"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 695 қаулысымен бекітілген |
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесінің республикалық мүлкінің тізбесі
Р/с | Мүліктің атауы | Түгендеу нөмірі | Саны, бірлік |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
1. | "Беларус 2022,3" маркалы доңғалақты трактор, 2017 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі 20102179, мемлекеттік нөмірі Z857AMD | 235005000001 | 1 |
2. | "Беларус 2022,3" маркалы доңғалақты трактор, 2017 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі 20102174, мемлекеттік нөмірі Z856AMD | 235005000002 | 1 |
3. | "Беларус 2022,3" маркалы доңғалақты трактор, 2017 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі 20102181, мемлекеттік нөмірі Z858AMD | 235005000003 | 1 |
4. | "SIPMA RN 1000" модельді минералды тыңайтқыштар сепкіш, зауыттық нөмірі 01121 | 235005000008 | 1 |
5. | "SIPMA RN 1000" модельді минералды тыңайтқыштар сепкіш, зауыттық нөмірі 01126 | 235005000009 | 1 |
6. | "SIPMA RN 1000" модельді минералды тыңайтқыштар сепкіш, зауыттық нөмірі 01111 | 235005000010 | 1 |
7. | "SIPMA RN 1000" модельді минералды тыңайтқыштар сепкіш, зауыттық нөмірі 01055 | 235005000011 | 1 |
8. | "SIPMA RN 1000" модельді минералды тыңайтқыштар сепкіш, зауыттық нөмірі 01089 | 235005000012 | 1 |
9. | "ПЛ-5" лазерлі тегістегіш, сериясы PL0008/5/22.04.2017 | 235005000004 | 1 |
10. | "ПЛ-5" лазерлі тегістегіш, сериясы PL0011/5/10.05.2017 | 235005000005 | 1 |
11. | "ПЛ-5" лазерлі тегістегіш, сериясы PL0013/5/10.05.2017 | 235005000006 | 1 |
12. | "ПЛ-5" лазерлі тегістегіш, сериясы PL0014/5/10.05.2017 | 235005000007 | 1 |
13. | ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа | 235005000013 | 1 |
14. | ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа | 235005000014 | 1 |
15. | ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа | 235005000015 | 1 |
Жиыны: | 15 |