Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 871 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

                                      Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 25-баптың 1-тармағының 5-тармақшасындағы "санитариялық, ветеринариялық-санитариялық" деген сөздер "санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 29-бапта:

      1-тармақта:

      4-тармақшадағы ", мәдени құндылықтарды" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 41-тармақшамен толықтырылсын:

      "41) мәдени құндылықтарды қорғау;";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мүше мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тауарлармен өзара саудада шектеулер енгізген және олардың күшін жойған кезде Комиссияны және басқа да мүше мемлекеттерді Комиссия бекітетін тәртіппен жазбаша нысанда хабардар етеді.";

      3) VI бөлім мынадай мазмұндағы 29¹-баппен толықтырылсын:


"291-бап

Одақтың кедендік шекарасындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау)

      1. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын өзге де жерлерде адамдарға, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты осы Шартқа, Одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылау (қадағалау) (кедендік, көліктік, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлері) жүзеге асырылады.

      2. Комиссияның актілерінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын өзге де орындарда осы Шартқа, Одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес жүзеге асырылатын кедендік, көліктік (автомобильдік), санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, құрылысжайларды, үй-жайларды, ашық алаңдарды жабдықтауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптар белгіленуі мүмкін.";

      4)  51-баптың 1-тармағының 14-тармақшасындағы "өнімге қойылатын міндетті талаптарды, сәйкестікке міндетті бағалау жүргізудің қағидалары мен рәсімдерін" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын, сәйкестікке бағалау жүргізу қағидалары мен рәсімдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 57-баптың 4-тармағының бірінші абзацы "(бақылауды)" деген сөзден кейін "тәуекелді бағалауды қолдана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 88-баптың 1-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүше мемлекеттің сатып алу саласында реттеу және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыратын органының (органдарының) болуын қамтамасыз ету;";

      7) 97-бапта:

      3-тармақта:

      екінші абзацтың мәтіні бойынша "педагогикалық, заңдық," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметін жүзеге асыруы мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттар Одақ шеңберіндегі жекелеген халықаралық шарттарға сәйкес жұмысқа орналасу мемлекетінде танылады. Халықаралық шарттар болмаған кезде көрсетілген құжаттар жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес танылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Мүше мемлекет еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарты болған кезде басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген мүше мемлекеттердің азаматтары, егер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа орналасу мемлекетінде болу мақсатын өзгерту қажет болса, жұмысқа орналасу мемлекетінің шегінен шықпай келу мақсатын өзгерту үшін осы мүше мемлекеттің құзыретті органдарына тікелей немесе жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде Интернет желісін (жұмысқа орналасу мемлекетінде осындай мүмкіндік болған кезде) пайдалана отырып, жүгінуге құқылы.";

      8) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша):

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия:

      кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер етуі мүмкін Комиссия шешімдері жобаларының және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларының реттеуші әсерін бағалауды (бұдан әрі – реттеуші әсерді бағалау);

      Комиссияның кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер ететін қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалауды (бұдан әрі – нақты әсерді бағалау) жүргізеді.

      Комиссияның кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер етуі мүмкін шешімдері осындай шешімдер жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу нәтижелері ескеріле отырып қабылданады.

      Одақ шеңберінде халықаралық шарт жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды халықаралық шарт жобасын мемлекетішілік келісуге жолдаумен бір мезгілде мүше мемлекеттерге жіберіледі.

      Нақты әсерді бағалау, әдетте, Комиссияның тиісті шешімі қолданылуының әрбір 3 жылы өткен соң жүргізіледі.

      Нақты әсерді бағалау туралы қорытынды Комиссияның тиісті шешіміне өзгерістер енгізілген кезде ескеріледі.

      Реттеуші әсерді бағалау және нақты әсерді бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібі Регламентте айқындалады.";

      24-тармақтың 5-тармақшасында "реттеуші әсерді бағалау рәсімдерін жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті" деген сөздер "реттеуші әсерді бағалау және нақты әсерді бағалау рәсімдерін жүргізу мониторингі туралы есепті (2 жылда 1 рет кезеңділігімен)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) белгіленген тәртіппен реттеуші әсерді бағалау және нақты әсерді бағалау рәсімдерін жүргізеді, сондай-ақ реттеуші әсерді бағалау және нақты әсерді бағалау рәсімдерін жүргізу мониторингі туралы есепті дайындауды қамтамасыз етеді;";

      55-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) белгіленген тәртіппен реттеуші әсерді бағалау және нақты әсерді бағалау рәсімдерін жүргізуге қатысады, сондай-ақ осы рәсімдерді жүргізу мониторингін жүзеге асырады;";

      9) Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 5 қосымша):

      1-тармақтың бірінші абзацы "2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап" деген сөздер " – 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап, ал көрсетілген Шартқа қосылған жаңа мүшелер үшін осы Хаттама қолданыла бастаған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.";

      11-тармақта:

      екінші абзацтағы "ағымдағы күні қайтаруға және берешекті өтеу есебіне жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын" деген сөздер "ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын және ағымдағы күні берешекті өтеу есебіне есепке жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы есепті күні келіп түскен (уәкілетті орган есепке жатқыза отырып орындаған) кедендік әкелу баждарының сомаларынан есепті күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын және есепті күні берешекті өтеу есебіне есепке жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомаларын шегеру арқылы айқындалады.";

      31-тармақта:

      формуладағы "LIBORUSD, o/n" деген белгілеме "SOFRUSD, o/n" деген белгілемемен ауыстырылсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "SOFRusd, o/n – Нью-Йорк Федералдық резервтік банкі міндеттеменің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басталған күн үшін белгілеген, АҚШ долларындағы бір күндік "овернайт" мөлшерлемесі (Secured Overnight Financing Rate (SOFR));";

      10) Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 7 қосымша):

      4-тармақтың үшінші абзацы "импорттық" деген сөзден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      47-тармақтың алтыншы абзацы "импорттық" деген сөзден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының (көрсетілген Хаттамаға қосымша) 9-тармағының екінші абзацы "импорттық" деген сөзден кейін "не арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 8 қосымша):

      2-тармақтың үшінші, жетінші және отыз екінші абзацтарындағы "Комиссия шешімі бойынша", "Комиссияның шешімі бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      24-тармақтағы "квотаны" деген сөз "немесе арнайы квотаны" деген сөздермен, "мұндай импорттық квотаның" деген сөздер "мұндай импорттық немесе арнайы квотаның" деген сөздермен, "импорттық квотаның" деген сөздер "импорттық немесе арнайы квотаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-тармақ "импорттық квотаны" деген сөздер "импорттық немесе арнайы квотаны" деген сөздермен ауыстырылсын, "олардың арасында импорттық" деген сөздерден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақтың бірінші абзацы "импорттық" деген сөзден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      27-тармақтың бірінші абзацы "импорттық" деген сөзден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақ "Импорттық" деген сөзден кейін "немесе арнайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      67-тармақтағы "мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларына және мүше мемлекеттерден ұқсас тауар өндірушілерге осындай импорттың" деген сөздер "демпингтік импорттың мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларына әсерін, сондай-ақ демпингтік импорттың мүше мемлекеттерден ұқсас тауар өндірушілерге осыған негізделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Демпингтік импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсерін талдау:

      тауарды сатудың, пайданың, өндірістің, мүше мемлекеттер нарығындағы тауар үлесінің, өнімділіктің, инвестициялардан немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудан түсетін кірістердің орын алуын немесе болашақтағы ықтимал қысқаруын;

      мүше мемлекеттер нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

      демпингтік маржаның мөлшерін;

      ақша ағындарының қозғалысына, тауар қорларына, жұмыспен қамтылу деңгейіне, жалақыға, тауар өндірісінің өсу қарқынына, капитал тарту және (немесе) инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігіне орын алған немесе болашақтағы ықтимал теріс әсер етуін қоса алғанда, мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторлар мен көрсеткіштерді бағалау болып табылады.

      Көрсетілген факторлар мен көрсеткіштердің тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Бұл ретте демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды анықтау үшін бірде-бір фактор да, бірнеше фактор да шешуші мәнге ие бола алмайды.

      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру мақсаттары үшін бұрын орын алған демпингтік импорттың әсерінен кейін мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесі де талданады.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері анықталған кезде тергеп-тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:

      демпингтік импорттың айтарлықтай ұлғаюының нақты мүмкіндігін растайтын мұндай импорттың айтарлықтай өсу қарқынын;

      демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің болуын немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын елеулі түрде ұлғайтудың нақты мүмкіндігін растайтын олардың елеулі ұлғаюының айқын бұлтартпастығын;

      егер демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасының деңгейі мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне немесе тежелуіне және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін болса, мұндай баға деңгейін;

      тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар қорларын ескереді.

      Бұл ретте осы факторлардың ешқайсысы демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтау үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.";

      99-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комиссияның баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде экспорттаушы немесе өндіруші туралы мәліметтерді растау мақсаттары үшін қажетті құжат және осындай құжатты толтыруға қойылатын талаптар айқындалуы мүмкін.";

      102-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Демпингке қарсы баждың мұндай мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленген кезде Комиссия демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленген экспорттаушы немесе өндіруші туралы мәліметтерді растау мақсаттары үшін қажетті құжатты және осындай құжатты толтыруға қойылатын талаптарды айқындауға құқылы.";

      IV бөлім мынадай мазмұндағы 11-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "11. Демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу

      1201. Егер осы Хаттаманың 110-тармағында көзделген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара енгізілгеннен немесе демпингке қарсы баж мөлшері өзгергеннен кейін 2 жылдан аспайтын уақыт өткен жағдайда мүдделі тұлға осы Хаттаманың 110-тармағында көзделген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара енгізілгеннен немесе демпингке қарсы баж мөлшері өзгергеннен кейін Одақ нарығында экспорттық бағалардың төмендеуі немесе импортталған тауарды өткізу бағаларының төмендеуі, өзгеруінің болмауы немесе жеткіліксіз деңгейде көтерілуі тіркелгендігінің дәлелдемелері қамтылған өтініш беруге құқылы. Осы өтініштің негізінде демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру басталуы мүмкін.

      1202. Демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      1203. Осы Хаттаманың 1201-тармағында көрсетілген Одақ нарығындағы экспорттық бағалардың немесе импортталған тауарды өткізу бағаларының серпіні туралы мәліметтер өтініш берілген күннің тікелей алдындағы кемінде 6 ай болатын кезең үшін осы Хаттаманың 1201-тармағына сәйкес өтініште ұсынылуға тиіс.

      1204. Демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу үшін демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру барысында қаралатын кезеңдегі экспорттық бағаларды қолданыстағы демпингке қарсы баждың мөлшерін айқындау мақсаттары үшін пайдаланылған кезеңдегі экспорттық бағалармен салыстыру жүзеге асырылады. Осы салыстыру кезінде қажет болған жағдайда, өнім берудің шарттары мен сипаттамаларының, салық салудың, сауда операциялары сатыларының, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылығын, сондай-ақ осындай бағалардың салыстырмалылығына әсер ететін кез келген басқа да айырмашылықтарды ескере отырып, салыстырылатын экспорттық бағаларға түзету жүзеге асырылады. Демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру барысында қаралатын кезеңдегі экспорттық баға осы Хаттаманың 64 және 65-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      1205. Мүдделі тұлғалар демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламада белгіленген мерзімдерде Одақ нарығындағы экспорттық бағаларды төмендетудің немесе импортталған тауарды өткізу бағаларын төмендетудің, өзгерісі болмауының немесе жеткіліксіз деңгейде жоғарылауының негіздемесін, оның ішінде қалыпты құнды өзгерту қажеттігінің дәлелдемелерін беруге құқылы. Мүдделі тұлғалар көрсетілген мерзім өткеннен кейін берген негіздемелер мен дәлелдемелерді тергеп-тексеру жүргізетін орган назарға алмауы мүмкін.

      1206. Демпингке қарсы бажды сіңіру белгіленген жағдайда демпингтік маржа сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру барысында қаралатын кезеңдегі экспорттық баға ескеріле отырып қайта есептеледі. Бұл ретте тауардың қалыпты құны ретінде демпингке қарсы бажды сіңіруді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру басталған күнге қолданыста болатын демпингке қарсы бажды есептеуге негіз болған демпингке қарсы тергеп-тексеру (оның ішінде осы Хаттаманың 110-тармағында көзделген қайта тергеп-тексеру) барысында айқындалған қалыпты құн қабылданады. Қалыпты құн осы Хаттаманың 1205-тармағына сәйкес оны өзгерту қажеттілігінің дәлелдемелері ұсынылған жағдайда өзгертілуі мүмкін.

      1207. Егер қайта есептелген демпингтік маржа қолданыстағы демпингке қарсы бажды белгілеуге негіз болған демпингтік маржаның мөлшерінен асып кетсе, Комиссия қолданыстағы демпингке қарсы бажды осы айырманы жою үшін қажетті шамаға ұлғайтуға құқылы.

      1208. Егер қайта есептелген демпингтік маржа қолданыстағы демпингке қарсы бажды белгілеуге негіз болған демпингтік маржаның мөлшерінен аспаса, демпингке қарсы шара қолданысын өзгеріссіз жалғастырады.";

      132-тармақтағы "осындай" деген сөз "субсидияланатын" деген сөзбен ауыстырылсын, "нарығында ұқсас тауардың бағасы мен мүше мемлекеттердегі ұқсас тауар өндірушілерге" деген сөздер "нарығындағы ұқсас тауар бағасына әсерін, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердегі ұқсас тауар өндірушілерге осыған негізделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсерін талдау:

      тауарды өндірудің, сатудың, мүше мемлекеттер нарығындағы тауар үлесінің, пайданың, өнімділіктің, инвестициялардан немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудан түсетін кірістің орын алған немесе болашақтағы ықтимал қысқаруын;

      мүше мемлекеттер нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

      ақша ағындарының қозғалысына, тауар қорларына, жұмыспен қамтылу деңгейіне, жалақыға, тауар өндірісінің өсу қарқынына, капиталды тарту және (немесе) инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігіне орын алған немесе болашақтағы ықтимал теріс әсер етуін қоса алғанда, мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторлар мен көрсеткіштерді бағалау болып табылады.

      Көрсетілген факторлар мен көрсеткіштердің тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Бұл ретте субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды анықтау үшін бірде-бір фактор да, бірнеше фактор да шешуші мәнге ие бола алмайды.

      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру мақсаттары үшін, оның ішінде бұрын орын алған субсидияланатын импорттың әсерінен кейін мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесі де талданады.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері анықталған кезде тергеп-тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:

      субсидияның немесе субсидиялардың сипатын, мөлшерін және олардың саудаға ықтимал әсерін;

      субсидияланатын импорттың айтарлықтай ұлғаюының нақты мүмкіндігін растайтын мұндай импорттың айтарлықтай өсу қарқынын;

      субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің болуын немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың субсидияланатын импортын елеулі түрде ұлғайтудың нақты мүмкіндігін растайтын олардың елеулі ұлғаюының айқын бұлтартпастығын;

      егер субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасының деңгейі мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне немесе тежелуіне және субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, мұндай баға деңгейін;

      субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар қорларын ескереді.

      Бұл ретте осы факторлардың ешқайсысы субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтау үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.";

      163-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комиссияның ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімінде экспорттаушы туралы, ал қажет болған кезде өндіруші туралы мәліметтерді растау мақсаттары үшін қажетті құжат және осындай құжатты толтыруға қойылатын талаптар айқындалуы мүмкін.";

      166-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өтемақы бажының мұндай мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленген кезде Комиссия өтемақы бажы мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленген экспорттаушы туралы, ал қажет болған кезде өндіруші туралы мәліметтерді растау мақсаттары үшін қажетті құжатты және осындай құжатты толтыруға қойылатын талаптарды айқындауға құқылы.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті:

      1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіруші (өндірушілер) немесе оның уәкілетті өкілі (олардың уәкілетті өкілдері);

      2) қатысушылары қатарына мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы) немесе бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) не осындай бірлестіктің (қауымдастықтың, одақтың) уәкілетті өкілі не осындай бірлестіктердің (қауымдастықтардың, одақтардың) уәкілетті өкілдері береді.";

      12) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 9 қосымша):

      2-тармақта:

      алтыншы абзацтағы "Одақтың техникалық регламенттері" деген сөздер "Одақтың техникалық регламентінің (Одақтың техникалық регламенттерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "дайындаушы" – өнімді дайындайтын немесе өздерінің нұсқауы бойынша өнімді жобалау немесе дайындау жүзеге асырылатын және осы өнімді өз атынан немесе тауар белгісімен өткізетін және оның Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (оның ішінде шетелдік дайындаушы);";

      жиырма үшінші абзацтағы "Одақтың техникалық регламенттері" деген сөздер "Одақтың техникалық регламентінің (Одақтың техникалық регламенттерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші абзацында:

      "мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін қорғаныс өнімдеріне (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)," деген сөздер "Қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге арналған қорғаныс өнімдеріне (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетіндерге," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік құпияны" деген сөздерден кейін "(мемлекеттік құпияларды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "объектілерге қатысты" деген сөздер "объектілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші абзац "стандарттардың тізбесін" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – стандарттар тізбесі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Стандарттардың тізбесі Одақтың техникалық регламентінің талаптары тікелей орындалуы мүмкін болған жағдайда бекітілмейді.";

      бесінші абзацта:

      "ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың" деген сөздер "мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының, сондай-ақ зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер әдістемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тізбесін" деген сөзден кейін "(бұдан әрі – зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерінің тізбесі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Одақтың техникалық регламентінде сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған не Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер жүргізбей жүзеге асырылуы мүмкін болған жағдайларда зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерінің тізбесі бекітілмейді.";

      жетінші абзацтағы "халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың" деген сөздер "зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау мақсаттары үшін мүше мемлекеттер стандарттау жөніндегі, оның ішінде стандарттарды қолдануға арналған жұмыстарды Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіппен үйлестіреді.";

      5-тармақта:

      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар Комиссия бекітетін тәртіппен электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште ресімделеді.";

      сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар өнімнің жарамдылық мерзімі немесе қызмет ету мерзімі ішінде өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің әрбір бірлігіне қатысты қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Одақ шеңберінде техникалық реттеудің мүше мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Одақтың күшіне енген техникалық регламенттеріне және осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген стандарттар тізбелеріне қатысты ғылыми-техникалық деңгейге міндетті кезеңдік бағалау жүргізіледі. Ғылыми-техникалық деңгейге бағалау жүргізу тәртібін, соның ішінде оның кезеңділігін Комиссия бекітеді.";

      13) Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу бойынша жұмыс нәтижелерін тану туралы хаттама (көрсетілген Шартқа № 11 қосымша) мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:

      "41. Аккредиттеу жөніндегі органдар осы Хаттаманың 4-тармағының 4 және 5-тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге сәйкес қабылданған шешімдер туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Кеңесі белгілеген тәртіппен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.";

      14) Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 12 қосымша):

      2-тармақта:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау)" – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (тауарлардың) бақылауындағы өнімнің (бақылаудың), мекендеу ортасы факторларының адам денсаулығына зиянды әсер ету қатерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылатын, Комиссия белгілеген және мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген міндетті талаптарды бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған қызметі;";

      отыз алтыншы абзацтағы "және тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;

      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "фитосанитариялық сертификат" – карантинге жатқызылған өнімге (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) арналған қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде (электрондық балама түрінде) ресімделетін, 1951 жылғы 6 желтоқсандағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияда белгіленген нысан бойынша экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы беретін және карантинге жатқызылған өнімнің және карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарына сәйкес келетінін куәландыратын құжат;";

      4-тармақта:

      үшінші абзацтың күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік Комиссия бекітетін тәртіппен бірыңғай нысан бойынша қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде беріледі (ресімделеді).

      Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер туралы мәліметтер Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, ұлттық тізілімдерден Комиссияға мүше мемлекеттер беретін мәліметтер негізінде қалыптастырылатын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін Комиссия айқындайды.";

      23-тармақ:

      "кері экспорттаушы" деген сөздерден кейін "электрондық түрде ресімделуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партиясын қадағалап отыру Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.";

      15) Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 14 қосымша) 3-тармағының 5-тармақшасындағы "Комиссия бекітетін тәртіпке сәйкес Комиссияның экономикалық ахуалды тұрақтандыруға арналған ұсынымдарын ескереді" деген сөздер "Комиссияның экономикалық ахуалды тұрақтандыруға арналған ұсынымдарын ескереді. Көрсетілген бірлескен шаралар мен ұсынымдар Комиссия бекітетін тәртіпке сәйкес әзірленеді;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) Құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттер сақтайтын шектеулер тізбесінің IV бөлімінің 8 және 9-тармақтары және V бөлімінің 2-тармағы (көрсетілген Шартқа № 17 қосымшаға № 2 қосымша) алып тасталсын;

      17) Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 18 қосымша):

      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген шартта (келісімшартта) көрсетілген тауарлардың экспорты аумағынан жүзеге асырылуға тиіс мүше мемлекеттің салық органы осындай тауарлардың басқа мүше мемлекеттің аумағына экспортының болмау фактісін анықтаса, ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігі расталмаған болып есептеледі.";

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Мүше мемлекеттің салық органына өтініш ұсынылмаған жағдайда осы салық органында басқа мүше мемлекеттің салық органынан жанама салықтарды толық көлемде төлеу (жанама салықтарды төлеуден босату) фактісінің электрондық түрдегі растамасы не осы Хаттаманың 211-тармағына сәйкес жанама салықтарды алу фактісі туралы ақпарат болған кезде бұл салық органы осы мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына экспортталған тауарларды өткізу жөніндегі операцияларға қатысты көрсетілген салықтар бойынша ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың, салықтық шегерімдердің (есепке жатқызулардың) негізділігін растау туралы шешім қабылдауға (шығаруға) құқылы.

      Аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің салық органы осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген салық төлеуші ұсынған құжаттарда анық емес деректер анықталған кезде аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органына анықталған мән-жайлар туралы хабар береді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Салық органы аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылық шараларын, оның ішінде мынадай жағдайларда:

      салық төлеуші ұсынған тауарлардың өткізілуі және жанама салықтардың төленгені туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректерге сәйкес келмегенде;

      салық төлеуші ұсынған, осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген құжаттар көлік (тауарға ілеспе) және (немесе) өзге де құжаттарда көрсетілген, мүше мемлекеттің аумағына тауарларды өткізудің болмауының салық органдарында бар дәлелдемелерге сәйкес келмегенде;

      аумағына тауарлар импорты мәлімделген мүше мемлекеттің салық органы өзінде бар тауарлар импортының болмауының дәлелдемелеріне байланысты өтінішті кері қайтарып алғанда қолданады.

      Бұл ретте жанама салықтар, егер салық органы өтінішті кері қайтарып алу туралы ақпарат алған мүше мемлекеттің заңнамасында өзге салықтық (есепті) кезең белгіленбесе, тауарларды тиеп-жөнелту күні келетін салықтық (есепті) кезең үшін бюджетке төленуге жатады (бұрын шегерімге (есепке жатқызуға) қабылданған ҚҚС сомалары қалпына келтіруге жатады).

      Басқа мүше мемлекеттің салық органының өтінішті кері қайтарып алуы туралы (шағымдану нәтижелері бойынша мұндай қайтарып алуды жарамсыз деп тану туралы) ақпаратты алған мүше мемлекеттің салық органы осындай ақпаратты алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде салық төлеушіге кері қайтарып алу фактісі мен негізі туралы (мұндай қайтарып алуды жарамсыз деп тану туралы) және қажет болған кезде салық декларациясына осындай кері қайтарып алудан (мұндай кері қайтарып алуды жарамсыз деп танудан) туындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама (талап) жібереді.

      Аумағына осы Хаттаманың 20-тармағының 5-тармақшасында көзделген шартта (келісімшартта) көрсетілген тауарлар импортталуға тиіс мүше мемлекеттің салық органының өтінішті кері қайтарып алуы кезінде мұндай тауарлар импортының болмау фактісі ҚҚС салықтық мөлшерлемесін қолдану және акциздерді есепке жазу, бұрын нөлдік мөлшерлеме қолданылған ҚҚС және акциздер сомаларын есепке жазу және өтінішті алуға байланысты босату, сондай-ақ салық декларациясын тапсыру, егер салық органы өтінішті кері қайтарып алу туралы ақпарат алған мүше мемлекеттің заңнамасында өзге салықтық (есепті) кезең белгіленбесе, тауарларды тиеп-жөнелту күні тура келетін салықтық (есепті) кезең үшін жүзеге асырылады.

      13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі екінші мүше мемлекетте тіркеу орны немесе тұрақты тұратын орны бар және осы мүше мемлекеттің дара кәсіпкері болып табылмайтын жеке тұлғадан сатып алған тауарлардың импорты кезінде салықтарды төлеу осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 211 -тармақпен толықтырылсын:

      "211. Аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органы импортталатын тауар санын толық көрсетпеу себебі бойынша салық төлеушінің салықтық базаны кеміту (жасыру) фактісін анықтаған кезде бұл салық органы сұрау салу бойынша аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің салық органына, егер мұндай кеміту (жасыру) анықталған кезде соңғысының заңнамасында өтініш беру көзделмесе, жанама салықтарды алу фактісі туралы хабар береді.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органы осы Хаттаманың 20, 21, 23 және 24-тармақтарында көзделген салық төлеуші ұсынған құжаттарда анық емес деректер анықталған кезде аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің салық органына анықталған мән-жайлар туралы хабар береді.

      Жанама салықтарды алуды жүзеге асырған мүше мемлекеттің салық органы:

      тауарларды оның аумағына өткізудің болмау фактісі анықталған кезде өтінішті кері қайтарып алады және салық төлеушісі нөлдік мөлшерлемені және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданған мүше мемлекеттің салық органына кері қайтарып алу фактісі мен негізі туралы хабар береді;

      салық төлеушісі нөлдік мөлшерлемені және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданған мүше мемлекеттің салық органына шағымдану нәтижелері бойынша өтінішті кері қайтарып алу туралы салық органының шешімін жарамсыз деп тану туралы хабар береді.

      Өтінішті кері қайтарып алу салық органы тауарлар импорты кезінде оның жанама салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындау есебіне салықтарды есепке жатқызу туралы шешімнің күшін жоюына байланысты тауарлар импорты кезінде жанама салықтарды төлемеу фактісін анықтаған және тауарлар импортын өтпеді деп санауға негіздер болмаған кезде жүзеге асырылмайды.

      Осы Хаттаманың 20-тармағында көзделген салық декларациясымен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген деректердің анық еместігін көрсететін мәліметтер болған кезде бір мүше мемлекеттің салық органы осындай мәліметтерді растау (растамау) мақсатында басқа мүше мемлекеттің салық органына сұрау салу жіберуге құқылы.";

      29-тармақтың 4-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы мүше мемлекеттің салық төлеушісі болып табылса, ал олардың тұтынушысы қызметін басқа мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын және (немесе) тұрған жері басқа мүше мемлекеттің аумағы болып табылатын оның филиалы немесе өкілдігі (тұрақты өкілдігі) болып табылса, онда осы басқа мүше мемлекеттің аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады;";

      18) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 19-қосымша):

      2-тармақта:

      13-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер тауарды сатушының бағаны белгілеуі тиісті тауар нарығында тауарды сатушылармен немесе сатып алушылармен бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) санының қысқаруына байланысты бәсекелестікті шектеуге алып келмесе немесе шектей алмаса, баға монополиялық тұрғыдан төмен деп танылмайды;";

      14-тармақшадағы "заңнамасына" деген сөз "заңнамасына және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 61-тармақшамен толықтырылсын:

      "61) мүше мемлекеттердің заңнамасына Шарттың XVIII бөлімінің және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан мониторингті және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді;";

      16-тармақ 5-тармақшаның бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Комиссияның бұзушыны белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін мынадай:

      бәсекелестікті шектейтін келісімдерді тоқтату, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіру және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау – жеке тұлғаларға 25 000-нан 35 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге 35 000-нан 45 000 Ресей рубліне дейінгі, заңды тұлғаларға – 500 000-нан 700 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалануын тоқтату және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау – лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 30 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға 500 000-нан 700 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады;

      жосықсыз бәсекелестікті тоқтату және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау – лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 30 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға 300 000-нан 500 000 Ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      58-тармақта:

      бесінші – жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтінішті жолдаудың құқықтық негіздері;

      әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері байқалатын шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;

      осындай белгілер байқалатын трансшекаралық нарық аумағын көрсетуді қоса алғанда, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері байқалатын әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;";

      тоғызыншы абзацтағы "анықталған" деген сөз "байқалған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      60-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Егер Комиссия өтінішті қарау, тергеп-тексеру жүргізу немесе істі қарау барысында өтініште (материалдарда) көрсетілген бұзушылықтың жолын кесу мүше мемлекеттің уәкілетті органының құзыретіне жататынын анықтаған болса, Комиссияның өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауына беруі туралы шешім қабылданады.";

      төртінші – жетінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасын бұзу белгілері байқалатын шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;

      осындай белгілер байқалатын нарық аумағын көрсетуді қоса алғанда, мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасын бұзу белгілері байқалатын әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы көрсетіледі.

      Қарау барысында мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасын бұзу белгілері байқалған және комиссияның пікірі бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органының өтінішті қарауы үшін қажетті құжаттар жолданымға қоса беріледі.";

      82-тармақтың екінші абзацының күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 821 – 824-тармақтармен толықтырылсын:

      "821. Жекелеген аумақта әлеуметтік мәні бар тауардың бір түрі бойынша осы бөлімде көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді қолданудың ең ұзақ мерзімі 12 ай ішінде күнтізбелік 240 күннен аспауға тиіс (көрсетілген мерзім бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу және оның мерзімін ұзарту кезеңдерін қамтиды).

      Көрсетілген мерзімде бағаны мемлекеттік реттеу кезеңі үзіліспен де, үзіліссіз де болуы мүмкін.

      822. Мүше мемлекет осы бөлімде көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге енгізуге құқылы.

      823. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 822-тармағында белгіленген мерзімді күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

      824. Бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін кейіннен ұзарту Комиссияның осы Хаттаманың 871-тармағында көзделген шешімі бойынша ғана күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімге мүмкін болады.";

      83-тармақта:

      "81 және 82-тармақтарында" деген сөздер "81 – 823-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Мүше мемлекет Комиссияға осы Хаттаманың 824-тармағына сәйкес өзі бұрын енгізген бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту туралы жолданымды ұзартудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 35 күннен кешіктірмей жіберуге құқылы.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Осы Хаттаманың 81 – 823-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу немесе ұзарту туралы басқа мүше мемлекеттің шешімімен келіспеу туралы мүше мемлекеттердің бірінің жолданымы Комиссияға келіп түскен жағдайда Комиссия осы Хаттаманың 87-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Көрсетілген жолданым Комиссияға бағаны мемлекеттік реттеудің 90 күндік қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 45 күннен кешіктірілмей жіберілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 871-тармақпен толықтырылсын:

      "871. Бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту туралы жолданымды қарау қорытындылары бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы;

      бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісуден бас тарту туралы.

      Комиссия бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы немесе осы Хаттаманың 83-тармағында көзделген жолданым Комиссияға келіп түскен күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде оны ұзартуды келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия, егер бағаны реттеу бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде:

      нарыққа кіру кедергілерін жасауға;

      мұндай нарықта бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқартуға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, мұндай реттеудің мерзімін ұзартуды келіспейді.";

      88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Комиссия өзі белгілеген тәртіппен мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу және (немесе) ұзарту туралы шешімімен келіспеу туралы жолданымын, сондай-ақ мүше мемлекеттің өзі бұрын енгізген бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту туралы жолданымын қарайды.

      89. Комиссияның осы Хаттаманың 87-тармағы негізінде қабылданған бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігі туралы шешімі және Комиссияның осы Хаттаманың 871-тармағы негізінде қабылданған бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісуден бас тарту туралы шешімі осындай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу немесе бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің органына жіберіледі және бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу немесе бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындалады.";

      19) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 20-қосымша):

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі шараларды жүзеге асырудың реттілігін айқындау жөніндегі мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") бекітеді.";

      көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымшада:

      4-позицияда:

      екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ортақ пайдаланылатын теміржол көлігінің инфрақұрылымын пайдалана отырып көрсетілетін ортақ пайдаланылатын теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері, теміржол тасымалдары";

      үшінші бағандағы "Теміржол тасымалдары" деген сөздер "Жүктерді контейнерлермен тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, теміржол тасымалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Хаттамаға № 2 қосымшаның үшінші бағанында:

      4-позиция "Жылу" деген сөз "Топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларының жылуын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-позициядағы "концессия шарттары" деген сөздер "мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде бәсекелес теміржол жолы болмаған кезде концессия шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-позициядағы "Кіреберіс" деген сөз "Бәсекелес кіреберіс жолы болмаған кезде, кіреберіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 24 қосымша):

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің (көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымша) 20-тармағы "туралы" деген сөзден кейін "(оның ішінде тасымалдаушының осы Тәртіптің 9-тармағында көзделген хабарламада көрсетілген көліктік (автомобильдік) бақылау органының талаптарын орындау нәтижелері туралы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде (көрсетілген Хаттамаға № 2 қосымша):

      12-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы жүктерді теміржол көлігімен:

      мүше мемлекеттер арасында, оның ішінде басқа мүше мемлекеттің аумағы (басқа мүше мемлекеттердің аумақтары) және (немесе) үшінші елдердің аумақтары арқылы;

      мүше мемлекеттің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің аумағы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумақтары арқылы;

      бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы (басқа мүше мемлекеттердің аумақтары) және (немесе) үшінші елдердің аумақтары арқылы үшінші елдерге мүше мемлекеттердің теңіз порттары арқылы және кері бағытта тасымалдау кезінде өз заңнамасына сәйкес белгіленген біріздендірілген тарифті қолданады.";

      21) Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 25 қосымша):

      2-тармақтың бесінші абзацындағы "мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті, реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарына" деген сөздер "мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы реттеу және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыратын органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың алтыншы абзацындағы "уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органының" деген сөздер "реттеу және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыратын органының (органдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтың 5-тармақшасындағы "қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етеді" деген сөздер "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:

      "6) сатып алу саласында, оның ішінде Комиссия бекітетін көрсеткіштер мен форматтар бойынша ақпаратты (есептілікті) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.";

      37-тармақтың 1-тармақшасындағы "жүзеге асыру", 2-тармақшасындағы "қарау жатады", 3-тармақшасындағы "алдын алу және анықтау", "қабылдау", 4-тармақшасындағы "қалыптастыру және жүргізу жатады" деген сөздер тиісінше "жүзеге асыруын", "қарауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді", "алдын алуды және анықтауды", "қабылдауды", "қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылып, бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Сатып алу саласындағы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекет органының (органдарының) сатып алу саласындағы реттеу және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыруын, оның ішінде:";

      41-тармақтағы "мүше мемлекеттердің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарымен бірлесіп, жылына кемінде 3 рет" деген сөздер "мүше мемлекеттердің сатып алу саласындағы реттеу және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыратын органдарымен бірлесіп, осы органдардың ұсынысы бойынша немесе Комиссияның бастамасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Конкурсты, баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды), ұсыныстарды сұратуды, аукционды және бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптардың (көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымша) 2-тармағының 7, 8 және 10-тармақшаларындағы, 5-тармағының бесінші абзацындағы, 6-тармағының төртінші абзацындағы, 8-тармағының 7, 10 және 12-тармақшаларындағы "күннен кешіктірмей", "күннен кешіктірілмей" деген сөздер тиісінше "жұмыс күнінен кешіктірмей", "жұмыс күнінен кешіктірілмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 29 қосымша) 38-тармағындағы "1" деген цифр "31" деген цифрлармен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      20__ жылғы "__" _________ _________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан
Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады