы 001 "Формирование государственной политики в области труда, занятости, социальной защиты и миграции населения" в размере 15 000 тыс. тенге

22-1.

Выработка предложений по совершенствованию институциональной инфраструктуры риск- ориентированной экономики безопасного труда в Республике Казахстан (механизм обязательного страхования от несчастных случаев на производстве)

предложения по внедрению результатов научно-исследовательских работ в трудовое законодательство

2022 – 2024 годы

МТСЗН,
РНИИОТ

(по согласованию)

в рамках бюджетной программы 034 "Прикладные научные исследования в области охраны труда"

в размере 359536 тысяч тенге (в рамках конкурсных процедур)

5. Активизация социального партнерства, информационное обеспечение в области безопасности и охраны труда

23.

Рассмотрение вопроса обеспечения безопасных условий труда на заседаниях республиканской, отраслевых и региональных трехсторонних комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений

протоколы заседаний республиканской, отраслевых и региональных трехсторонних комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений

2021 – 2025 годы, один раз в полугодие

МТСЗН, МИИР, МЭ, МСХ, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

24.

Проведение обучения работников по вопросам обеспечения безопасности и охраны труда

информация в МТСЗН
 

2021 – 2025 годы

акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

за счет внебюджетных средств

25.

Организация конкурсов:
"Лучшее предприятие в области безопасности и охраны труда";
"Лучший государственный инспектор труда года";
"Лучший технический инспектор по охране труда года"

конкурсы

2021 – 2025 годы

МТСЗН, акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

26.

Проведение информационной кампании по присоединению предприятий республики к Программе Международной ассоциации социального обеспечения "Vizion Zero" (нулевой травматизм)

информация в МТСЗН

2021 – 2025 годы

акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются

27.

Проведение ежегодной казахстанской международной конференции и выставки KIOSH "Охрана труда и промышленная безопасность"

конференция и выставка

2021 – 2025 годы

МТСЗН, ТОО "IТЕСА" (по согласованию)

за счет внебюджетных средств

28.

Проведение информационной кампании "Безопасный труд"

информация в Правительство

2022 – 2025 годы

МТСЗН, акиматы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

в рамках бюджетной программы 001 "Формирование государственной политики в области труда, занятости, социальной защиты, занятости и миграции населения" в размере 85 200 тыс. тенге

28-1.

Разработка новых функционалов на информационном портале "Электронная биржа труда" (enbek.kz) для информационно-справочного сопровождения внедрения и функционирования системы управления охраной труда в организациях:
актуальная нормативная и методическая база;
планирование и составление бюджета затрат на охрану труда;
трудовой консультант.

протокол ввода

2- квартал

2023 года

МТСЗН,

республиканские объединения работодателей (по согласованию), республиканские объединения профессиональных союзов (по согласованию)

не требуются


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      ТОО "IТЕСА" – товарищество с ограниченной ответственностью "IТЕСА"

      МТСЗН – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      МИИР – Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      МЧС – Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      МЭ – Министерство энергетики Республики Казахстан

      АРРФН – Агентство Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка

      БНС АСПР – Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан

      РТК – Республиканская трехсторонняя комиссия по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений

      АФК – Ассоциация финансистов Казахстана

      РНИИОТ – Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда