Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 860 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және ұйымдар (келісу бойынша) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазакстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республнкасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 860 қаулысымен
бекітілген

Креативті индустрияларды дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы

      Паспорт

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      2. Халықаралық тәжірибеге шолу

      3. Нақты саланы/аяны дамыту пайымы

      4. Дамудың негізгі қағидаттары және тәсілдері

      5. Нысаналы индекаторлар және күтілетін нәтижелер

      6. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Паспорт

Атауы

Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 20-15/6250 тапсырмасы

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және ұйымдар (келісу бойынша)

Іске асыру мерзімі

2021 - 2025 жылдар

      Кіріспе

      Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) іске асыру үшін әзірленді.

      Ұлттық жоспар шеңберінде жаңа ірі отандық жоғары технологиялы компаниялардың пайда болуы арқылы жастардың креативті және білімді бөлігін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа формациядағы орта тапты дамыту үшін негіз ретінде технологиялық және венчурлық кәсіпкерлікті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындары құру жөніндегі міндет көзделген.

      Қойылған міндетті қолданыстағы Тұжырымдама шеңберінде шешу Қазақстанда креативті индустрияларды өсудің жаңа әрі перспективалы көзі ретінде үдемелі және жоспарлы дамытудың негізін қалауға мүмкіндік береді.

      Бүгінгі таңда әлемде дәл осы креативті индустриялар жаңа технологиялардың, жаңа салалардың, жаңа материалдық игіліктердің және ел үшін маңызды экономикалық артықшылықтардың негізгі көзі ретінде әрекет етеді.

      Прогрессивті әлемдік практика негізінде, сондай-ақ креативті индустрияларды дамыту мәселелерінде орын алып отырған олқылықтарды ескере отырып, қолданыстағы Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттің креативті индустрияларға бірыңғай көзқарасы қалыптастырылады, креативті экономиканы дамытудың жалпы шеңбері беріледі, бұл өз кезегінде мемлекет тәсілдеріндегі парадигманың ауысуын қамтамасыз етеді.

      Осылайша, осы Тұжырымдама дамуға қатысты пайымды, негізгі қағидаттар мен тәсілдерді, сондай-ақ Қазақстанның креативті индустрияларына қатысты мемлекеттік саясатты іске асырудың күтілетін нәтижелерін айқындауға бағытталатын болады.

      Осы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде креативті индустрияларды дамыту үшін қажетті институттық жағдайлар мен алғышарттар қалыптастырылатын болады. Креативті кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ шығармашылық адамдар мемлекеттік қолдау мен ынталандырудың құралдарына қол жеткізеді.

      1. Агымдағы жағдайды талдау

      1.1. Қазақстандағы креативті индустриялардың жай-күйін талдау

      Креативті индустрияларға шикізаты қиял, шығармашылық және зияткерлік капитал болып табылатын экономика секторлары жатады. Мәдениет пен өнердегі классикалық түсінікпен байланысты экономиканың дәстүрлі секторларынан басқа, креативті индустрияларға цифрлық секторды, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметті, ақпарат пен байланыс секторын жатқызуға болады.

      Экономиканың осы секторының басты айырмашылығы - зияткерлік меншік объектілерімен жұмыс істеу.

      Тұжырымдаманы әзірлеу сатысында әлемде креативті индустрияларға жататын салаларды айқындау бойынша бірыңғай әдістеме жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) қолданыстағы тәсілдеріне сәйкес креативті индустрияларға 14 бағыт: дизайн, өнер, сән, кино, музыка, медиа, компьютерлік графика, білім беру және зияткерлік қызметке негізделген басқа да бағыттар жатады.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші негізінде креативті индустрияларға мәдениет пен өнерді классикалық түсінумен тікелей немесе жанама байланысты қызмет түрлерін мынадай секциялар бойынша жатқызу ұсынылады: өңдеуші өнеркәсіп, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс.

      Қазіргі әлемдік практиканы ескере отырып, креативті индустриялардың даму жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін БҰҰ-ның жіктеу әдіснамасы пайдаланылды, оның негізінде креативті индустриялардың ағымдағы дамуының жай-күйіне талдау жүргізілді.

      Мәселен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - СЖРА ҰСБ) ұсынған статистикалық деректерге жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) құрылымындағы креативті индустриялардың үлесі 2,67 %-ды құрады. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін талданатын барлық кезең ішінде креативті индустриялардың экономикаға қосқан үлесі 3 % деңгейіндегі тұрақты серпінді көрсетеді.

      2010 жылдан бастап креативті индустриялар секторы номиналды мәнде 3,2 есеге өсті. Бұл серпінді Қазақстанның бүкіл экономикасының сол кезеңдегі өсуімен салыстыруға болады (3,2 есе).

      10 жыл ішінде неғұрлым тез өсіп келе жатқан креативті индустриялар "Веб-порталдар мен ақпараттық агенттіктер" (65 есеге өсу), "Мәдени-ойын-сауық іс-шаралары мен әртістік қызмет" (3,8 есеге), "Дизайн, фотосуреттер мен аудармалар" (1,2 есеге) және "Кино және ТВ-бағдарламалар" (2 есеге) болып табылады.

      Креативті индустрияларда жұмыспен қамту өскелең үрдісті көрсетуде.

      2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық жұмыспен қамтылғандардың 3,5 %-ы немесе 310,2 мың адам жоғарыда көрсетілген индустрияларда жұмыс істейді.

      Креативті индустрияларда жұмыспен қамтылған халықтың ең көп саны Алматы (барлық жұмыспен қамтылған халықтың 7,3 %-ы креативті индустрияларда жұмыс істейді), Нұр-Сұлтан қалаларында (6,4 %) және Батыс Қазақстан облысында (4,0 %) байқалады. Аталған өңірлердің креативті индустрияларында жұмыспен қамтылғандар ел деңгейінде осы секторларда барлық жұмыспен қамтылғандардың 40 %-га жуығын иеленеді.

      Соңғы 10 жылда креативті индустрияларда жұмыспен қамтылган халық саны 74,2 мың адамға немесе 31,4 %-ға ұлғайды. Олардың көпшілігі - жоғары білімі бар және мамандығы бойынша қалаларда жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар.

      Дәстүрлі түрде креативті индустриялардағы еңбекақы елдер бойынша орташа еңбекақыдан әлдеқайда жоғары. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ) креативті индустриялардағы еңбекақы орташа көрсеткіштермен салыстырғанда 34,9 %-ға жоғары. Аустралияда мұндай алшақтық 31 %-ға жетеді. Ұлыбританияда креативті индустриялардағы еңбекақы орташа еңбекақыдан 18 %-ға жоғары. Ресейде креативті индустрияларда жұмыспен камтылғандар елдегі орташа еңбекақымен салыстырғанда 20 %-ға көп табыс табады.

      Қазақстанның креативті индустрияларындағы еңбекақы да елдегі орташа еңбекақыдан жоғары болған. Мұндай үрдіс креативті индустриялардағы және жалпы бүкіл ел бойынша еңбекақы арасындағы алшақтық ең жоғары деңгейге жеткен 2016 жылға дейін жалғасты.

      Айталық, 2016 жылы креативті индустриялардағы еңбекақы 191,6 мың теңгені, ал сол кезде елдегі орташа еңбекақы 142,9 мың теңгені (48,7 мың теңге немесе 34 %) құрады.

      Алайда, 2016 жылдан кейін креативті индустрияларда еңбекақының өсу қарқынының құлдырауы байқалады, ал сол кезде елдегі орташа еңбекақы тұрақты қарқынмен өсіп отырды. 2020 жылдың қорытындылары бойынша креативті индустриялардағы орташа еңбекақы 205,1 мың теңгені (орташа еңбекақы - 213,0 мың теңге) құрады.

      Соңғы 10 жылда креативті индустрия саласына инвестициялардың көлемі 215 млрд теңгеге немесе 4 еседен астам ұлғайды. Өңірлер арасында креативті индустриялар саласына инвестициялардың айтарлықтай көлемін Түркістан облысы (2020 жылдың қорытындылары бойынша креативті салаларға бағытталған инвестициялар үлесі 15,0 %-ды құрады), Алматы қаласы (7,1 %) және Павлодар облысы (2,0 %) көрсетуде.

      Түркістан облысында 2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі күрт өсті, бұл, ең алдымен, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыруға байланысты болуы мүмкін.

      Алматы қаласы дәстүрлі түрде ел шеңберінде креативті индустриялардың орталығы болып саналады, сондықтан негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 7 %-ы креативті салаларға бағытталады.

      Павлодар облысында креативті индустриялардағы негізгі капиталға инвестициялар (бұдан әрі - НКИ) үлесінің өсуі "Ақпарат және байланыс" секторында байқалды (НКИ өсуі 2 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 3000 есені құрады), бұл Павлодар облысында Екібастұз МАЭС маңында орналасқан криптофермалардың ауқымды дамуына байланысты.

      1.2. Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты талдау

      Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы өңірлік деңгейде жүріп жатыр, сондай-ақ олардың әртүрлі географиялық өңірлерде даму шарттары бірдей емес.

      Жалпы өңірлік өнімдегі (бұдан әрі - ЖӨӨ) креативті индустриялардың үлес салмағындағы қағидаттық айырмашылықтар білім деңгейі, шығармашылық өсуге арналған "жұмсақ" инфрақұрылымнын болуы, мәдени айырмашылықтар және креативті белсенділердің өңірлік шоғырлануы болып табылады.

      Креативті индустрияларды дамытуда шығармашылық кластерліктің жақындатылған белгілері бар Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ халықтың жеткілікті шоғырлануы және ұтымды географиялық орналасуы есебінен Шымкент және Қарағанды қалаларының агломерациялары айтарлықтай артықшылыққа ие екендігін атап өту қажет.

      Креативті ортадағы бірінші қадам Алматы қаласында коворкинг-кеңістікті, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірмені, мастер-кластар мен таныстырылымдарға арналған алаңды, медиатеканы, "ArtBit" білім беру - көрме орталығын қамтитын, өнер мен мәдениеттегі жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінген "Alatau Creative HUB" креативті хабын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы креативті аландарды, "FestivalAvenue" шығармашылық бірлестіктер желісін, сондай-ақ мәдени санаттағы объектілерді (театрлар, кітапханалар, музейлер, концерт залдары, кинотеатрлар және басқалар) ашу болып табылады. Мұндай инфрақұрылым елдің ірі қалаларында ғана бар және бірыңғай саясат шеңберінен тыс іске асырылатын жекелеген бастамалармен шектеледі. Мемлекеттік және өңірлік бастамалардың үйлестірілмеуі өңірлік креативті индустриялардың дамуына тежеуші әсер етеді.

      Бүгінгі таңда мемлекет креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілері үшін қолдаудың жекелеген құралдарын көздемейді. Бұл креативті индустрияларда кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін заңнамалық негіздің болмауына байланысты. Бұдан басқа, кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары көбінесе экономиканың басым секторларына (агроөнеркәсіптік кешен, өңдеуші өнеркәсіп) бағдарланған және креативті индустрияларды дамыту ерекшеліктерін ескермейді.

      2020 жылы пандемияның дамуына байланысты жекелеген қолдау құралдары креативті индустрияларда кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді болды, бұл қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларында ("Бизнестің жол картасы - 2025") салалық шектеулерді уақытша алып тастауға байланысты болды. Осылайша, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ деректері бойынша 2020 жылы шамамен 20 млрд теңге кредиттік қоржын сомасына креативті индустриялардагы 255 жобаға (өнер, ойын-сауық және демалыс, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет) қолдау көрсетілді.

      Сонымен қатар, бұл шаралар уақытша сипатқа ие екенін атап өткен жөн.

      2020 жылдың қорытындылары бойынша креативті индустриялардың дамуын талдау олардың тиімді дамуына кедергі келтіретін бірнеше жүйелі тосқауылдардың бар екенін көрсетті:

      креативті индустриялар мен креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің заңнамалық тұрғыдан бекітілген ұғымдарының болмауы. Бұл өз кезегінде креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілерінің қолда бар инфрақұрылымдық, мүліктік және қаржылық емес қолдауға қолжетімділігін шектейді;

      қолданыстағы мемлекеттік ынталандыру шаралары ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп сияқты экономиканың дәстүрлі басым салаларына бағдарланған және оларда өндірістің негізгі факторы машиналар мен жабдықтар емес, адами капитал болып табылатын креативті индустриялардың даму ерекшеліктері ескерілмейді;

      креативті индустриялардағы шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) субъектілері зияткерлік меншікті басқару тиімділігіне тікелей тәуелді. Лицензиялық шарттар жасасудың заманауи құралдарын дамытуда проблемалар бар. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша құқық қолдану практикасын жетілдіру қажет. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің бүкпесіздігін арттыру және креативті индустрияларға қатысушылардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мәселелері жеке назар аударуды талап етеді;

      креативті индустрияларды дамыту үшін қажетті адами ресурстардың жетіспеушілігі және сапасының төмен болуы проблемасы. Кадрларды оқыту мен дамытудың қолданыстағы жүйесі ел халқының креативті ойлауын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етпейді. Креативті кәсіпкерлік субъектілері шығармашылық еңбектің негізі болып табылатын персоналды іздеуде, жалдауда және дамытуда қиындықтарға тап болуда. Мәселен, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының деректеріне сәйкес Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте "қызметкерлердің білімі" көрсеткіші бойынша әлемде 52-орын алады. Бұл ретте "адами капитал және ғылым" көрсеткіші бойынша Қазақстан Түркия (26-орын), Ресей (29-орын), Беларусь (38-орын) және Украина (44-орын) сияқты елдерден айтарлықтай артта қалып, 132 елдің ішінен 66-орынды иеленді.

      мәдениет пен басқа салалардың тоғысында туындайтын жоғары бизнес-әлеуеті бар перспективалы шығармашылық бастамалар көбінесе мемлекет назарынан тыс қалады. Мәдениет саласындағы шығыстар, негізінен, креативті индустрияларда қосылған құн құруға емес, әлеуметтік сала объектілерін қолдауға және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге бағытталған;

      елде креативті кәсіпкерлікті дамыту және орнықты креативті индустрияларды қалыптастыру инфрақұрылымының болмауы. Креативті индустрияларда жұмыс істеуге бағдарланған креативті кластерлер мен хабтар, бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар, мамандандырылған коворкинпер, арт-кеңістіктер мен көркем галереялар кәсіпкерліктің осы түрінің жоғары тәуекелдеріне қарамастан, бизнес-орталықтармен және сауда орталықтарымен бір қатарға қойылады. Мемлекет әлеуметтік инфрақұрылым объектілері базасында ұйымдастыратын алаңдар, жабдықтарды жөндеу және сатып алу шығындарына қарамастан, жеткілікті түрде тиімді басқарылмайды және мемлекеттік менеджерлердің тиісті құзыреттерінің болмауына және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне қолданылатын көптеген нормативтік шектеулерге байланысты көбіне "ескі тәсілмен" жұмыс істеуді жалғастырады;

      Қазақстандағы креативті индустриялардың әлсіз инвестициялық тартымдылығы. Банктік қаржыландырудың дәстүрлі құралдары креативті кәсіпкерлер үшін қолжетімді бола бермейді, өйткені кәсіпорындардың негізгі активтері адамдар және олар құратын зияткерлік меншік объектілері болып табылатын жобалар мен бизнес-модельдерде тәуекел жоғары. Елде креативті индустрияларды қаржыландыру құралдары жоқ. Креативті индустрияларды дамытуға мемлекет бөлетін қаражат көлемі, сондай-ақ бөлу кезінде дотациялар нысанына ие болатын оларды бөлу "идеологиясы" жеке кәсіпкерлік бастаманы жандандыру үшін жеткілікті ынталандыру бола алмайды.

      2. Халықаралық тәжірибеге шолу

      БҰҰ Бас Ассамблеясы 2021 жылды халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады. Халықаралық қоғамдастық креативті қабілеттерге, шығармашылыққа және стандартты емес инновациялық шешімдерге негізделген анағұрлым орнықты және инклюзивті өсуді қамтамасыз етудегі креативті индустриялардың маңызы жоғары екенін мойындайды.

      Креативті индустриялар көптеген елдер мен компанияларға қосылған құнның халықаралық тізбектеріне кіріктірілуге және бір мезгілде бірқатар әлеуметтік және мәдени проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін экономикалық өсудің маңызды драйвері ретінде жиі қарастырылады, сондай-ақ қоғамның креативті әлеуетін ашу үшін жағдай жасай отырып, ол жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің, оның ішінде қазақстандық бәсекеге қабілеттіліктің өсуінің белсенді реттеуішіне айналуда.

      Креативті экономиканың әлемдік экономикаға қосқан үлесі 3 %-ды құрайды. Мәдени және шығармашылық индустриялар жылына 2250 млрд АҚШ долларын әкеледі. Мәдениет секторында бүкіл әлем бойынша 30 млн адам жұмыс істейді. Бұл ретте аталған сектор жұмыспен қамтудың кез келген басқа салаларына қарағанда жастарға (18-25 жас) жұмыс орындарын көбірек ұсынады.

      Калифорния бүкіл әлемде креативті экономиканы дамытудың эталондық үлгісі ретінде танылған. Қазір ол әлемдегі ең танымал орындардың бірі, әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашыл және талантты адамдардың көп шоғырлануымен сипатталады. Жыл сайын мұнда 650 млрд астам долларға креативті өнімдер шығарылады, салық түсімдері 30 млрд асады. Бұл ретте Калифорнияның кретивті индустриясы 2,68 млн жұмыс орнына қолдау көрсетуде.

      Калифорнияның креативті экономикасындағы орташа жалақы штат бойынша 68500 АҚШ долларды құрайтын (барлық салаларда) орташа жылдық жалақыдан біршама жоғары. Бұл ретте жалақы бағытқа байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Ойын-сауық және цифрлық медиа индустриясы жұмыскерлері ең көп табыс табады - орта есеппен 132000 АҚШ доллары. Ең аз ақы төленетін секторлар бейнелеу өнері, орындаушылық өнер және сән индустриясы болып табылады орта есеппен тиісінше 60000 және 56000 АҚШ доллары.

      Калифорния креативті экономиканың шексіз әлеуетін дәлелдей отырып, жыл сайын одан да көп қосымша құнды генерациялап отырғанын айта кеткен жөн.

      Оңтүстік Корея креативті экономиканы дамыту мәселесін алғашқылардың бірі болып қолға алды. Олар 2013 жылы салалық бағдарламаны әзірлеуден бастап, қазіргі кезде көптеген өзіндік брендтері бар әлемдік құбылысқа айналды. Креативті индустрияны дамытуға ғылымға, технологияға, өнеркәсіптік саясатқа, шағын және орта бизнесті басқаруға, зияткерлік меншікті басқаруға жетекшілік ететін бірнеше мемлекеттік құрылымдар тартылған.

      Оңтүстік Кореяда креативті экономиканың дамуына мемлекеттік шектеулер мен медианы бақылауды алып тастау, киноны еуропалық және америкалық аудиторияның талғамына кайта бағыттау қосымша ықпал етті.

      Сонымен қатар, Оңтүстік Корея Үкіметі 2013 жылы "Креативті экономика қаласы" онлайн-жобасын іске қосты (www.creativekorea.or.kr). Сайт өз идеялары мен технологияларын бизнеске қалай енгізу туралы кеңес пен ақпаратты қажет ететін адамдарға көмектесуге арналған. "Креативті экономика қаласы" Креативті экономика және инновациялар орталықтарымен (ССЕІ) тығыз ынтымақтастық жасайды.

      Оңтүстік Корея әртүрлі креативті өнімдерді - кино, музыка, телевизиялық бағдарламалар, сериалдар, жоғары технологиялы ойын контентін жаһандық нарықтарға белсенді түрде экспорттайды.

      Медиа-ойын-сауық нарығының көлемі бойынша Оңтүстік Корея әлемде жетінші орынға ие болды, ал елдің креативті индустриядан түскен экспорттық кірістері өткен жылы 12 млрд АҚШ долларынан асты. Оңтүстік Кореяның мәдени өнімдерді экспорттаушы ретіндегі жетістігі көбінесе батыстық элементтерді қамтитын, бірақ дәстүрлі корей құндылықтары мен мәдени ерекшеліктерін қайта құру арқылы өзінің тартымдылығын ешқашан жоғалтпайтын шығармашылық өнімдердің жоғары сапасымен түсіндіріледі.

      Мысалы, К-pop музыкалық бағытының бүкіл әлем бойынша миллиондаған әсіре жанкүйерлері бар. Белгілі "BTS" музыкалық тобының Кореяның ЖІӨ-ге экономикалық үлесін Korean Air ұлттық авиакомпаниясының үлесімен салыстыруға болады. Корейлік "Паразиттер" фильмі ең үздік фильм ретінде "Оскар" сыйлығын иемденді, бұл креативті индустрияны дамытудың шарықтау шегі болды.

      Түрлі бағалаулар бойынша әлемдік ЖІӨ-дегі креативті сектордың үлесі 2,5 %-дан, дамыған елдер үшін - 3 % және одан жоғары көрсеткішті құрап отыр. Мысалы, Ұлыбританияда оның ЖІӨ-дегі үлесін ауыл шаруашылығымен салыстыруға болады және ол өңдеуші өнеркәсіптен, қаржылық қызметтер көрсету саласынан және басқалардан асып түседі әрі шамамен 14 %-ды құрайды.

      Дамушы елдерде креативті экономиканың дамуы туризмнің, ІТ-саланың, бөлшек сауданың дамуына айқын әсері бар және тұтастай алғанда әлемдік аренада елдердің имиджін арттыра отырып, экономиканың қалған секторларын дамыту арқылы ЖІӨ-нің өсуіне мультипликативтік әсер етеді.

      Креативті экономиканың дамуы ең көп жұмыс орнын ашатын сала болып табылатындықтан, ірі қалалар үшін зор маңызға ие.

      Креативті индустриялар - жай қажеттілік қана емес, перспективада мегаполистердің өміршеңдігі мәселесі. Нью-Йорк және Лос-Анджелес, Лондон және Берлин, Гонконг және Сеул сияқты әлемдік қалалар және көптеген басқа да қалалар әлемдік таланттар үшін креативті магнит болып табылады, орасан пайда сомасын шоғырландырады.

      Мысалы, Мәскеу әкімшілігі қазірдің өзінде креативті экономиканы дамытуға бағыт алды және стратегияны іске асырудың 3 жылы ішінде креативті экономика Ресей астанасы экономикасының құрылымындағы маңызды секторға айналды. Мәселен, Мәскеудің ЖӨӨ-сі - 220 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Мәскеудің ЖӨӨ-дегі креативті индустриялардың үлесі түрлі бағалаулар бойынша 6,3-9,5 %-ды, жұмыспен қамтылғандардың үлесі 6 %-ды құрайды.

      Сиднейде "Креативті Сидней" бастамасы қабылданды, ол өзіндік креативті индустрияларды дамыту саясатының негізін қалады. Берлинде барлық қолдау құралдары бойынша ақпаратты қамтитын "Креативті Берлин" жеке порталының болуын қамтитын креативті индустрияларды дамыту жөніндегі шаралар кешені қабылданды.

      Өзіндік даму үшін креативті экономиканың елеулі әлеуетін түсіне отырып, көптеген елдердің үкіметтері осы сектордың дамуын үдетуде.

      Осы мақсаттар үшін елдер мен жекелеген қалалар үшін салалық бағдарламалар мен стратегиялар әзірленеді. Мұндай бағдарламалар көптеген дамыған батыс және Азия елдерінде жұмыс істейді. Норвегияда, мысалы, шығармашылық экономиканы қаржыландыруға бағытталған Innovation Norway бағдарламасы жұмыс істейді, Финляндияда креативті индустриялар секторында ШОК дамыту стратегиясы әзірленді, Жапонияда Cool Japan креативті индустрияларды дамыту Тұжырымдамасы жұмыс істейді, Ұлыбританияда Creative UK, Қытайда Made in China стратегиясы қабылданды, Данияда мәдениет және өнер саласында білім беруді реформалау бойынша бастамалар әзірленуде. Данияның тәжірибесі креативті индустрияларды дамытудың скандинавиялық моделіне негізделеді, онда креативті білімді, құзыретті кәсіпкерлікте практикалық пайдалану дағдыларын қалыптастыратын кәсіби білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді.

      Сонымен қатар посткеңестік кеңістікте креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жекелеген стратегиялық құжаттарды 2019 жылы Украина мен Қырғызстан әзірлегенін атап өткен жөн.

      Стратегиялық құжаттарды іске асыру үшін шет елдер креативті индустрияларды қолдау жөніндегі ауқымды өкілеттіктері бар ұлттық агенттіктер мен даму институттарын қалыптастыруда.

      Әлемдік практика креативті тапты қалыптастырудағы шешуші рөлді инновациялық технологиялық хабтар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы құрылған алаңдар атқаратынын, олардың бір бөлігі креативті аудандар мен қалаларға өсетінін көрсетіп отыр. Мұндай алаңдардың табысты мысалдары Кремний алқабы (АҚШ), Компас (Канада), High House Production Park (Англия), Wooga студиясы (Германия), Сколково (Ресей) инновациялық хабтары, сондай-ақ Нью-Иорктегі "Chelsea Market", Ұлыбриганиядағы Clerkenwell креативті ауданы арнайы алаңдары болып табылады.

      Неғұрлым дәстүрлі қаржы құралдарын енгізу де креативті секторды қолдауға елеулі үлес қосты. Мысалы, Оңтүстік Кореяда мұндай шаралар пайызы төмен (жылдық 1,2 %-бен 8 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшерде) кредиттер, театр қызметкерлері арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жеңілдік купондары, шағын театрларға тікелей қаржылық қолдау көрсету, сондай-ақ бес ай бойы жеке музейлер мен галереялар кызметкерлері еңбекақысының 50 %-ын өтеу болды.

      Тұтастай алғанда, әлемдік практикаға шолу көрсеткендей, креативті сектордың өсуіне бағдарланған елдер креативті индустриялардың дамуын ынталандыру мақсатында іс-шаралар кешенін іске асырады. Қазақстан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, креативті индустрияларды дамыту жөніндегі стратегиялық құжатты әзірлеу кезінде әлемдік практиканы ескереді. Қолданыстағы Тұжырымдама шеңберінде үздік әлемдік тәжірибе негізін құрайтын креативті индустрияларды дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер қаланады.

      Бұдан басқа, қолданыстағы Тұжырымдама креативті индустриялардың даму сипаты мен қарқынына тікелей әсер ететін қазіргі жаһандық трендтер ескеріле отырып әзірленді.

      Негізгі жаһандық трендтердің ішінде сан алуан салаларда цифрлық технологиялардың жедел енгізілуін ерекше атап өткен жөн. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес 2020 жылы бүкіл әлемде Интернетті пайдалану 30 %-ға, ал электрондық коммерция 20 %-дан астам өсті.

      Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша Интернет арқылы бөлшек сауданың көлемі 2019 жылдан бастап 2 еседен астам өсіп, 476651,5 млн теңгеге жетті. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі жоғарыда көрсетілген жылдары 1,8-ден 4,1 %-ға дейін ұлғайды, бұл ретте соңғы 10 жылда оның көрсеткіштері 2 %-дан асқан жоқ. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықтағы кезеңде Интернет арқылы көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі 72,6 %-ға ұлғайып, 209164,7 млн теңгеге жетті. Бұдан басқа, жаңа болмыс тұтынушылық әдеттердің өзгеруіне де ықпал етті. Мәселен, KPMG, McKinsey тұтынушылық әдеттерінің соңғы зерттеулеріне сәйкес жаһандық сұраныстың тауарларды қатардағы сатып алудан оң тәжірибе, эмоциялар мен әсер алу жағына ауысуы байқалады. Дәл осы тетіктер креативті экономиканың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін құру, өндіру және тарату циклдерінің негізіне алынған.

      2020 жылы пандемия салдарынан жұмыс процесі ғана емес, сондай-ақ ойын-сауық та онлайн режимге өтті, бұл креативті индустриядағы цифрлық трансформацияны жеделдетуге әкелді. Пандемия стриммингке деген сұранысты күрт арттырды. Егер бұрын киностудия үшін өзінің стримингтік платформалары немесе танымал сервистермен өзара іс-қимыл екінші орында болса, қазір олар негізгі пайда көзіне және аудиториямен жұмыс істеу құралына айналуда. Интернет-платформалардың өздері өз мүмкіндіктерін кеңейте, танымал адамдар мен блогерлерді тартып, олардың контентін монеталауға мүмкіндік бере отырып, аудитория үшін күресуде. Ал кейбір кинотеатрлар шығыстарының орнын толтыру үшін түрлі іс-шаралар мен киберспортты ұйымдастыру үшін кинотеатрларды қайта жабдықтауға бет бұруда.

      Жабылған концерттік алаңдарға, тоқтатылған гастрольдерге қарамастан, 2020 жыл музыка саласы үшін өте табысты болды. Стримминг және TikTok музыка индустриясына үлкен әсер етті.

      TikTok онлайн-платформасы іс жүзінде әртістердің хит жазуға деген көзқарасын өзгертті. Енді оған әсер қалдырарлық қысқа бейнероликті қосып, платформаға жүктеу жеткілікті. Сонымен қатар, музыкалық аспаптар сатудың ұлғайғаны байқалады. Fender Play сияқты онлайн оқыту платформалары аспапты үйренуді оңайлатады.

      Арт-нарық пандемиядан қатты зардап шекті, бірақ цифрлық технологияларға жылдам ауысты. Нәтижесінде сектор тиімді трансформациялануда: әлеуметтік желілер қазір салада маңыздылығы бойынша үшінші сату арнасы болып саналады. Бұл үрдістер уақытша қолдау ғана емес, сондай-ақ өнер мен дизайнға деген қызығушылықты арттырудың тиімді әдісі болып табылады.

      Кітап шығару және баспа секторы COVID-19 дағдарысынан тең дәрежеде зардап шеккен жазушылар, баспагерлер, аудармашылар, сатушылар мен кітапханалар сияқты бірнеше мүдделі тараптан тұрады. Кітап дүкендері интернетте қатысуын күшейту есебінен өз позицияларын сақтап қалуға тырысты. Алайда электрондық және аудиокітаптардың сатылымы айтарлықтай жоғары болды. Электрондық кітаптар ұсыну мен аудиокітаптарға жазылу өскелең құбылысқа айналды.

      Тұтастай алғанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлемде контент жасау мен таратудың негізгі қағидаттарының трансформациясымен сипатталатын ауқымды өзгерістер байқалуда. Креативті индустриялардың өкілдері өнімнің жаңа түрлерін жасауда, креативті индустриялар саласын өзгертетін жаңа трендтердің негізін қалай отырып, шығармашылық өнімді іске асыру мен таратудың жаңа жолдарын табады.

      3. Нақты саланы/аяны дамыту пайымы

      Креативті индустриялар - бұл жаһандық экономиканың серпінді дамып келе жатқан секторы, оның әлем бойынша орташа өсімі 8 %-ды құрайды.

      Әлемдік практика креативті индустрияларды дамыту халықтың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу үшін мүмкіндіктер бере отырып, серпінді өсуге ықпал ететінін айғақтайды.

      Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы инновациялық және технологиялық прогреске ықпал ете отырып, білім экономикасына жеделдете өтуге қажетті алғышарттар жасайды.

      Креативті индустриялар елдің экономикалық даму драйверлерінің бірі, өзінің өсу қарқыны бойынша экономиканың дәстүрлі салаларынан едәуір озық, оның игілігін арттырудың жаңа көзіне айналады. Оларды дамыту шикізаттық емес экспорт көлемінің елеулі үлғаюына ықпал ететін болады; елдегі ШОК одан әрі дамытуға, орта тапты кеңейтуге және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға қуатты серпін болады.

      Креативті индустриялар бірінші кезекте жастар үшін жаңа табысы жоғары қолжетімді жұмыс орындарын құрады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен шалғай жерлерде тұратын азаматтардың өзін-өзі танытуы үшін тартымды салаға айналады. Олар отандық мәдениеттегі оң өзгерістердің негізін қалайды және оның дотациялық саладан мәдениет қызметкерлерінің беделін арттыруды қамтамасыз ете отырып, жоғары қосымша құн жасайтын секторға өтуін қамтамасыз етеді.

      Мультимедиалық және ақпараттық технологиялардың дамуы жастарға ақпарат алу және беру жылдамдығының артуын, сондай-ақ пайда табуға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жасау құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл факторлар кәсіпкерлік пен шығармашылықтың үйлесімінде шешуші рөл атқаруы мүмкін, бұл нәтижесінде шығармашылық креативті индустрияларды қалыптастырады.

      Креативті индустрияларды дамыту талантты қазақстандықтар үшін жаңа "әлеуметтік лифтілердің" тұтас желісін қалыптастыруға негіз болады, шығармашыл адамдардың өзін-өзі танытуында және ел халқының шығармашылық дамуында маңызды рөл атқарады; және маңыздысы - Қазақстанның және оның мәдениетінің шетелде танылуын арттыруға, елдің халықаралық имиджін жақсартуға, оның туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға елеулі шамада ықпал ететін болады.

      Креативті индустриялардың серпінді дамуы өңірлердің дамуына және қала аумақтарының көркеюіне оң ықпал етеді, талантты жастардың кетуіне, дәстүрлі салаларда жұмыс күшінің босатылуына байланысты туындайтын демографиялық теңгерімсіздіктер мен сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді, креативті өнім шығару көлемінің бірнеше мәрте ұлғаюына, қазақстандық таланттардың халықаралық нарықтарда танылуына әкеледі, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру процестерін жеделдетеді.

      4. Негізгі даму қағидаттары мен тәсілдері

      Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

      Бірінші. "Экспортқа бағдарлану" қағидаты - креативті индустриялар мен экспорттық нарықтарға бағдарланған жобаларды мемлекеттік ынталандырудың басым шараларын көрсету.

      Екінші. "Ұлттық бірегейлік" қағидаты - қазақстандық ұлттың бірегей мәдени коды негізінде креативті өнім жасау.

      Үшінші. "Келісімділік" қағидаты - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, салалық және кәсіптік қауымдастықтар, кәсіпкерлік және сарапшылық қоғамдастықтар арасында креативті индустрияларды дамыту мәселелеріндегі қызметті үйлестіру.

      Төртінші. "Теңгерім" қағидаты - экономиканың креативті секторын, оның мемлекетке шамадан тыс тәуелділігін қалыптастыру тәуекелінсіз толыққанды дамытуға жеткілікті креативті индустрияларды мемлекеттік ынталандырудың ақылға қонымды деңгейін қамтамасыз ету.

      Бесінші. "Тиімділік" қағидаты - креативті индустриялардың неғұрлым табысты субъектілеріне нақты қолдау керсетуге бағытталған капиталдандырудың неғұрлым жоғары әлеуеті бар жобаларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну.

      Алтыншы. "Қолжетімділік" қағидаты - креативті индустриялардың барлық субъектілерінің мемлекеттік ынталандыру шараларына артық төрешілдіксіз тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

      Жетінші. "Транспаренттілік" қағидаты - мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетудің барлық қағидалары мен рәсімдері үшін айқын, түсінікті және ашық өлшемшарттарды қалыптастыру.

      Сегізінші. "Экологиялылық" қағидаты - креативті өнімдердің қайталама пайдаланылуын қамтамасыз ету.

      Бұл қағидаттар бәсекеге қабілетті шығармашылық ділді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегіне айналады, оның негізін қалыптасқан құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік, сондай-ақ мәдениеттің сұранысқа ие өнімін жасауға қабілеттілік құрайды.

      Креативті индустрияларды дамытудың қолайлы экожүйесін қалыптастыру мынадай тәсілдер негізінде қамтамасыз етілетін болады.

      1. Креативті индустрияларды дамыту үшін білім, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру және тарату

      Креативті тапты қалыптастыруда жеке деңгейде де, сол сияқты қоғам деңгейінде де дәріптеу маңызды болатын шығармашылық және инновациялық ойлауды ынталандыруға бағытталған білім беру басты рөл атқарады. Бұл тұрғыда базалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі білім жүйесінен жасампаздық және шығармашылық бастаудың негізін ашып көрсету үшін оқытудың неғұрлым икемді жүйесіне көшуді қамтамасыз ету қажет.

      Білім беру жүйесін неғұрлым шығармашылық және еркін модельге біртіндеп қайта бағдарлай отырып, білім беру жүйесіндегі тәсілдерді өзгерту талап етіледі. Шығармашылық мәдениетті қалыптастыруда бастауыш білім беру ерекше маңызды рөл атқарады. Балалар арасында шығармашылық ойлауды дамыту үшін бастауыш білім беру жүйесіне интеграцияланған креативті ойлауды дамыту бағдарламалары енгізіледі. Ерте жастан бастап инновациялық және стандартты емес ойлауды ынталандыру болашақта балалардың шығармашылық әлеуетін толық ашуға қажетті "икемді дағдылар" деп аталатындарды ерте қалыптастыруға ықпал етеді. Балалардың креативті дағдыларын дамыту балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      ЖОО мен колледждердің кадрларын шығармашылық мамандықтар бойынша даярлаудың білім беру бағдарламалары мен тәсілдерін жаңартуды қамтамасыз ету маңызды. Бұл тұрғыда орта кәсіптік және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына шығармашылық өнімдерді жасау және (немесе) продюсерлеу, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, креативті индустриялар саласында мамандар даярлау бағдарламаларының тізбесін кеңейту бойынша практикаға бағдарланған курстарды қосу жөніндегі шаралар көзделеді.

      Осы бағытты дамыту және жалпы креативті индустрияларды дамытуға "білім экономикасының" негізі болып табылатын кітап шығару, кітапхана және әдебитті дамыту маңызды рөлге ие болады.

      Бұл ретте, креативті индустрияларда кәсіпкерлік дағдыларға оқыту мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

      2. Тиімді инфрақұрылым қалыптастыру жолымен қалаларда креативті индустрияларды дамыту үшін жағдайлар жасау

      Қалалардағы креативті индустрияларды табысты дамытудың әлемдік практикасы креативті индустриялардың негізгі катализаторлары дәл осы қалалар болып табылатынын айғақтайды. Лондон, Берлин, Нью-Иорк сияқты қалалардың мысалдары ойластырылған саясаттың арқасында қала келбетін түбегейлі өзгертіп, оларды креативті және шығармашыл адамдар үшін тартымды, сондай-ақ неғұрлым орнықты және инклюзивті ете алған қалалар мен қалалық агломерациялардағы креативті индустрияларды дамытудың табыстылығын көрсетеді.

      Британдық кеңестің есебіне сәйкес барлық креативті кәсіпорындардың 62 %-ы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының үлесіне тиесілі. Бұл қалаларда бейнеөндіру, маркетинг, дизайн және баспа ісі кластерлерінің даму белгілері бар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар кластерлерінің дамуына барынша жакындатылған.

      Бұдан басқа, креативті индустрияларды дамытуда Шымкент қаласының агломерациялары халықтың жеткілікті шоғырлануы және тиімді географиялық орналасуы есебінен айтарлықтай артықшылыққа ие. ІПымкенттің таланттарды, оның ішінде Орталық Азияның басқа елдерінен "тарта отырып", Түркістан доғасының орталығына айналуға барлық алғышарттары бар.

      Жергілікті атқарушы органдар Тұжырымдамада қамтылған креативті индустрияларды дамытудың негізгі тәсілдерін ескере отырып, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңірдің шығармашылық әлеуетін ашу үшін қажетті инфрақұрылымдық база мен институттық жағдайларды қалыптастыруға бағытталған жекелеген индикаторлар мен іс-шараларды әзірлейтін болады.

      Қалаларда креативті индустрияларды дамыту шығармашыл көшбасшыларды, инвестициялар мен инновацияларды тартатын дербес өңірлік брендтерді қалыптастыруға ықпал ететін болады.

      2025 жылға қарай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары шығармашылық пен креативтің аумақтарына айналады. Әр қаланың өңірдің "жергілікті бірегейлігін" ескере отырып қалыптастырылған өз тауашасы болады. Әрбір қала бойынша жеке тауашаны айкындау Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына барынша өсу әлеуеті бар тауашаларды атаулы дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде креативті индустрияларды дамытуда айтарлықтай серпіліс жасауға мүмкіндік береді.

      Қалаларда креативті индустриялардың дамуына шығармашылық өсуге арналған ерекше алаңдарды және қолжетімді инфрақұрылымды жасау ықпал ететін болады.

      Креативті алаңдарды әзірлеу кезінде олардың қадамдық қолжетімділігі ерекше мәнге ие. "Креатив қоғамдарының" әралуандығы, бұқаралығы және қолжетімділігі Қазақстанда креативті индустриялардың дамуына қажетті серпін беруге қабілетті.

      Ерекше кеңістіктер мен қолжетімді инфрақұрылым құру мақсатында Алматыда Креативті индустриялар паркін құру жоспарлануда, ол қаланың креативті индустрияларын дамытудың негізгі нүктесіне айналады.

      Алматының тәжірибесі еліміздің басқа да ірі қалаларында кеңінен таратылады. Нәтижесінде Тұжырымдаманы Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында іске асыру кезеңінде креативті технопарктер базасында қолдау және даму институттарымен көп функциялы ашық кеңістіктерді (шеберханалар, арт-студиялар, кітапханалар) біріктіретін креативті индустрияларды дамытудың заманауи инфрақұрылымы қалыптастырылады. Атап айтқанда, 2023 жылға қарай Нұр-Сүлтан, Алматы және Шымкент қалапарында креативті кластерлер мен хабтар қалыптастырылатын болады. Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласында Astana Hub халықаралық АТ-паркінің мүмкіндіктерін пайдалану креативті индустрияларды дамытудың заманауи инфрақұрылымының негізін салуға мүмкіндік береді.

      Креативті индустриялардың көрсетілетін қызметтері мен өнімдерін ілгерілету мақсатында аталған қалаларда креативті индустрияларды ел ішінде ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де ілгерілетуге ықпал ететін көп функциялы білім беру-көрме орталықтары құрылады. Креативті индустрияларда таланттарды анықтауға, дамытуға және ілгерілетуге бағытталған ауқымды іс-шараларды (конкурстар, сыйлықтар, фестивальдар, чемпионаттар) өткізу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

      Креативті кластерлер мен хабтар базасында тұрақты бизнестер құруда және креативті индустрияларда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамытуда шығармашыл адамдарға қызмет көрсетуге багдарланған креативті бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар қалыптастырылатын болады.

      Инкубаторлар мен акселераторларға қатысушылар шығармашылық салалардағы кәсіпорындарды құруға және кеңінен таратуға қажетті практикалық білімге, әкімшілік және консультациялық сүйемелдеуге қол жеткізеді, сондай-ақ қажетті кәсіптік жабдықтары бар жеңілдікті жұмыс кеңістіктерімен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа олар үшін әлеуетті әріптестермен және сатып алушылармен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Креативті бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар әмбебап болуы да, мамандандырылған болуы да мүмкін.

      Креативті индустриялардағы кәсіпкерлер өзара ынтымақтастықтың пайдасын көреді - идеяларды бірлесіп дамыту және өз өнімдеріне сатып алушылар табу оңайырақ. Ынталандыру үшін креативті индустриялар ұсынатын шағын компанияларға ортақ жұмыс кеңістігін бөлісу мүмкіндігін беруге болады. Мұндай мақсаттар үшін қазір бастапқы мақсаттарда пайдаланылмайтын ескі өнеркәсіптік ғимараттар қолайлы. Мәселен, Торонтода 1899 жылы салынған Ричмонд-стриттегі өнеркэсіптік кэсіпорын реконструкцияланды.

      Бұл тәжірибені республикалық және облыстық театрлардың, музейлердің, "Қазакфильм" киностудиясының және құрылатын "Қазақанимация" компаниясының базасында креативті салалардағы кәсіпкерлік субъектілеріне мәдени өнімдерді жасау және оларды отандық және әлемдік нарықтарда өтеусіз және/немесе жеңілдікті негізде ілгерілету үшін мемлекеттік меншік объектілерін жабдықтармен бірге сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру түрінде мүліктік сипатта қолдау көрсету арқылы қолдануға болады.

      3. Креативті индустриялар субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу

      Жаһандық деңгейде креативті индустрияларды сыныптау мен тұжырымдамалаудың белгілі бір тәсілдері жасалды. Қазақстан экономикасы үшін креативті индустриялар салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып табылады.

      Осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде креативті индустриялардың қызметі регламенттелетін болады, бұл өз кезегінде креативті индустрияларда қызметті жүргізудің құқықтық шеңберлері мен негізгі шарттарын айқындай отырып, Қазақстанда креативті индустриялардың дамуына серпін береді.

      Атап айтқанда, 2022 жылы креативті индустриялар ұғымы заңнамалық деңгейде пысықталып, бекітілетін болады. Креативті индустрияларда кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттеудің базалық қағидаттары мен тәсілдері әзірленеді.

      Осы мақсатта сараптама қоғамдастығының белсенді қатысуымен креативті индустрияларды айқындау өлшемшарттары әзірленетін болады.

      Бүгінгі таңда әлемде креативті индустриялар ұғымының жалпы қабылданған бірыңғай анықтамасы жоқ. UNESCO1 анықтамасына сәйкес креативті индустриялар ұғымы деп "мәдени максаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша қызмет түрлерінің жиынтығын түсінген жөн, әкелуі мүмкін коммерциялық құндылығына қарамастан олар бір уақытта белгілі бір атрибут, мәдени өзін-өзі көрсету нысандарын пайдалану немесе беру тәсілі болып табылады".

      Өз есебінде UNESCO алғаш рет креативті индустриялардың жаңа феноменіне қатысты анықтамаға қолда бар тәсілдерді құрылымдауға тырысты. Есепке сәйкес елдердің көпшілігінде (24 елдің 18-і) креативті индустриялар термині қолданылады. 5 елде мәдени индустриялар ұғымы пайдаланылады. Жоғарыда аталған терминдермен қатар контент индустриясы, креативті экономика, әсер экономикасы және авторлық кұқық индустриясы сияқты ұғымдар пайдаланылады.

      ЕО елдерінде креативті индустрияларды белгілеу үшін мынадай анықтама қолданылады: креативті индустриялар - бұл қызметі мәдени құндылықтарға және/немесе көркемдік және басқа да шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуге осы қызмет түрлерінің нарықтық немесе нарықтық емес болып табылатынына, сондай-ақ бұл құрылымның қалай қаржыландырылатынына қарамай оларды қолдайтын құрылымның түріне қарамастан негізделген салалар жиынтығы. Бұл салалар мәдени, көркемдік немесе өзге де шығармашылық өзін-өзі көрсетуді, сондай-ақ білім беру немесе басқару сияқты онымен байланысқан функцияларды бейнелейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеуді, жасауды, өндіруді, таратуды және сақтауды қамтиды.

      ЭЫДҰ креативті индустрияларды "маңызды материалдық емес мәдени өнімдерді, шығармашылық контент пен тәжірибені жасау үшін технологияларды, таланттарды немесе дағдыларды пайдалану есебінен өндірушілерді, тұтынушылар мен орындарды байланыстыратын білімге негізделген шығармашылық қызмет" ретінде айқындайды.

      Англия Үкіметі әзірлеген креативті индустриялардың неғұрлым жиі дәйексөз келтірілетін анықтамасы креативті индустрияларға жеке шығармашылықтан, дағдылардан және таланттардан бастау алатын және зияткерлік меншікті құру мен пайдалану есебінен пайдаға кенелуге және жұмыс орындарын құруға әлеуеті бар салаларды жатқызады.

      Ресейде креативті кәсіпкерлік ұғымы заңнамалық деңгейде бекітілген, оған сәйкес шығармашылық (креативті) кәсіпкерлік зияткерлік қызметтің нәтижелерін құру және зияткерлік қызметтің нәтижелеріне құқықтарды коммерцияландыру есебінен пайда алуды мақсат ететін коммерциялық ұйымдардың қызметі болып табылады.

      Ұғымның өзін түсіндірудегі айырмашылықтармен қатар креативті индустриялардың құрамына кіретін экономика салаларын айқындауға арналған әдістер мен тәсілдерде де түрлі нұсқалар бар. Бүгінгі таңда креативті индустрияларды сыныптаудың бірнеше тәсілдері бар.

      UNESCO есебіне сәйкес креативті индустриялар визуалды өнерді (кескіндеме, мүсін, фотосурет, антиквариат); баспа ісі мен баспа медиасын (кітаптар, баспасөз және басқа жарияланымдар); дизайнды (интерьер, графика, сән, зергерлік іс, ойыншықтар), шығармашылық сервистерді (сәулет, жарнама, шығармашылық зерттеулер мен әзірлемелер); жаңа медианы (БҚ, бейнеойындар, цифрлық шығармашылық контент); аудиовизуалды өнерді (кино, телевизия және радиохабарын тарату); орындаушылық өнерді (жанды музыка, театр, би, опера, цирк және т.б.); мәдени дәстүрлерді (қолөнер, фестивальдар мен салтанаттар); мәдениет объектілері мен естелік орындарды (археология объектілері, музейлер, кітапханалар және т.б.) қамтитын 9 ірі бағыт бойынша топтастырылады.

      Ресейдің стратегиялық бастамалар агенттігі өзінің "Креативті индустриялар атласы" есебінде әлемдегі креативті индустриялар бойынша деректерді талдау негізінде бүгінде креативті индустрияларды қалыптастыратын шамамен 35 негізгі сала бар екенін айқындады, олар өзгелермен қатар сәулетті, бейнелеу өнерін, музыканы, радионы, телевизияны, ойындарды, ойын-сауықты және т.б. қамтиды.

      Қолда бар әлемдік практика негізінде креативті индустриялар қызметінің түрлерін сыныптаудың әдіснамалық тәсілдері қалыптастырылатын болады. Нәтижесі ретінде креативті индустриялар субъектілері ресми статистикада ескеріледі, бұл Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту сипатын түсінуге және мемлекеттік ынталандыру мен реттеудің тиісті шараларын тұжырымдауға ықпал ететін болады. Мониторингті жүзеге асыруға, шешімдер қабылдау процесін қолдауға және болашақ даму үшін стратегиялар әзірлеуге мүмкіндік беретін сенімді статистикалық жүйе құру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіледі.

      Креативті индустриялар ұғымын, креативті индустриялар және креативті инфрақұрылым саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан бекіту креативті индустриялар өкілдерінің қызметін ресмилендіруге ықпал ететін болады.

      Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтаудың тиімді жүйесінсіз креативті индустрияларды институттық тұрғыдан бекіту мүмкін емес.

      Қазақстан Республикасында зияткерлік меншіктің құқықтық базасы қалыптасқан және ұлттық заңнама халыкаралық шарттармен үйлестірілген. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы әкімшілендіретін 19 халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады.

      Интеграциялық процестердің дамуы жағдайында осы салада халықаралық шарттар жасасу арқылы зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі шаралар қабылданатын болады. Креативті салаларды дамытуды нығайту, құқықтық қорғау және ынталандыру бойынша, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) заңдық құзыреті мен құқығының артықшылықтарын пайдалана отырып, жағдайлар жасалатын болады.

      Креативті салаларды дамытуды ынталандыру креативті индустриялар мен зияткерлік меншікті дамытуға бағытталған жол карталарын іске асыру арқылы да қамтамасыз етілетін болады.

      Зияткерлік меншікті және таланттар мен қиялды коммерцияландыру мәселелерін заңнамалық тұрғыдан күшейту зияткерлік меншік құқықтарының объектілері мен қолданылу аясын айқындауда креативті индустриялардың негізгі аспектілері мен ерекшеліктерін жан-жақты зерделеуді талап етеді.

      4. Креативті индустрияларда кәсіпкерлікті ынталандыру

      Креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттеумен қатар шығармашылық жобаларды монеталауға қабілетті кәсіпкерлік қоғамдастықты дамыту маңызды.

      Ол үшін креативті индустрияларда ШОК субъектілерін жүйелі және атаулы ынталандыруды қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта Қазақстан тұрғындарының креативті хоббиін креативті бизнеске айналдыруға қабілетті ынталандыру жүйесі қалыптастырылатын болады.

      Әлемдік практика креативті индустрияларда кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық артықшылықтар беру сияқты даму шараларының табыстылығын көрсетіп отыр.

      Креативті индустрияларға қатты соққы берген пандемия жағдайында салықтық каникулдар беру ерекше рөл атқарады. Креативті бизнес субъектілері үшін толыққанды қалпына келу және дағдарыстан шығу үшін 2024 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңге салықтық каникулдар алу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

      Бұған қоса, креативті индустрияларда ШОК субъектілері үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл тұрғыда креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілеріне төмендетілген мөлшерлеме бойынша жеңілдікті кредит, субсидиялар мен гранттар беру көзделетін болады. Қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудың маңызды құралы зияткерлік меншік қүқықтарын кепілге беру құралы болады. Бұл ретте креативті индустриялар субъектілерін қолдау шараларын көрсету мемлекеттік қолдауға тәуелділікті болдырмауға және осы секторды табиғи коммерцияландыруға ынталандыруға тиіс.

      Сонымен қатар креативті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ынталандыру шараларын ұсыну мәселесін пысықтаған жон. Атап айтқанда, креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан аумағында, сол сияқты одан тыс жерлерде көрме іс-шараларына арналған шығындарды өтеу сияқты қаржылық ынталандыру шаралары ұсынылатын болады.

      Креативті индустриялардағы отандық кәсіпкерлердің ірі халықаралық шығармашылық конкурстарға, көрмелерге, фестивальдарға көптеп катысуы Қазақстан брендінің халықаралық аренадағы танымалдылығына да ықпал ететін болады.

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілері үшін пилоттық жоба режимінде акселераторлар, креативті кластерлер құруды, гранттық қолдауды, сондай-ақ бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынудың креативті орталықтары деп аталатындар базасында кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді күшейтуді қамтитын қолдау құралдарының неғұрлым кең ассортименті көзделетін болады. Осылайша, 2023 жылға қарай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын үш креативті орталық құрылады, олардың қызметі креативті бизнес субъектілері үшін консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталатын болады.

      Қазақстанның басқа өңірлерінен креативті индустриялардың барлық қалған қатысушылары үшін "Creative Qazaqstan" платформасы базасында онлайн бағдарламалар мен оқыту курстары, сондай-ақ креативті контентті монеталаудың негізгі бағыттары мен перспективалары бойынша гайдтар көзделетін болады.

      Негізгі нысаналы секторлар ретінде киноны, дизайн мен сәнді, музыканы, цифрлық ойын-сауықты және басқаларды қоса алғанда, креативті индустриядағы неғұрлым тез өсіп келе жатқан бағыттар айқындалатын болады. Бұл ретте отандық жобаларды ғана емес, сондай-ақ әртүрлі нысандағы қазақстандық қамтуы бар перспективалы шетелдік жобаларды, мысалы, қазақстандық әртістер, режиссерлер немесе өзге де мамандар негізгі рөлдерге ие болатын немесе жобаларды іске асыру үшін локация ретінде Қазақстан тандалатын жобаларды тең дәрежеде ілгерілетуді қолдау қажеттігін атап өту маңызды, бұл Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта танымал мәдени "брендін" қалыптастырады және елеулі имидждік әсерді қамтамасыз етеді.

      5. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Тұжырымдаманы жүйелі және үдемелі іске асыру 2025 жылға қарай мынадай түйінді көрсеткіштерге* және күтілетін нәтижелерге* қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      Нысаналы индикатор:

      1) креативті индустриялардың Қазақстан экономикасына қосар үлесін 2025 жылға қарай 5 %-ға дейін ұлғайту:

      2021 жылы - 3,14 %, 2022 жылы - 3,6 %, 2023 жылы - 4,07 %, 2024 жылы - 4,53 %, 2025 жылы - 5,0 %.

      2) креативті индустрияларда жұмыспен қамтуды 4 %-ға дейін ұлғайту:

      2021 жылы - 3,6 %, 2022 жылы - 3,7 %, 2,023 жылы - 3,8 %, 2024 жылы - 3,9 %, 2025 жылы - 4,0 %.

      3) креативті индустриялардағы ШОК субъектілері санының 1,5 есеге өсуі:

      2021 жылы - 53000, 2022 жылы - 59000, 2023 жылы - 66000, 2024 жылы - 73000, 2025 жылы - 80000.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) жаңа 30 мың жұмыс орнының қалыптасуы.

      2) креативті индустриялар өнімдері экспортының 200 млн АҚШ долларына өсуі.

      Осы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде креативті индустрияларды дамыту үшін қажетті институттық жағдайлар мен алғышарттар қалыптастырылатын болады. Креативті кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ шығармашыл адамдар мемлекеттік қолдау мен ынталандырудың құралдарына қол жеткізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі даму мен реттеудің икемді және теңгерімді жүйесін құра отырып, креативті индустрия субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер аша алады, бұл ретте оларды дербестік мен икемділіктен айырмайды.

      Креативті индустриялардың серпінді дамуы өз кезегінде Ұлттық жоспардың кейбір түйінді стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады, оның ішінде:

      орта бизнестің экономикаға қосар үлесін 2025 жылы 15 %-ға дейін жеткізу:

      2021 жылы - 10,0 %; 2022 жылы - 11,2 %; 2023 жылы - 12,5 %; 2024 жылы - 13,7 %; 2025 жылы - 15,0 %;

      халықтың жұмыссыздық деңгейін, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту арқылы 2025 жылы 4,7 %-ға дейін төмендету:

      2021 жылы - 5,0 %; 2022 жылы - 5,0 %; 2023 жылы - 4,9 %; 2024 жылы - 4,8 %; 2025 жылы - <4,7 %.

      *ескертпе: нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер заңнамалық сәйкестікке келтірілгеннен кейін креативті индустрияларды дамытуға арналған қаржыландыру көлемін айқындау жөніндегі бюджеттік процесс шеңберінде түзетілетін болады.

  Креативті индустрияларды
дамытудың 2021 -2025 жылдарға
арналған тұжырымдамасына
қосымша

6. Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с № Негізгі іс-шаралардың атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4

Нысаналы индикаторлар:
1) "Креативті индустриялардың Қазақстан экономикасына қосар үлесі 2025 жылға қарай 3 %-ға дейін ұлғайту:
2021 жылы - 3,14 %, 2022 жылы - 3,6 %, 2023 жылы - 4,07 %, 2024 жылы - 4,53 %, 2025 жылы - 5,0 %.
2) "Креативті индустрияларда жұмыспен қамтуды 4 %-ға дейін ұлғайту":
2021 жылы - 3,6 %, 2022 жылы - 3,7 %, 2023 жылы - 3,8 %, 2024 жылы - 3,9 %, 2025 жылы - 4,0 %.
3) "Креативті индустриялардағы ШОК субъектілері санының 1,5 есеге өсуі":
2021 жылы - 53000, 2022 жылы - 59000, 2023 жылы - 66000, 2024 жылы - 73000, 2025 жылы - 80000.

1

Креативті индустрияларды реттеу жөніндегі заңнамалық түзетулерді әзірлеу

Қазакстан
Республикасының
Үкіметіне ақпарат
Қазақстан Республикасы Заңының
жобасы

2021 жылғы желтоқсан
2022 жылғы II тоқсан

ҰЭМ, МСМ, Әділетмині, БҒМ. ИИДМ. ЦДИАӨМ, АКДМ, СИМ, ЖАО, СЖРА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚКМ" АҚ (келісу бойынша)

2

Креативті индустриялар бойынша ЭҚЖЖ тізбесін айқындау үшін креативті индустриялар қызметінің түрлсрін сыныптау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу

құқықтық актінің жобасы

Қазақстан Республикасының тиісті Заңы қабылдағаннан кейін 3 ай ішінде

МСМ. ҰЭМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша). ИИДМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, БҒМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

3

Зияткерлік меншікті қорғауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ұсыныстар

2022 жылғы II тоқсан

Әділетмині, ІІМ, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), МСМ, БҒМ. "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

4

Балаларға қосымша білім беру ұйымдары арқылы білім алушылардың креативті дағдыларын дамыту

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы I тоқсан

БҒМ, ЖАО

5

Шығармашылық кәсіптер қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру тетіктерін пысықтау және кәсіпкерлерді тарту

әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2022 жылғы I тоқсан

МСМ, ҰЭМ

6

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында креативті кластерлер мен хабтар құру

Нұр-Сүлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 3 креативті кластер мен хаб

2023 жылғы IV токсан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктсрі, БҒМ, МСМ, АХҚО (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

7

Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкснт қалаларында креативті бизкес- инкубаторлар мен акселераторлар құру

Нұр-Сұлтан. Алматы, Шымкент қалаларындағы 3 креагивті бизнес-иикубатор мен акселератор

2023 жылғы IV тоқсан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, БҒМ, МСМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

8

Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкент
қалаларында көп функционалды білім беру-көрме орталықтарын құру

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 3 көп функиионалды оқу және көрме орталығы

2023 жылғы IV тоқсан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаларының әкімдіктері, БҒМ, МСМ. "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

9

Республикалық және облыстық театрлардың, музейлердің, "Қазақфильм" киностудиясының және құрылатын "Қазаканимация" компаниясында базасында мәдени өнімдер жасау және оларды отандық және әлемдік нарықтарда өтеусіз не жеңілдікті негізде ілгерілету үшін креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншік объектілерін жабдықтар мен бірге сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру түрінде мүліктік снпаттағы қолдау көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республикасының
Үкімстіне
ұсыныстар

2022 жылғы II тоқсан

МСМ. ЖАО, БҒМ

10

Қолдау кұралдарын талдау және креативті индустриялар субъектілерін қолдаудың жаңа құралдарын қалыптастыру

Казахстан
Республикасының
Үкімегіне
акпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылдағаннан кейін 2 ай ішінде

ҰЭМ, МСМ, СИМ, Қаржымині, ИИДМ, ЦДИАӨМ АҚДМ, ЖАО, "Qaztrade" АҚ (келісу бойынша) "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҮКП (келісу бойынша) "ҚКМ" АҚ (келісу Бойынша)

11

Креативті индустрияларды ынталандыру мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін айқындау бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар (оның ішінде жеңілдікті кредит, субсидиялар, гранттар беру
тетіктерін әзірлеу және т. 6.)

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылдағаннан кейін 3 ай ішінде

ҰЭМ, МСМ, Қаржымині, СИМ, СІМ, ИИДМ. ЦДИАӨМ, АКДМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "Qaztrade" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) "ҚКМ" АҚ (келісу бойынша)

12

Қазақстан аумағында да, сол сияқты одан тыс жерлерде де көрме іс- шараларына арналған шығындарға өтемақы беру мәселесін пысықтау

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы I тоқсан

СИМ, ҰЭМ, МСМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, Қаржымині, "Qaztrade" АҚ (келісу бойынша), ЖАО

13

Креативті индустрия саласындағы халықаралық компаниялар мен холдинггерді (технологиялық конгломераттар, алып компаниялар, медиахолдингтер және т.б.) тарту

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы IV тоқсан

СІМ, СИМ, МСМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, Нұр-Султан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

14

Креативті индустриялардың даму әлеуетін терең талдау және бағалау негізінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент калаларының "тауашасын" (жергілікті бірегейлігін) айқындау

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы II тоқсан

МСМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, АКДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

15

Алматы, Нұр-Султан, Шымкент қалаларындағы олардың әлеуетін бағалау негізінде креативті индустрияларды дамыту жөніндегі бастамаларды енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2023 жылғы I тоқсан

МСМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, АКДМ, ҰЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, СЖРА (келісу бойынша)

16

"Creative Qazaqstan" білім беру және ақпараттық платформасын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
ақпарат

2023 жылғы I тоқсан

МСМ, ЦЦИАӨМ, ИИДМ, АКДМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, "Зерде" ҰИХ АҚ (келісу бойынша)

17

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында бизнес үшін консультациялық және ақпараттық қызметтер ұсынатын 3 креативті орталык құру

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы бизнеске консультациялық
және ақпараттық қызметтер ұсынатын 3 креативті орталық

2022 жылғы II тоқсан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, МСМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)


      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКДМ - Қазакстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      АҚШ - Америка Құрама Штаттары;

      "Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығы;

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      "Даму" КДҚ" АҚ - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халыкты әлеуметтік корғау министрлігі;

      ЖАО - Жергілікті атқарушы орган;

      ЖӨӨ - Жалпы өңірлік өнім;

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

      ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім;

      "Зерде" ҰИХ" АҚ - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      "Qaztrade" АҚ- "Qaztrade" акционерлік қоғамы;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      "ҚКМ" АҚ - "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы;

      МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы;

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі;

      СЖРА ҰСБ - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

      СИМ - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      "ҰАТ" АҚ - "Ұлттық ақпараттык технологиялар" акционерлік коғамы;

      ҰЭМ - Қазакстан Республикасының Ұлтгық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ - Қазакстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады