Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестріне "Академиялық" мәртебе беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 866 қаулысы

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестріне "Академиялық" мәртебе берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А.Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады