"Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 245 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1182 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 419 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4-1, 4-2 және 4-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

4-1.

Экономиканың әртүрлі салаларындағы өндіріс ерекшелігіне байланысты жұмыс орнындағы өндірістік факторлардың әсерін ескере отырып, еңбек жағдайларын жіктеу және бағалау әдіснамасын өзектілендіру

әдістемелік ұсынымдар

2023 жылғы 1- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

4-2.

"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

2023 жылғы 1- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

4-3.

Кәсіптік тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуді ескере отырып, жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін өзектілендіру

бұйрық

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

      "

12-1.

Мына:
өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс уақыты, еңбекақының жоғары мөлшері, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу түрінде кепілдік берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу;
шағын және микро кәсіпорындар үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесінің үлгілік ережесін әзірлеу бөлігінде "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

тұжырымдама

2023 жылғы желтоқсан

Еңбекмині

талап етілмейді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:

      "

22-1.

Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбектің тәуекелге бағдарланған экономикасының институционалдық инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу (өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігі)

еңбек заңнамасына ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу жөніндегі ұсыныстар

2022 –2024 жылдар

Еңбекмині, ЕҚРҒЗИ
(келісу бойынша)

034 "Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 359 536 мың теңге мөлшерінде (конкурстық рәсімдер шеңберінде)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:

      "

28-1.

"Электрондық еңбек биржасы" (enbek.kz) ақпараттық порталында ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің енгізілуі мен жұмыс істеуін ақпараттық-анықтамалық сүйемелдеу үшін мынадай жаңа функционалдарды әзірлеу:
өзекті нормативтік және әдістемелік база;
еңбекті қорғауға арналған шығындарды жоспарлау және бюджетті құру;
еңбек консультанты

енгізу хаттамасы

2023 жылғы 2- тоқсан

Еңбекмині, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша)

талап етілмейді

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады