Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 41-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері – Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданатын шешімдері.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын келесі жылға айқындау мақсатында конкурсты ұйымдастырушы ағымдағы жылғы қарашадан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.
Хабарландыруда мынадай мәлiметтер қамтылады:
конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
конкурс өткiзілетін уақыт, күн және орын;
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылданатын, конкурс туралы қосымша ақпарат берілетін мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттер ашылатын орны, күнi және уақыты;
тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;
өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша өтінімдерді ашқан күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарын айқындау конкурсы қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.";
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымын айқындау туралы.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Конкурс қорытындысының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.";
Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларына қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінім".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |