ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 ж. қолданысқа енгiзiледi
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |