Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкiметiнің | |
2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiс пен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
3. "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"167. Оқ-дәрілер түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті жоюды тиісті рұқсат беру құжаттарына сәйкес оқ-дәрілерді жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.
Ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті орган азаматтық қорғау органдарын хабардар ете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүгінеді. Бұл жағдайда ұйым көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде ұсынады.
Уәкілетті органның шешімі бойынша оған ведомстволық бағынысты ұйым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген пайдаланылмаған мүлікті жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен айқындалады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар өтеусіз негізде жүзеге асырылады.".