"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумағындағы Шығыс Тарутинский (Қазақстан Республикасы), Тарутинский (Ресей Федерациясы) кен орындарында шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 409 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 568 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумағындағы Шығыс Тарутинский (Қазақстан Республикасы), Тарутинский (Ресей Федерациясы) кен орындарында шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумағындағы Шығыс Тарутинский (Қазақстан Республикасы), Тарутинский (Ресей Федерациясы) кен орындарында шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады