Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 867 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 ж. қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілсін.

      2. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып өзгертілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мекемеге қатысты тиісті саланы (аясын) мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген КММ қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. КММ-нің жалпы ауданы 58 912 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан алып қойылсын.

      6. Осы қаулының 5-тармағында көрсетілген Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес мекемеге тұрақты жер пайдалану құқығымен берілсін.

      7. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары" мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

      8. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) КММ ұстауға жергілікті бюджеттен 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке бөлінген қаражаттың кері трансферттері көзделсін;

      2) КММ-нің 30 бірлік штат санын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берсін;

      3) экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке осы аймақ шегінде тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін.

      9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      10. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
  № 867 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысының Ұлытау ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

  гектар

Атауы

Жалпы
көлемі

оның ішінде

орманды жерлер

орманды жерлер жиыны

ормансыз жерлер

орман көмкер-ген,
барлығы

оның ішінде

орман көмкер-меген

егістіктер, тыңайған жерлер

шабын-дықтар

жайы-лымдар

үйлер

су
астында

шоқ ағаштар

орман
дақылдары

Орман қорының жерлері
(Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы)

 
58912

 
7914

 
4646

 
5

 
234

 
8148

 
1740

 
1901

 
34414

 
38

 
57

Барлығы

58912

7914

4646

5

234

8148

1740

1901

34414

38

57

      Кестенің жалғасы

оның ішінде

ормансыз жерлер

ормансыз жерлер
жиыны

жолдар

басқа жерлер

 
103

 
12511

 
50764

103

12511

50764

      _____________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 867 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      16-бөлімде:

      мына:

      "

16

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

5431


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

3772

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

5461


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

3849

  ";

      мынадай мазмұндағы 31) жолмен толықтырылсын:

      "

31)

"Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

77

  ".

      2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42-43, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 62-1-жолмен толықтырылсын:

      "

62-1

"Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

58912

Ұлытау ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ";

      реттік нөмірі 68-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:

      "30. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады