Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1182 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. "Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысымен |
|
бекітілген |
Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары
Ескерту. Іс-қимыл жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2022 № 245 қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар |
Қаржыландыру көздері және болжамды шығыстар (мың теңге) |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру | |||||
---|---|---|---|---|---|
1. | Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы | 2021 жыл | Еңбекмині | талап етілмейді |
2. |
Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге ықпал ететін ішкі салалық іс-шараларды өткізу | әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысының хаттамасы | 2021 – 2025 жылдар |
Еңбекмині, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
3. | Жұмыскерлер еңбек міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау |
РҮК | 2022 жылғы қаңтар |
Еңбекмині, ҚНРДА, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
4. | Халықаралық еңбек ұйымының "Ауыл шаруашылығындағы еңбек қауiпсiздiгi және гигиенасы туралы" № 184 конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ қолданыстағы еңбек заңнамасына ілеспе өзгерiстер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін қарау |
РҮК | 2022 жылғы мамыр |
Еңбекмині, АШМ, | талап етілмейді |
4-1. | Экономиканың әртүрлі салаларындағы өндіріс ерекшелігіне байланысты жұмыс орнындағы өндірістік факторлардың әсерін ескере отырып, еңбек жағдайларын жіктеу және бағалау әдіснамасын өзектілендіру | әдістемелік ұсынымдар | 2023 жылғы 1- тоқсан | Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша) | талап етілмейді |
4-2. | "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | бұйрық | 2023 жылғы 1- тоқсан | Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша) | талап етілмейді |
4-3. | Кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуді ескере отырып, жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін өзектілендіру | бұйрық | 2023 жылғы желтоқсан | Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша) | талап етілмейді |
2. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және қабылдау | |||||
5. | "Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | бұйрық | 2021 жылғы қараша |
Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
6. | Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімін бекіту | бұйрық | 2021 жылғы желтоқсан |
ДСМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
7. |
Мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу: | бұйрық | 2022 жылғы 1-тоқсан |
Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
8. |
"Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | бұйрық | 2022 жылғы қаңтар |
Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
9. | "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына сәйкес уәкілетті органдар қабылдауы қажет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді анықтау үшін заңнаманы талдау | Үкіметке ақпарат | 2022 жылғы наурыз |
Еңбекмині, | талап етілмейді |
10. |
Еңбек кодексіне: |
РҮК | 2022 жылғы наурыз |
Еңбекмині, ДСМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
11. | Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жұмыскердің жауапкершілігі үлесінің ең жоғары шекті мәнін енгізу туралы мәселені РҮК-тің қарауына шығару |
РҮК | 2022 жылғы маусым |
Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
12. | "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысына толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | 2022 жылғы желтоқсан |
Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
12-1. |
Мына: | тұжырымдама | 2023 жылғы желтоқсан | Еңбекмині | талап етілмейді |
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру | |||||
13. | Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектілерді технологиялық қайта жарақтандыру жолымен олардың авариялылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу | Еңбекминіне ақпарат | жыл сайын |
ТЖМ, | талап етілмейді |
14. | Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыру | Еңбекминіне ақпарат | 2021 – 2025 жылдар | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жергілікті бюджет |
15. | Кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын енгізу | Еңбекминіне ақпарат | 2021 – 2025 жылдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
16. |
Республика кәсіпорындарында шарттық қатынастар шеңберінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек және тұру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды енгізу | Еңбекминіне ақпарат | 2021 – 2025 жылдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
17. | Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы заңдарымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының "Өндіріс пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы" № 81, "Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы" № 129 конвенцияларына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау функцияларын тиімді орындауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | Еңбекмині | талап етілмейді |
18. | Экономиканың анағұрлым қауiптi салалары бойынша (тау-кен-металлургия, құрылыс, мұнай-газ және басқалары) өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту | жол карталары | 2022 жылғы желтоқсан |
Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
19. | "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар жөнінде есепті қалыптастыру бойынша "Еңбек қызметі және кәсіптік аурулармен байланысты жарақаттар туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын жүргізуді (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) қамтитын жаңа функционалын әзірлеу | енгізу хаттамасы | 2022 жылғы желтоқсан | Еңбекмині, ДСМ, СЖРА ҰСБ | талап етілмейді |
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми және талдамалық зерттеулер, олардың нәтижелерін енгізу | |||||
20. | Шығындарды бюджеттеуде, жеке қорғаныш құралдарын беруде, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуда тәуекелге негізделген бірыңғай тәсілді енгізу арқылы кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекті экономикалық ынталандыруды жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін еңбек заңнамасына енгізу бойынша ұсыныстар | 2021 – 2023 жылдар |
Еңбекмині, |
034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 230 000 мың теңге |
21. |
Қазақстанда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын іске асыруды, еңбекті қорғаудың дамуын, еңбек жағдайларын жақсартуға және кәсіби тәуекелдерді төмендетуге жәрдемдесуді қамтамасыз етудің ғылыми теориясы мен әдіснамасын жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін еңбек заңнамасына енгізу бойынша ұсыныстар | 2022 – 2024 жылдар | Еңбекмині |
034 "Еңбек қауіпсіздігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 482 500 мың теңге |
22. | Жұмыскерлерге кәсіптік тәуекелге қарай зиянды еңбек жағдайларына байланысты сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік- профилактикалық тағам беру бөлігінде Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу | еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар | 2022 жылғы желтоқсан | Еңбекмині | 001 "Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 15 000 мың теңге |
22-1. | Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбектің тәуекелге бағдарланған экономикасының институционалдық инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу (өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігі) | еңбек заңнамасына ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу жөніндегі ұсыныстар | 2022 –2024 жылдар |
Еңбекмині, ЕҚРҒЗИ (келісу бойынша) | 034 "Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 359 536 мың теңге мөлшерінде (конкурстық рәсімдер шеңберінде) |
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестікті жандандыру | |||||
23. | Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында қарау | әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялар отырыстарының хаттамалары | 2021 – 2025 жылдары, жарты жылда бір рет |
Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АШМ, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
24. | Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқытуды жүргізу | Еңбекминіне ақпарат | 2021 – 2025 жылдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
25. |
Мынадай: | конкурстар | 2021 – 2025 жылдар |
Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
26. | Республика кәсіпорындарының Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының "Vizion Zero" (жарақаттануға төзбеушілік) бағдарламасына қосылуы жөнінде ақпараттық науқан өткізу | Еңбекминіне ақпарат | 2021 – 2025 жылдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | талап етілмейді |
27. | "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік" атты жыл сайынғы KIOSH қазақстандық халықаралық конференциясын және көрмесін өткізу |
конференция және көрме | 2021 – 2025 жылдар |
Еңбекмині, | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
28. | "Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқанын өткізу | Үкіметке ақпарат | 2022 – 2025 жылдар |
Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері | 001 "Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 85 000 мың теңге |
28-1. |
"Электрондық еңбек биржасы" (enbek.kz) ақпараттық порталында ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің енгізілуі мен жұмыс істеуін ақпараттық-анықтамалық сүйемелдеу үшін мынадай жаңа функционалдарды әзірлеу: | енгізу хаттамасы | 2023 жылғы 2- тоқсан | Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша) | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
"ITECA" ЖШС – "ITECA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
РҮК – Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия
ҚҚҚ – Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы
ЕҚРҒЗИ – Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты