Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді келісетін уәкілетті органды айқындау туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 және "Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 685 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді келісетін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін уәкілетті органды айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган;

      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган болып айқындалсын.";

      2) "Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар;

      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитеті тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады