Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 779 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" және "Риддер орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 0,0553 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің электр беру желісін салу үшін "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар кабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 779 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде:

орман көмкерген шабындық жайылым қолайсыз (бетпақ және өзгелері)
1 2 3 4 5 6

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0, 0488

0,0129

0, 0021

0,0325

0,0013

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Риддер орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0, 0065

0,0064

-

0,0001

-

Барлығы:

0,0553

0,0193

0,0021

0,0326

0,0013


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады