Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 430 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 маусымдағы
№ 430 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 168-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "168-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;".

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 260-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "260-1) Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету мақсатында жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын, жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын, азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жібереді;".

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 38-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-3) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;".

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 146-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "146-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады