Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 735 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай республикалық мемлекеттік мекемелер құрылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы";

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы".

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көздеген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады