"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 693 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      65-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) өз жер учаскелерінде геодезиялық пункттер орналасқан кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган бекіткен геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу және қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға сәйкес олардың бүлінуі немесе жойылуы жағдайлары туралы хабарлауға міндетті.".

      2. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган – геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқаруды және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      61-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-бап. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті органның құзыреті";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган:".

      4. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-қосымшадағы 205-жол алып тасталсын;

      2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады