Қазақстан Республикасының Үкіметі мен NEH Eurasia GmbH арасындағы Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" сутегі өндірісі жобаларын іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 837 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен NEH Eurasia GmbH арасындағы Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" сутегі өндірісі жобаларын іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Склярға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен NEH Eurasia GmbH арасындағы Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" сутегі өндірісі жобаларын іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 837 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен NEH Eurasia GmbH арасындағы

Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" сутегі өндірісі жобаларын іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім

      Осы негізгі қағидаттар туралы негіздемелік келісім ("Келісім") 2021 жылғы [***] қарашада [Брюссельде, Бельгия Корольдігі]

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Скляр мырза; және

      2. Германия Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған жауапкершілігі шектеулі компания, қызметі тіркелген жер: Девриенштрассе, (Devrienstrafie) 7 в 01067 Дрезден, Германия, Германияның Дрезден жергілікті сотында тіркелген "NEH Eurasia GmbH" ("Svevind") атынан басқарушы директор ретінде және [***] сенімхат негізінде әрекет ететін Вольфганг Кропп мырза арасында жасалады.

      Үкімет пен "Svevind" жеке-жеке "Тарап", ал бірге "Тараптар" деп аталады.

Кіріспе

      1. "Svevind" компаниялар тобы Германияда орналасқан және жаңартылатын энергетика секторындағы жобаларға маманданған, жерүсті жел парктерін жоспарлау, әзірлеу, жобалау, қаржыландыру, сату және пайдалану саласында тәжірибесі мол және Еуропадағы гигаваттық қуатты жаңартылатын энергетика және сутегі энергетикасы секторындағы жобалар бойынша тәжірибелі әзірлеуші болып табылады.

      2. Тараптар Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан "жасыл" сутегін өндіру жөніндегі орталықты (барлығы бірге - "жоба") бірлесіп әзірлеуде және іске асыруда мынадай жолмен ынтымақтасуға ниетті:

      1) жел қондырғылары мен күн фотоэлектр қондырғыларының көмегімен шамамен 30 ГВт жаңартылатын энергия өндіру ("ЖЭК объектілері"),

      2) Каспий теңізінен су алу және оны тұщыландыру ("су тарту және тұщыландыру объектілері") және

      3) бір немесе бірнеше объектіде ("өнеркәсіптік объектілер") ішінара немесе толығымен 11 миллион тоннаға дейін "жасыл" аммиакка және (немесе) басқа да соңғы өнімдерге айналдырылуы мүмкін қуаты шамамен 20 ГВт болатын судың электролизі арқылы жаңартылатын энергия мен тұщыландырылған суды жылына шамамен 2 миллион тонна "жасыл" сутекке айналдыру;

      4) Тараптар өздері Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" сутегі саласындағы ұқсас болашақ жобаларды ("болашақ жобалар") бірлесіп әзірлеу және іске асыру ісінде ынтымақтаса алады деп келіседі. Мұндай болашақ жобаларға қатысты осы Келісімде келісілген жалпы негіздемелік уағдаластықтар қолданылады және Тараптар қажет болған жерде осындай қолдануда жәрдемдесетін болады;

      5) жобаны іске асыру мақсатында "Svevind"-Te неміс холдингтік компаниясы ("холдинг") бар, оның аясында қазақстандық заңнамаға сәйкес жобаның әртүрлі бөліктері үшін бірнеше арнайы мақсаттағы компания ("АМК") құрылатын болады;

      6) "Svevind" қарыз және үлестік қаржыландыру арқылы жобаны қаржыландыру үшін халықаралық тең инвесторларды тартуға ұмтылады және Үкімет осыған байланысты жобаға халықаралық тең инвесторлар тартылуы мүмкін екенін, сондай-ақ жобалардың ауқымына байланысты және іске қосу үшін жобаны әзірлеу, қаржыландыру, іске асыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс халықаралық стандарттар талап етілетінін мойындайды;

      7) Сыртқы істер министрлігі жобаны әзірлеу мен іске асыру және осы Келісімді орындау мақсатында барлық тиісті мемлекеттік органдармен ынтымақтасатын жетекші үкіметтік орган ретінде әрекет ететін болады;

      8) 2021 жылғы 22 маусымда "Svevind" компаниялар тобына кіретін "Svevind Energy GmbH" компаниясы мен "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ ("Қазақ Инвест") жобаны жалпы іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды;

      9) 2021 жылғы 3 шілдеде "Svevind Energy GmbH" компаниясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі жобаны іске асыру үшін қажетті жерді қамтамасыз ету процесін қолдау мақсатында Өзара түсіністік туралы қосымша меморандум жасасты;

      10) 2021 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Скляр "Svevind" компаниясымен жобаны іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті және шығарды;

      11) Іс-қимыл жоспарын орындау үшін 2021 жылғы 7 қазанда неміс инвесторларымен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде жұмыс тобы төрағасының орынбасары Алмас Айдарұлы Айдаров жобаны әзірлеу және іске асыру барысында қол жеткізілуі тиіс негізгі кезеңдерді көрсете отырып, жол картасын ("Жол картасы") бекітті;

      12) осы Келісімге кіре отырып, Тараптар өздерінің жоба бойынша ынтымақтастығы негізделетін негізгі қағидаттарды бекітуге ниетті;

      13) Тараптар инвестициялық келісімшартқа 2022 жылғы бірінші тоқсанда қол қоюға күш-жігер жұмсауға ниетті; инвестициялық келісімшартта жоба үшін қажетті жер учаскелерін жалпы бөлуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір инвестициялық преференцияларды алуға қатысты ереже ("Инвестициялық келісімшарт") көзделуі мүмкін;

      14) бұған қоса, Тараптар 2022 жылғы маусымның соңына дейін Инвестициялар туралы келісім жасасуға күш-жігерін жұмсауға ниетті, онда "Svevind" жобасын іске асыру мақсатында қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес Үкімет тарапынан оларды қолдау және жеңілдетілген жағдай жасауға катысты, сондай-ақ "Svevind" тарапынан ("Инвестициялар туралы келісім") Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасына тигізетін экономикалық әсері мен қосатын үлесіне, қатысты Тараптардың міндеттемелері толық көрсетіледі;

      15) күмән келтірмеу үшін осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алдын ала шарт емес, ниет туралы шарт болып табылады;

      16) осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

1. Мәлімдемелер мен кепілдіктер

      1.1 Үкімет Премьер-Министр орынбасарының және/немесе Сыртқы істер министрлігінің жобаға қатысты келіссөздер жүргізуге тиісті және мерзімі шектеусіз өкілеттілігіне кепілдік береді.

      1.2 "Svevind" осы Келісім бойынша "Svevind" басқарушы директорларына "Svevind" атынан әрекет етуге және осы Келісімде көзделген міндеттерді орындауға және барлық міндеттемелерді орындауға мерзімі шектелмей және тиісті түрде уәкілеттік берілгеніне кепілдік береді.

2. Құқықтар мен міндеттемелер

      2.1 Екі тарап та жобаны іске асыруға қажетті барлық іс-шаралар бойынша адал және барынша жақсы өзара іс-қимыл жасау үшін күш-жігер жұмсайды.

      2.2 Тараптардың ниеті осы Келісімде қамтылған қағидаттардың Тараптар және (немесе) арнайы құрылған компания/лар (АМК) арасында жасалатын Инвестициялар туралы келісім және онымен байланысты басқа да келісімдер үшін де негіз бола алатынына сайып келеді.

      2.3 Үкімет бұдан әрі осы Келісімде толығырақ баяндалғандай, "Svevind" пен АМК-ге, өзгесінен басқа, жерге қол жеткізуді және жердің бар болуын қамтамасыз етуді, инфрақұрылым мен ресурстарға қол жеткізуге рұқсатты қоса алғанда, жобаны іске асыруға, жүзеге асыруға және пайдалануға байланысты құқық беру мүмкіндігін қарайды.

      2.4 Тараптар осы Келісімде көрсетілгендей және Іс-қимыл жоспары мен жол картасына сәйкес жобаны уақтылы іске асыру үшін талап етілетін барлық қажетті іс-қимылдарды орындау бойынша күш-жігер жұмсайды және осы Келісімде көзделген барлық шараларды жүзеге асыруға ниетті.

3. Инвестициялар туралы келісім жасасу

      Үкімет Тараптар арасында жобаға қатысты Инвестициялар туралы келісім жасасу бойынша күш-жігер жұмсайды. Тараптар Инвестициялар туралы келісімге "Svevind" немесе тиісті АМК үшін жерге қажетті құқықтарды ұзақ мерзімге беру; одан арғы жобалық келісімдерді қолдау; суға, суды алуға және шығаруға қажетті қолжетімділік беру; өзгелерінен басқа, автомобиль жолдарын, газ құбырларын және портқа қолжетімділікті қоса алғанда, инфрақұрылымды салу және оған қызмет көрсету; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жеңілдіктер мен преференциялар беру; рұқсаттар мен лицензиялар тізбесін, сондай-ақ рұқсаттар талап етілмейтін позициялар тізбесін растау; ҚОӘБ тізбесі; Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін жұмысқа орналастыру және заңнаманың жекелеген нормаларының орнықтылығын (тоқтатып қойылуын) қолдану бойынша нормаларды енгізуге ұмтылатын болады.

4. Жер пайдалану құқығын қамтамасыз ету

      4.1 Үкімет жоба үшін талап етілетін жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарайды және "Svevind"-neн келісу бойынша жобаны іске асыру үшін жергілікті атқарушы органның қажетті жер учаскелерін бөлуін қамтамасыз етеді, оларды "Svevind" компаниясы немесе тиісті АМК Үкіметпен келісу бойынша иеліктен шығаруы мүмкін.

      4.2 4.1-тармақта болжанған жер учаскелері берілген жағдайда Үкімет оларды жобаның әзірленуі мен салыну кезеңінде беруге күш-жігерін салады.

      4.3 Үкімет ұзақ мерзімді жалдау шарттарын ("жалдау шарттары") жасасуға жәрдемдесу жолымен 49 жыл мерзімге ұзақ мерзімді негізде талап етілетін жер учаскелерін бөлу мүмкіндігін қарайды, олар тиісті АМК-мен жасалады.

      4.4 Үкімет қажет болған жағдайда жалдау шарттарын тиісті АМК мен құзыретті жергілікті атқарушы органдар арасындағы бастапқы жалдау шарттарындағыдай талаптарда қосымша, екінші мерзімге ұзарту мәселесін қарайды.

      4.5 Егер жобаға қажетті жер учаскелері үшінші тұлғалардың меншігінде болса, Үкімет "Svevind"-кe немесе тиісті АМК-ге осындай үшінші тұлғалармен табысты келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға ұмтылысына жәрдем көрсетуге күш-жігерін салады.

5. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік жәрдемдесу

      5.1 Үкімет нақты жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында "Svevind"-кe мыналарды іске асыру бойынша жәрдемдесуге күш-жігер жұмсауға ниетті:

      1) "Svevind" немесе тиісті АМК тарапынан жобаға қажетті ішкі жол инфрақұрылымы желілерін салу; мұны орындау Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде көзделгендерді қоспағанда, қандай да бір қосымша рұқсаттар немесе келісімдер ұсынуды талап етпейді;

      2) жоба үшін "Svevind" салған ішкі жол инфрақұрылымы желісін "Svevind" тарапынан ұстау және қызмет көрсету;

      3) жолдар мемлекеттің және (немесе) қоғамның мұқтажы үшін пайдаланылған жағдайда жолдарды пайдалану және қаржыландыру шарттары жергілікті атқарушы орган мен "Svevind" және/немесе тиісті АМК арасындағы жекелеген келісімдермен реттелетін болады және Үкімет осындай келісімдері жасасуда жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуға ниетті;

      4) Үкіметтің қалауы бойынша салынуы мүмкін және Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік инфрақұрылымының бір бөлігін құрайтын ортақ пайдаланылатын жолдардың кез келген желісін "Svevind" пен тиісті АМК-нің жоба үшін пайдалануы;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Svevind" және (немесе) тиісті АМК үшін Ақтау және (немесе) Құрық қалаларында орналасқан порттарға автокөлік үшін және теміржолмен және (немесе) қолданыстағы (немесе) жаңа құбырларға қолжетімділікті камтамасыз ету;

      6) өнеркәсіптік объектілерге және олардан қолданыстағы теміржол қатынасы торабына және торабынан әлеуетті қатынасты қоса алғанда, жобаның көліктік мақсаттары үшін талап етілетін жаңа теміржолдар салу мәселесін талқылауды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жоба талаптарына сәйкес су тарту және тұщыландыру объектілері үшін суға қол жеткізу, алу және шығару құқығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, жобаны іске асыруға және пайдалануға барлық қажетті ресурстарды алу және беру;

      8) қажет болған жағдайда "Svevind" және (немесе) тиісті АМК-нің жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қолжетімділік алуына жәрдемдесу;

      9) "Svevind" және тиісті АМК-ге қатысты жобаны салу және пайдалану үшін тауарлар мен жабдықтардың импортына, сондай-ақ капиталдың тиісті қызметтеріне қатысты арнайы жеке шектеулер белгіленбейтінін растау; бұл жоба шеңберінде өндірілген өнімнің экспортына да қатысты.

      5.2 Үкімет құрылған ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясын жобаның өнеркәсіптік, су тарту және тұщыландыру объектілеріне жеткізу мүмкіндігімен келіседі. ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы жалпы пайдаланудағы негізгі желіге қосылмайды және жеке island grid шегінде жұмыс істейтін болады.

6. Жер туралы келісімдер мен жобалық келісімдерді іске асыру

      Тараптар жобалық келісімдер аясында әрбір жасалған Шарт бойынша міндеттемелер мен міндеттердің уактылы орындалуына жәрдемдесетін болады.

7. Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік

      7.1 "Svevind" жобаны халықаралық экологиялық стандарттарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру үшін күш-жігерін салады.

      7.2 Жобаны іске асыру үшін тиісті АМК іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алғаннан кейін мән-жайлар бойынша жобаның жекелеген бөліктері немесе бүкіл жоба үшін қоршаған ортаға әсерді бағалауды ("ҚОӘБ") жүргізуге міндетті.

      7.3 Тараптар ҚОӘБ өткізу үшін "Svevind" және тиісті АМК-нің ҚОӘБ мақұлдау үшін қажетті құжаттар мен зерттеулердің міндетті тізбесіне ("ҚОӘБ тізбесі") ғана сүйенуге құқылы екендігі жөнінде уағдаласады. Тараптар қоса берілетін Инвестициялар туралы келісімде ҚОӘБ тізбесін бекітуге тиіс.

      7.4 Күмән келтірмеу үшін "Svevind" немесе тиісті АМК құрылыс кезеңі басталғанға дейін ҚОӘБ шешімін және экологиялық рұқсатты (рұқсаттарды) алуға тиіс; бұл ретте экологиялық рұқсат(тар) жобаның пайдаланылу кезеңінің бүкіл мерзіміне жарамды болуға тиіс.

8. Рұқсаттар мен лицензиялар

      8.1 Тараптар Инвестициялар туралы келісім ("рұқсаттар мен лицензиялар тізбесі") аясында расталуға тиіс басқа тараптарға немесе консультанттарға қатыстыларын қоса алғанда, тауарларды импорттау/экспорттау, іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобалау, қаржыландыру, сатып алу, жобаны салу және пайдалану үшін қажетті рұқсаттар мен лицензиялардың алдын ала тізбесін келісу бойынша күш-жігерін салады.

      8.2 "Svevind" және тиісті АМК-нің Инвестициялар туралы келісімде бекітілген Рұқсаттар мен лицензиялар тізбесіне ("рұқсаттар талап етілмейтін позициялар тізбесі") сүйенуге құқығы бар.

      8.3 Тиісті рұқсаттар мен лицензиялар берілгеннен кейін "Svevind" пен тиісті АМК жобаны іске асыруға кірісуге, атап айтқанда, құрылысты бастауға құқылы, ал "Svevind" немесе тиісті АМК рұқсаттар мен лицензияларда қамтылған талаптарды сақтауға тиіс. Үкімет экологиялық мәселелерге байланысты рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алу тәуекелін азайтуға ниетті.

      8.4 Үкімет қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаны іске асыру барысында, атап айтқанда, жобаны жобалау кезеңінде қолданылу мерзімі аяқталатын рұқсаттар мен лицензиялардың мерзімдерін ұзартуда "Svevind"-Ke жәрдем көрсетеді.

9. Әлеуметтік салым

      9.1 "Svevind" корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бастамалар бойынша, оның ішінде Қазакстан Республикасының пайдасына бағытталған міндеттемелерді қабылдайды.

      9.2 "Svevind" немесе тиісті АМК жоба бойынша инвестициялардың бір бөлігін жобаның инвестициялау кезеңінде өзгелермен қатар, жергілікті жұмыскерлерді оқытуды және жұмысқа орналастыруды, Маңғыстау облысына тұщыландырылған су беруді, жергілікті қоғамдастықтарда қайырымдылық іс-шараларды әлеуетті ұйымдастыруды қоса алғанда, жергілікті халық үшін әлеуметтік жобаларды өндіру және (немесе) жүзеге асыру үшін жергілікті шағын және орта бизнесті қолдауды қамтитын өздерінің әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі бастамаларына, сондай-ақ сутегіні өндіруді, тасымалдауды, сақтауды және пайдалануды дамыту бойынша ғылыми ізденістер мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар жүргізуге және Қазақстан Республикасында тәжірибелік алаңдар құруға бөлуді мақсат етеді. Мұндай әлеуметтік көмек жекелеген келісімдерде ескертіледі және келісіледі.

10. Жобаны қаржыландыру және құрылымдау

      10.1 "Svevind", кейіннен тиісті АМК барлық жалдау шарттары және басқа да шарттар мен жобалық келісімдер, сондай-ақ барлық рұқсаттар, лицензиялар және су сияқты ресурстарға қолжетімділік табысты ұсынылған немесе жағдайға байланысты жасалған жағдайда Үкімет тарапынан тікелей субсидиялау қарастырылмаған жобаны қаржыландыруға жәрдемдесетін, ұйымдастыратын және құрылымдайтын болады.

      10.2 "Svevind" және тиісті АМК өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ие болады, ал Үкімет басқа ұйымдармен көпжақты деңгейде одан әрі ынтымақтастық қатынасына кедергі келтірмеуге ниет білдіреді.

      10.3 Үкімет халықаралық мүдделі тараптар мен ұйымдарды жобаға тартуға және қатыстыруға қатысты қолдау бойынша адал ынтымақтастық жасайды және күш-жігерін салады.

11. Сутегі заңын әзірлеу

      Тараптар Қазақстан Республикасына арналған ("жасыл") сутегі жөніндегі заңның әзірленуін одан әрі көтермелеуге және қолдау бойынша күш-жігерін салуға келіседі.

12. Импорттық және экспорттық реттеу

      12.1 Үкімет импорт пен экспорт кезінде "Svevind"-кe және тиісті АМК-ге қатысты қажетті жағдайлар жасау жөнінде күш-жігерін салуға ниетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт пен экспортқа байланысты күрделі рәсімдер мен формальдылықтарды оңайлату үшін барлық күш-жігерін салады. Импорт пен экспорттың осындай процестеріне байланысты нормативтік ережелер ашық және "Svevind" пен тиісті АМК үшін әрдайым қолжетімді болуға тиіс.

      12.2 Үкімет "Svevind" және тиісті АМК-нің Қазақстанның кеден органдарымен өзара іс-қимылын қолдау және жәрдемдесуін камтамасыз ету бойынша күш-жігерін салуға ниетті.

13. Шетел валютасы

      13.1 Үкімет жобаға байланысты шетелдік және жергілікті валютаны пайдалануға байланысты барлық ықтимал қажетті рұқсаттарды алуда жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуға ниетті.

      13.2 Жобаны қаржыландыруға жарналардың көп бөлігін халыкаралық инвесторлар ұсынады деп болжануда; тиісінше, қаражат импорты, дивидендтер мен пайыздар экспорты немесе кредиттерді қайтару және т.б. Сондықтан Үкімет "Svevind" және тиісті АМК үшін капиталдың еркін қозғалысына және жобаны қаржыландыру мен іске асыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілетіннен артық ешқандай шектеулер болмайтынын растайды.

14. Қазақстандық кадрларды жұмыспсн қамту және Қазақстан азаматтары болып табылмайтын жұмыскерлер үшін жұмыс визалары

      14.1 "Svevind" жобада жұмыс істеу үшін лайықты қазақстандық жұмыскерлерді сұранысқа қарай, атап айтқанда, жоғары білікті қызметкерлерді, сарапшыларды, консультанттарды, кеңесшілерді және басқа да адамдарды ақылға қонымды шекте жұмысқа тартуға және жұмылдыруға міндеттенеді, сондай-ақ халықаралық қызметкерлерді де тарту қажет болуы мүмкін.

      14.2 Үкімет Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін "Svevind" және тиісті АМК, сондай-ак олардың тиісті қосалқы мердігерлерінің жұмыс күші ретінде жұмысқа орналастыру рәсімі кезінде, мысалы, консультанттарға, сарапшыларға, кеңесшілерге немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғаларға қатысты қажетті визаларды немесе жұмысқа рұқсаттарды және арнайы анықтамаларды ұсынуға жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салады.

15. Әртүрлі мәселелер

      15.1 Үкімет "Svevind"-тeн немесе тиісті АМК-ден Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жобаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды негізді түрде талап етуге құқылы.

      15.2 Осы Келісім Тараптардың тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойған күннен бастап қолданылады.

      15.3 Осы Келісім бойынша немесе оған байланысты берілетін хабарлама жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер Тараптың қолтаңбасы халықаралық ауқымда мойындалған форматта білікті электронды қолтаңба нысанында жасалған болса, жазбаша нысанға қойылатын бұл талап орындалды деп есептеледі. Осы нысанда жіберілген хабарлама мына электрондық пошта мекенжайларына электрондык пошта арқылы жіберілген кезде жеткізілді деп есептеледі:

      1) "Svevind" үшін: [***]; және

      2) Үкімет үшін: [***];

      Өз кезегінде, Тараптар электрондық поштаның жаңартылған мекенжайларын ұсынуға жауапты болады.

      15.4 Осы Келісімге кез келген түзетулер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым қатаң нысан көзделмесе, жазбаша түрде ресімделуге, осы Келісімге тікелей сілтемені қамтуға және екі Тараптың қолы қойылған болуға тиіс. Егер Тараптың қолтаңбасы халықаралық ауқымда мойындалған форматта білікті электронды қолтаңба нысанында жасалған болса, жазбаша нысанға қойылатын бұл талап орындалды деп есептеледі.

      15.5 Осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты Тараптар арасындағы, оның болуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселелерді қоса алғанда ("дау"), кез келген дау дипломатиялық арналар бойынша келіссөздер арқылы бейбіт жолмен реттелуге тиіс.

      15.6 Осы Келісімге әркайсысы орыс және ағылшын тілдерінде екі данада қол қойылды. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі, NEH Eurasia GmbH ("Svevind"),
      Қазақстан Республикасы Премьер- Басқарушы директоры,
      Министрінің орынбасары Вольфганг Кропп
      Скляр Роман Васильевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады