"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін орта сыныптағы ғарыштық мақсаттағы жаңа буын зымыранының базасында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |