Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 427 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 383), 384), 385), 386), 387), 388), 389), 390), 391), 392), 393), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403) және 404) тармақшалармен толықтырылсын:

      "383) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын бекіту;

      384) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында көзделген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін бекіту;

      385) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын бекіту;

      386) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту;

      387) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаны хабардар ету нысанын бекіту;

      388) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын бекіту;

      389) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысанын бекіту;

      390) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту;

      391) кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін айқындау;

      392) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын бекіту;

      393) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графигін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      394) кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархаттың нысанын бекіту;

      395) тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту;

      396) көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

      397) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау;

      398) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін бекіту;

      399) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекіту;

      400) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін белгілеу;

      401) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын бекіту;

      402) Апелляциялық комиссия туралы ережені және құрамын бекіту;

      403) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      404) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысанын бекіту.";

      ведомствоның функциялары мынадай мазмұндағы 498-2), 498-3), 498-4), 498-5), 498-6), 498-7), 498-8), 498-9), 498-10), 498-11), 498-12), 498-13), 498-14), 498-15), 498-16), 498-17), 498-18), 498-19), 498-20), 498-21), 498-22) және 498-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "498-2) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      498-3) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында көзделген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін әзірлеу;

      498-4) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын әзірлеу;

      498-5) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;

      498-6) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаны хабардар ету нысанын әзірлеу;

      498-7) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын әзірлеу;

      498-8) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысанын әзірлеу;

      498-9) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      498-10) кешенді көшпелі кедендік тексеру тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін әзірлеу;

      498-11) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын әзірлеу;

      498-12) кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархаттың нысанын әзірлеу;

      498-13) тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      498-14) көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;

      498-15) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу;

      498-16) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;

      498-17) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;

      498-18) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін есептеу;

      498-19) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      498-20) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымның нәтижелері туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;

      498-21) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құзырет шегінде әзірлеу;

      498-22) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) қадағалап отыру тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;

      498-23) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысанын әзірлеу;";

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 қаулысы:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады