"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 445 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 283-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "283-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Тиісті рұқсатсыз аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.";

      2) 284-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "284-бап. Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу";

      1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу –

      бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3) 285-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "285-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу";

      2-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша талаптарды бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 144-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалған пестицидтердi өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I және (немесе) II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар етпестен жүргiзiледi.";

      2) 147-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау және қадағалау органы патогендігі І және (немесе) ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.".

      3. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 40-1), 40-2), 40-3) және 40-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "40-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беруді жүзеге асырады;

      40-2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      40-3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және (немесе) оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, қайта жаңарту, қайта ресімдеу, одан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      40-4) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады;";

      2) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау бойынша қызметтер көрсету.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру және қайта ресімдеу, рұқсат ету бақылауын жүзеге асыру, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру, қайта жаңарту және тоқтату тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.";

      3) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат;";

      4) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру

      1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде береді.

      2. Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия және оның құрамы туралы ережені халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

      3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және (немесе) оған қосымша инженерлік, операциялық және техникалық талаптарды (зертхананың биологиялық қауіпсіздік деңгейі) қамтитын, жұмыста пайдаланылатын патогенді биологиялық агенттердің тәуекел тобына байланысты зертханалық тежеу шаралары сақталған кезде микроорганизмдермен ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге беріледі.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат патогенді биологиялық агенттердің атаулары көрсетіле отырып, патогенділік тобы және қауіптілік дәрежесі ескеріле отырып, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын әрбір объектіге (стационарлық немесе мобильді) беріледі.

      4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге мыналар:

      1) биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның зертхананың бейініне сәйкес келетін мамандарының оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне зерттеп-қарауының оң қорытындысы;

      2) орындалатын зерттеулер номенклатурасын, материалдық базаны, кадр құрамын және персоналдың кәсіби даярлығын бағалау негіз болып табылады.

      5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту үшін мыналар:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не анық емес құжаттар мен мәліметтерді ұсыну;

      2) биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның теріс қорытындысы;

      3) эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы негіз болып табылады.

      6. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) үшін мыналар:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау;

      2) соңғы күнтізбелік он екі айдың ішінде адамдардың денсаулық жағдайына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпті әсер ететін, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты қайта анықтау;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      7. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтату үшін мыналар:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (кері қайтарып алу);

      2) рұқсат беру рәсімінің заңнамалық күшінің жойылуы;

      3) жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;

      4) өтініш берушінің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

      8. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және (немесе) оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, қайта ресімдеу, одан айыру (кері қайтарып алу), олардың қолданысын тоқтату қағидаларын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы баптың талаптарын ескере отырып бекітеді.";

      5) 36-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні жоғары патогендігі I – II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      6) 94-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Нормативтік құқықтық актілер мен осы бапта көрсетілген патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды қамтитын, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып әзірленеді, бекітіледі және қолданылады.";

      7) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:

      "95-1-бап. Патогенді микроорганизмдер коллекциясы

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын жинау, сәйкестендіру, зерделеу, есепке алу, паспорттау, сақтау (депонирлеу) және күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8) 113-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік органдар және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары биологиялық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес биологиялық тәуекелдерді бағалау әдістемесін және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптарды ескере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіпке сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.".

      4. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 1-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып, карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-2) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп фитосанитариялық тәуекелге талдау, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес биологиялық тәуекелдерді бағалау әдістемесін және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптарды ескере отырып жүргізу қағидалары, биологиялық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптардың ғылыми қағидаттары, халықаралық нормалар мен ұсынымдар негізінде карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлейді және жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      2) 9-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      3) 12-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда берілетін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның негізінде жүзеге асырылады.".

      5. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ықтимал қауіпті биологиялық объектілерде терроризм актілеріне және (немесе) оларды патогенді биологиялық агенттерді пайдалана отырып жасауға, патогенді биологиялық агенттерді биологиялық қару ретінде әзірлеу, өндіру және пайдалану үшін биологиялық технологияларды және өзге де сабақтас технологияларды қолдануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;".

      6. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-3-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын, биологиялық тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету көрсеткiштерінiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.

      2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.";

      2) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.".

      7. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 12-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "12-3-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы рұқсат";

      2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) эпизоотиялық жағдайды объективті бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, нормаларды және ветеринариялық нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;";

      3) 8-бапта:

      46-28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-28) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 46-32) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-32) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;";

      4) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:

      "12-3-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы рұқсат

      Патогенді биологиялық объектілермен жұмыс істеумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда берілетін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның негізінде жүзеге асырылады.";

      5) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

      1-3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      6) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары ескеріле отырып әзірленетін, бекітілетін және қолданылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда айқындалады.";

      7) 26-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар биологиялық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес биологиялық тәуекелдерді бағалау әдістемесін және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптарды, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып айқындалатын ғылыми деректерге, жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді объективті бағалауға негізделуі тиіс.".

      8. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) әскери қауіпсіздік пен қорғанысты, оның ішінде радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікпен байланысты қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді;";

      2) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      9. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып реттеледі.";

      2) 4-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу кіреді. Биологиялық қауіпсіздік саласын қозғайтын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым ғылыми бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі;";

      мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-1) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      23-2) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің коллекцияларын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      10. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші – төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "денсаулық сақтау саласындағы референстік зерттеулерді;

      өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы референстік зерттеулерді;

      патогенді биологиялық агенттермен, оның ішінде аса қауіпті инфекциялық аурулар тудыратын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді;".

      11. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы "пайдалану болып табылады" деген сөздер "пайдалану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) биологиялық тәуекелдер мен биологиялық қауіпсіздікке төнетін қатердің жоғары деңгейі болып табылады.";

      2) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      3) 19-бапта:

      1-тармақтың 10) тармақшасындағы "іс-қимылға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі" деген сөздер "іс-қимылға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) биологиялық тәуекелдерді бағалауға және биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикаға бағытталған шешiмдерімен және iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.";

      2-тармақтың 7) тармақшасындағы "негізсіз шектеуге әкеп соғуға көрiнеу ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен іс-қимылдар жасауға жол берiлмейдi." деген сөздер "негізсіз шектеуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) биологиялық тәуекелдердің деңгейін арттыруға не Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің туындауына әкеп соғуға көрiнеу ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен іс-қимылдар жасауға жол берiлмейдi.";

      4) 24-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптары мен нормаларын, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды мүлтіксіз сақтау;".

      12. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 70-38) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-38) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;";

      2) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұйымдар үшін ықтимал төтенше жағдайлардың әлеуетті қауiптілiгiне, әлеуметтiк-экономикалық салдарының шамасына қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.

      Аса маңызды санатқа патогендігі I топты патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын объектілерді қоса алғанда, аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайлардың туындау қаупiн туғызатын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар жатады.

      Санатты ұйымдарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға, өңiрлiк және жергілiктi ауқымдардағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкiн мынадай ұйымдар:

      аса маңызды мемлекеттік меншік объектiлері;

      өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар және маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар;

      уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен және жоюмен, патогендігі
II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен айналысатын ұйымдар;

      аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар жатады.";

      3) 41-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге және ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің жұмыс істеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шаралары туралы статистикалық, есепке алу және есептік құжаттаманы (ақпаратты) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұсынады.".

      13. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-қосымша мынадай мазмұндағы 88-жолмен толықтырылсын:

      "

888.
 

Дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензия


Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып 

      ";

      2) 2-қосымшаның 230-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2230.
 

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат

      ".

      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады