Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 804 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

84

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепте.

      ";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2022 № 571 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2022 № 571 қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 804 қаулысына
қосымша

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі

Р/с № Мүліктің атауы Саны
(бірл.)
Гараж нөмірі, мем.нөмірі (№) Сәйкестендіру нөмірі
1 2 3 4 5

1.

TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы

1

гараж
№ 308

VIN (шасси №): NNANPR75H02000615
Қозғалтқыш № 825416
Түгендеу № 98470664    

2.

TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы

1

гараж
№ 315

VIN (шасси №): NNANPR75H02000547
Қозғалтқыш № 824816
Түгендеу № 98470671

3.

Әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуге арналған PREMIER MT43-21 маркалы арнайы машина

1

гараж
№ 355

VIN (сериялық №): S/N 67838
Қозғалтқыш № 73056249
Түгендеу № 98470535


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады