Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 және "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 868 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы, медицина және фармацевтика өнеркәсібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасын бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) басшылықты, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Міндеттері:

      мына:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтерді (көмек) көрсету сапасын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік беретін көлемнің шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ету;

      3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      5) медицина және фармацевтика өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 152-111), 152-112) және 152-113) тармақшалармен толықтырылсын:

      "152-111) медицина және фармацевтика өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      152-112) инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жоспарланатын медициналық бұйымдар құнының есебін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      152-113) инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жоспарланған медициналық бұйымдардың құнын есептеу бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының қорытындыларын бекіту;";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады