"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан өнеркәсібіне арналған аддитивті өндіріс жүйелері және металл ұнтақтары" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |