"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 580 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургия кешені, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағытталуына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтарда, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің миссиясы:

      индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, көмір өнеркәсібі, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; экономика мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары салаларында елді ғылыми-техникалық дамыту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа), экспорттық бақылау, қорғаныс өнеркәсібі әлеуетін қолдау және дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағытталуына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары саласында; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 208-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "208-1) жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 211-1), 211-2) және 211-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "211-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды мемлекеттік орган қабылдаған қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      211-2) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      211-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 212-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "212-1) өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 220-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "220-1) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін бекіту;";

      244) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "244) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 247-1) және 247-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "247-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеу нәтижелері мен жұмыстарды қабылдау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      247-2) қамтамасыз етуді берген адамға қамтамасыз ету сомасының азайтылғаны туралы хабарлама жіберу;";

      282-5) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      115) тармақша алып тасталсын;

      482) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "482) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа), сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады