Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) "Розеофунгин-АС" отандық түпнұсқалық жаңа дәрілік препаратын әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру" тақырыбы бойынша жұмысы үшін: "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Құрбанұлы Садановқа;
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология гылымдарының кандидаты Ася Сұлтанқызы Балғымбаеваға;
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вирусология бөлімінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Элеазарович Березинге;
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасыныц Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Райханұлы Құлмағамбетовке;
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Петровна Треножниковаға;
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультеті доцентінің міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Дәулетбайқызы Ұлтанбековаға;
2) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар мен өндіріс" тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі Күнсұлу Закарьяға;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу кұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ергали Орынбасарұлы Әбдірайымовқа;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Мелісбекұлы Қасеновке;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Бекболатұлы Құтымбетовке;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Мұхит Бармақұлы Орынбаевқа;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Тұрлыбайқызы Сұлтанқұловаға;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Мұхитұлы Хайруллинге берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |