Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 29-1) тармақпен толықтырылсын:
"29-1) соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар - осы Кодекстің 160 (екінші бөлігінде), 163 (екінші бөлігінде), 164 (екінші бөлігінде) және 168 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген іс-әрекеттер;";
2) 47-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өлім жазасы - ату жазасы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы беріледі. Өлім жазасы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында қолданылуы мүмкін.";
3) 170-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында, 175-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында, 177-баптың екінші абзацында, 178-баптың екінші абзацында, 184-баптың екінші абзацында, 255-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында, 455-баптың екінші абзацында ", не өлім жазасына", 437-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында "не елім жазасымен", 438-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында, 439-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында, 442-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацында, 443-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында, 444-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында "не өлім жазасына" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |