2021 – 2022 және 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 464 қаулысы

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2021 – 2022 және 2021 – 2023 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 3 шілдедегі
№ 464 қаулысына
қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2021 – 2022 және 2021 – 2023 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      2021 – 2022 жылдарға арналған:

      1. "2050 жылға дейін трансшекаралық Арал-Сырдария бассейнінде Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздерін әзірлеу".

      2. "Пандемия жағдайында науқастарды диагностикалау және емдеу жүйесін жетілдіру үшін Қазақстанда медициналық роботтар мен зияткерлік жүйелерді әзірлеу және енгізу", жеке серіктестің қатысуымен.

      3. "Цифрлық қолтаңба үшін ерікті ұзындықты хэштеу алгоритмін әзірлеу мен зерттеу және олардың күшін бағалау", жеке серіктестің қатысуымен.

      4. "Кешенді жүйке желілерін динамикалық талдау және синхрондау, және оларды қолдану".

      5. "Аса қауіпті ауруларды сәйкестендіру және ауыл шаруашылығы дақылдары төзімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру үшін жоғары тиімді диагностика жүйелерін әзірлеу және енгізу", жеке серіктестің қатысуымен.

      6. "Ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының қоздырғыштарын мониторингтеу негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін патогендерді анықтау үшін жоғары сезімталды молекулалық-биологиялық, биохимиялық тестілерді әзірлеу", жеке серіктестің қатысуымен.

      7. "Өнеркәсіптік құнды микроағзалар коллекциясын құру және толықтыру, биотехнология, медицина және ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін олардың биологиялық әртүрлілігін зерттеу және сақтау", жеке серіктестің қатысуымен.

      8. "Организмдерді мутагендердің әсерінен қорғауға, табиғи ресурстардың өнімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға әсер ететін жаңа геномдық технологияларды құрастыру және қолдану".

      9. "Қазақстан Республикасының ғылыми зоологиялық коллекциясы бойынша ғылым мен білім беруде тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ұлттық электрондық деректер банкін құру", жеке серіктестің қатысуымен.

      10. "Батыс және Шығыс Қазақстанның табиғи аймақтарында өсімдіктерді ұтымды және тиімді пайдалану үшін интродукциялаудың ғылыми-практикалық негіздері мен инновациялық тәсілдерін әзірлеу", жеке серіктестің қатысуымен.

      11. "Қазақстан Республикасының инновациялық индустриясын дамыту үшін жаңа композициялық-конструкциялық материалдарды әзірлеу", жеке серіктестің қатысуымен.

      12. "Биоалуантүрлілікті сақтау үшін Қазақстан флорасы мен фаунасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің биобанкін құру", жеке серіктестің қатысуымен.

      13. "Зақымдалған буындарды қалпына келтіру үшін медициналық тәжірибеге ұлпа-инженериялық инновациялық технологияларды енгізу", жеке серіктестің қатысуымен.

      14. "Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазу".

      15. "Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу".

      16. "Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында әдебиеттану және өнертану саласында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика".

      17. "Шығыс елдерінде ынтымақтастықты дамыту және өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру контексіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты".

      18. "Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу.

      19. "Қазақстан экономикасы мен қоғамының теңгерімді аумақтық даму тұжырымдамасы мен механизмдерін әзірлеу".

      20. "Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы контексінде қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу".

      21. "Ұлы Дала этномәдени зерттеулер контексінде".

      2021 – 2023 жылдарға арналған:

      1. "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі: қатерлерді бағалау, олардың алдын алу мен жоюдың ғылыми-техникалық негіздері".

      2. "Орта білім берудің мазмұны мен оны басқаруды жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін және жоғары білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу".

      3. "Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері".

      4. "Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы" академиялық басылымын жеті томдық етіп әзірлеу".

      5. "XX ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау үрдістері: бірыңғай деректер базасын құру".

      6. "Қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік негізде Қазақстанның облыстары мен қалаларының аумақтарындағы сейсмикалық қауіпті бағалау".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады