"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 841 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.01. 2022 ж. қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 25 қарашадағы
№ 841 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген

Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері

Р/с №


1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590
Дизель отыны
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)
Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12)
1 2 3 4 5

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі (шілде – қараша)

24 435

9 300

24 435

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі (желтоқсан – маусым)

24 435

540

24 435

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

0

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы (шілде – қараша)

24 935

9 360

24 935

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы (желтоқсан – маусым)

24 935

600

24 935

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

500

60

500

7.

Импорт

24 435

540

24 435

8.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру (шілде – қараша)

24 435

9 300

24 435

9.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру (желтоқсан – маусым)

24 435

540

24 435

10.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру

0

0

0

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрі тоннаға ауыстыру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vx0,730 М=------------, мұндағы: 1000

      М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннада;

      V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрде;

      0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vx0,769 M= --------------, мұндағы: 1000

      М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннада;

      V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрде;

      0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.

      Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

      ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады