Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 473 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің балансынан "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 473 қаулысына
қосымша

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/c № Мүліктің атауы Өлшем бірлігі Саны
1 2 3 4

1

"Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" атты қазақ тіліндегі кітап (қатты мұқабада)

дана

1990

2

"Судьба и наследие Чокана Валиханова" атты орыс тіліндегі кітап (қатты мұқабада)

дана

1990

3

"Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" атты қазақ тіліндегі кітап (сыйлық қорапшасында)

дана

10

4

"Судьба и наследие Чокана Валиханова" атты орыс тіліндегі кітап (сыйлық қорапшасында)

дана

10

5

Шоқан Уәлихановтың цифрлық суреттері бар кітаптың электрондық нұсқасы (CD-диск)

дана

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады